Батыстың санкцияларына жауап ретінде Ресей АҚШ - қа зымыран қозғалтқыштарын жеткізуді тоқтатып, Халықаралық ғарыш стансасында ғылыми тәжірибелер жүргізуде ынтымақтастықтан бас тартуда. Бұл туралы Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин мәлімдеді.
«Роскосмос»- тың басшысы Д. Рогозин Ресейде 2025 жылға дейін қабылданған федералды ғарыштық бағдарламаны қаржыландыру айтарлықтай қысқарғанын және бұл қысқарту соңғы болып табылмайтынын айтты.