Шешендік сөздер: Қонақ неше түрлі болады?
Есентемір Бөленді Асау шешен қонаққа шақырып отырып:
- Е, Бөлен! Сізден бір - екі ауыз сөз сұрайын, рұқсат па? – депті.
- Е - е, шырағым, сұра! – депті Бөлен.
- Құдайдың бергені, үйден қонақ кетпейді. Бірі кетсе, бірі келеді. Біреулері бір келмейді, бірнеше келеді. Осыларды келініңіз көріп: “Мынау тағы келе жатыр ма?” – дейді. Бұл неткені? – депті Асау.
- Ол келіннің ырысы кеткені, - дейді Бөлен.
- Ауылдың жас балалары кәрі қонақты жақтырмайды, соны күтуден ерінеді. “Осы шалдарға не жоқ, қыдырды, жеді, бірсыпыра қызықты көрді, енді үйлерінде жатса қайтеді?” - дейді. Бұл неткені?
- Ол балалардан ерік кеткені.
- Бөлен! “Қонақ - қоңсы” дейді қазақ. Қонақ деген кім, қоңсы деген кім?
- Қонақ деген мына мен, жылына бір рет шақырумен келемін. Қоңсы деген мыналар, - деп айналадағы кісілерді көрсетеді. Пәленнің үйіне келіпті, барып амандасайық деп келеді.
- Ал, Бөлен! Қонақ неше түрлі болады?
- Қонақ төрт түрлі болады:
Арнайы қонақ,
Құдайы қонақ,
Қыдырма қонақ,
Қылғыма қонақ.
Енді Бөлен Асаудан:
- Жігіттің неше жұрты бар? – деп сұрайды.
- Жігіттің үш жұрты бар деп ойлаймын, - дейді Асау.
Қайын жұрты – міншіл,
Өз жұрты – күншіл,
Нағашы жұрты – сыншыл.
Сонда Бөлен:
- Жігіттің төрт жұрты болатын еді, біреуін тастап кеттіңіз. Ол – елінің азаматы. Бәрінен де артық сол еді - ау! – депті.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Шешендік сөздер: Қонақ неше түрлі болады?
- ramuk_b
- 20 қараша 2024
- 314
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Асау шешен, Есентемір Бөлен, Арнайы қонақ, Құдайы қонақ, Қыдырма қонақ, Қылғыма қонақ
Ұқсас жаңалықтар:

Шешендік сөздер: Алыста не алыс?
Байдалы қартайып үйден шықпай, күндіз - түні төсекте жататын болды дегенді естіп Мұса мырза іздеп келіпті. Байдалы шешен қараша үйінде бөстекке...
Шешендік сөздер: Шоқай бидің баласына айтқаны
Бидің бір баласы бай болса да, сараң болыпты. Шоқай биге қонақ жиі келеді. Ал малын соя - соя тауысып алады. Ендігі келген кісіге соятын қой таппай,...
Туыстық атаулар сыры
Әлбетте, қазақ халқының тек тану дәстүрі бойынша әр азаматтың үш жұрты болады. Ол ағайын, яғни өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты....
Қонақты қарсы алу дәстүрі. Қазақ халқының қонақ күту ерекшелігі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушыларға жаңа материалды меңгерту. Оқушыларға қазақтың салт - дәстүріндегі қонақ рәсімін тереңірек таныстырып...
Қонақжай
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, № 1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мұздыбаева Раушан Хасенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.