Менің, ұстаздық - асыл мұратым!
- 22 сәуір
- 7307
- Ұстаздарға
№50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясы
6 б сынып жетекшісі Изетова Ханым
Қазір, қоғам болып нақты іске кірісетін уақыт келді. Әсіресе, мектеп ұжымдары мен сынып жетекшілерінің атқаратын ісі мен көтеретін жүгі жеңіл емес. Мектеп жасындағы балалармен тікелей қарым-қатынаста болатын сынып жетекші – оқушылардың әр бір жарық күнінің жарты бөлігіндегі іс-әрекетінің куәгері, бақылаушысы және баланың рухани дүниесінің бағытын бағамдаушы ерекше тұлға. Сынып жетекші жұмысының жауаптылығын күшейтетін тағы бір қыры, ол - сынып оқушылары мен сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің және мектеп пен ата-аналардың арасындағы дәнекер. Мектепте бала тәрбиесіндегі нақты іс-әрекет етуші - сынып жетекші болса, отбасыда бала мінез-құлқының іргетасын қалайтын ата-ана. Ата-ана мен сынып жетекші мүдделес екендіктерін бір сәт те естен шығармауы тиіс. Екі жақ ынтымақтаса отырып әрекет етуі -міндет. Сынып жетекші баламен де, ата-анамен де рухани-ағартушылық және педагогика-психологиялық жұмыстар жүргізуге мәжбүр.