«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» (Абай Құнанбаев шығармашылығын қайталау. Қорытынды сабақ).
- 22 мам
- 29865
- Қазақ тілі және әдебиеті
Үржар ауданы, Үржар ауылы
КММ «Крупская атындағы орта мектеп-балабақша»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Темірханова Райхан Есілжанқызы
Тақырыбы:«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе»
(Абай Құнанбаев шығармашылығын қайталау. Қорытынды сабақ).
Сабақтың мақсаттары:
1.Білімділік: Халқымыздың ұлы ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін бақылап, пысықтау,өлеңдерін жатқа айту.
2.Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне әсер ету, шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Ой - өрісін кеңейтіп, тілін дамыту.
3.Тәрбиелік: Бүгінгі ұрпақтың Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып - білуге, тани түсуіне ынталандыру. Адамгершілік, эстетикалық тәрбие беріп, туған елін, Отанын сүю, құрметтеу сезімдеріне әсер ету.