Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика күні кең көлемде және салтанатты түрде атап өтілді. Бұл мереке – елдің тәуелсіздігін, ұлттық абырой мен бірлікті айқындайтын ерекше күн.
Баршаңызды еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі – 25 қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – тәуелсіздікке бастаған жолымыздың тарихи бастауы, халқымыздың азаттығы мен мемлекеттілігінің айғағы болып табылады.
Республика күні, 25 қазанда Қазақстанның мұқым халқының достығы, төзімділігі, жеткен жетістігі, ұлттық стратегиялық мүддесі мейлінше насихатталып, патриоттық, бүгінгі Қазақстан патриоттығын айқындайтын факторлар әлемге паш етілуі тиіс деп ойлаймын.