Тақырыбы "Нан қасиетті тағам"
Мақсаты 1.Оқушыларға қасиетті тағамның бірі - нан екенін, нанның дастарханға қалай келетіні туралы түсінік беру
"Ас атасы – нан"екенін түсіндіру,
2.Дүниетанымын, ой-өрісін, еңбекқорлығын, адамгершілігін ояту және дамыту.
3.Нанды қастерлеуге, ысырап етпеуге, адам еңбегін бағалай білуге, еңбек етуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс
Көрнекіліктер нақыл сөздер сөзжұмбақ тірек сөздер кесте
Сынып сағатының барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық тренинг. "Жаңа күн" 1слайд
Оқушыларды топқа бөлу.
2.Сынып сағатының тақырыбы, мақсатын таныстыру.
"Нан – қасиетті тағам" 2-слайд
Тыңда ерлер түлетті
Тың адамды үйретті
Нан үшін олар тер төкті
Кім? Не істейді?
1. Тракторшы
2. Диқаншы
3. Комбаиншы
4. Жүргізуші
5. Диірменші
6. Наубайшы
7. Дүкенші
1-топ "Егінші мен қасқыр 2-топ "Нанның иісі"
Бұл көріністен біз нанды дайындаудың жолы өте ұзақ әрі қиын екенін білдік.
- Нанды дайындаудың жұмыс тәртіптері қандай? 6-слайд
- дән себу
- астық жинау
- диірменге әкелу
- нан пісіру
- егістікті күту
- ұн тарту
- дүкенге әкелу
- жер жырту
- элеваторға әкелу
- нан илеу, ашыту.
Топпен жұмыс 1-топ Өлеңдер оқу
2-топ Тағамға байланысты ырым-тыйымдар. (Оқушылар өз пікірлерін айтады)
"Нанды аяқ астына тастама" 6-слайд
"Сүтті төкпе, баспа"
"Жерде жатқан нанды еңкейіп ал"
"Тамақ ішкен кезде сөйлеме"
"Тамақты төкпей-шашпай іш"
(Оқушылар өз ойларын білдіреді)
- Біздің халқымыз кез келген затқа, кез келген іс-әрекетке дана ойларын, нақыл сөздерін айтып отыратын халық.
--Обал—сөзіне түсінік беру.
Кез келген дүние, жақсылық атауы бізге еңбек арқылы келеді.
- Еңбекке қатысты мақал-мәтелдер айтайық.
1.Ас атасы – нан.
2. Еңбектің наны тәтті. Жалқаудың жаны тәтті.
3.Нан - қасиет, Нан –береке, Нан – мереке.
4.Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей. 7-слайд
Қорытынды. "Нан қасиетті тағам"- деп бекер айтылмаған.Нанның қасиеті бізге тоқшылық, байлық, тыныштықты әкеледі.Нансыз өмір сүруіміз мүмкін емес. Нан – тіршілік тірегі.Нанды қастерлеуіміз керек.Ысырап етпей үнемдей білуіміз керек.Нан бізге адал тынымсыз еңбектің арқасында келетінін естен шығармауымыз тиіс.
-О, адамдар! Кең пейілділер! (8-слайд)
Бір дән жолда жатса
Ұлылықпен еңкейіңдер!
Стратегиялық ойын "Автор орындығы" арқылы оқушылар қорытынды жасайды.
Рефлексия. 9-слайд
Үйге тапсырма . 10-слайд
"Ас - атасы нан"тақырыбы бойынша әңгіме жазу.
Нан-қасиетті тағам
- Таджиева Ф
- 4 қаңтар 2013
- 56408
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тәрбие сағаты, бастауыш, нанды қадірлеу, Нан қасиетті тағам, нанды баспа
Ұқсас жаңалықтар:
Бар байлықтың бастауы - нан
"Бар байлықтың бастауы - нан"тақырыбындағы тәрбие сағатының мақсаты - оқушыларды нанды қадірлей білуге, нан өнімдерін дайындау жолындағы, астық...Егінші мен қасқыр (Литва ертегісі)
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржау қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абдуллаева Марта Жұмажанқызының..."Егінші мен қасқыр" ертегісі
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №5 Ақарал орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекасилова Молдир Амантаевна...Еңбекпен келген нан-қасиетті тағам
Алматы қаласы №118 бала-бақша Арынова Жақсыгүль Рсалықызы...Нан туралы өлең
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Ибраймова Гүлнар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.