«Ер Тарғын» жыры оқиғасына қатысатын тұлғаларға қарағанда, XVI - XVII ғасырлар арасында шыққан батырлар жырларының тобына жатады. Жырдың мазмұн оқиғасы, бір жағынан, Астрахан хандығының құлауымен, екінші жағынан, қалмақтардың Еділ, Жайық бойына келіп, ноғайлы - қазаққа шабуыл жасауымен байланысады.