Абай күнде терезенің түбіне келіп, Шыңғыс тауын тамашалаудан жалыққан емес. Әр кеш әжесі Зере Айғыздан туған немере қызы, үш жасар Кәмшатты тербетіп отырады.
Құнанбай елі бұрын күздеуден бір қар жаудырмай көшпейтін еді. Бұл жыл ол маңындағы Жігітек, Көтібақ, Топай, Торғай сияқты сыбайлас отырған аталас елдерге көші - қонның жөн - жосығын айтпай, күземді елден ерекше ерте алды.