Сайтқа кіру Тіркелу

Киіз үй - асыл мұра

Тақырыбы: Киіз үй - асыл мұра
Мақсаты:
Киіз үй туралы жан - жақты мәлімет беру, жүйелі түрде өз пікірін айта білу.
2. Грамматикалық тапсырмаларды дұрыс сауатты орындау, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын жасау, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Ұлт дәстүрі тарихымен таныстыру арқылы Отанын сүю, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Формасы: әңгімелесу, пікірлесу.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топтық жұмыс
Көрнекіліктер: слайд, сандықша, киіз үй.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: тәрбие сағатының мақсатын хабарлау.
ІІ. Кіріспе

Киіз үйді қазақ халқы «қасиетті, киелі шаңырағымыз» деп дәріптейді. өйткені ол - баспанасы, мәдениеті, мақтанышы, мыңдаған жылғы ой - арман табысы әрі көркем ескерткіші. Мұнда ата - бабамыздың түсінік - түйсігі, ұғымы, таңымы, талғамы, өмір тәжірибесінің тұтас үлгісі, көрінісі жатыр. Бір ғана осы киіз үйден сәулет, құрылыс, сурет, қол өнері, мәдениет сияқты бірнеше ұлы өнердің басын құрайтын ғажайып туынды көре аласыз.

ІІІ. Негізгі кезең
Киіз үй – бүкіл көшпелілер әлемінің, оның тұрмыс - салты мен этикасының, дүниетанымының бір жерге тоғысқан бірегей туындысы.

Тез жығылып, тез тігілетін киіз үй түйе мен атқа арту арқылы жеңіл көшіріледі, оның киіз туырлықтары мен үзіктерінен жауын өтпейді. Ыстық күндері киіз үй салқын болса, қысты күні керегесін екіқабат киізбен қаптап, іргесін көміп, ошақ асып, от жағып, жазға дейін отыра беруге болады.

Киіз үйді қазақстандықтардың жер сілкінісі болған жерлерге көмек ретінде жіберілген. Киіз үй бүгінгі дейін өз маңызын жоғалтпай, Қазақстанның ауыл шаруашылықты аудандарында қолайлы жазғы баспана ретінде әлі де пайдаланып келеді.

Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.[2]

Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп - қонуға ыңғайлы үйі.
Көшпенділердің киіз үйі — тарихшымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.

Тарихы
Киіз үй кейінгі қола дәуір б. з. б. XII — IX пайда болып, тарихшылардың кейбір ой - пікірлерінше андрондық тұрақ үйлеріне ұқсастығы жақынырақ болғанды. Алайда андрондық үйлері бөренелі тектес лашық үй болған. Сондықтан бұл нұсқаны шындыққа жатқызуға болмайды. Киіз үй жуық шамамен алғанында кейінгі дәуір б. з. б. 8 - 5 ғасырларда пайда болуы мүмкін. Киіз үй ғұн дәуірінен белгілі. Кейбір ежелгі көшпенділердің мобильді тұрақ үйінің көрсетілімдерін жартасқа салынған суретте сақталып қалған.

Мысалы, 1861 жылы Алмас деген кісі Париждегі Дүниежүзілік этнографиялық көрмеге киіз үй апарып, еуропалықтарды таңқалдырып, бәйге алған. 1876 жылы Мейрам қажы Жанайдарұлы Петербургке, 1890 жылы Ибраим Әділов Қазандағы көрмеге киіз үй апарып, қазақ мәдениетін Еуропаға паш еткен. Жазушы Ш. Айтматов Батыс Еуропадағы белгілі бір мұражайлардың бірінен қазақтың киіз үйін көргендігін жазды. Сондай - ақ Германияның Гамбург, Майндағы Франкфурт қалаларындағы мұражайларда да қазақ киіз үйлері бар.
Көкшетаудағы Абылайдың ақ ордасы, Шыңғыс төренің 24 қанат ордасы, Жетісудағы Тезек төренің ордасы, Ырғыздағы Самырат байдың үйі, Ақмоладағы паң Нұрмағамбеттің үйі сияқты елге аңыз болған үйлер көп болған.
Слайд
Оқушыларға сұрақ.
Киіз үй түрлерін атаңдар. Балнұр
Орда – салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар басын қосатын елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар.

Алтын орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын хан мәжіліс ордасы.
Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.
Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі.
Ақ үй – 6 қанатты дәулетті бай үйі.
Боз үй, қоңыр үй – 4 - 5 қанатты орташалар үйі.
Қараша үй – кедей үйі.
Отау – жас жұбайлар үйі.
Жолым үй, абылайша, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер.
Күрек, қос – ауылдас ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлер үйлері.[4]

2. Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді: Мақсат
1. Төр. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Бұл – киіз үйдің жоғары әрі сыйлы орны. Жас келіндер бұл жерде отырмайды.
2. Сол жақ (кіргенде оң жақ) – үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық - түлік, ыдыс - аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды.
3. Оң жақта (кіргенде сол жақ) балалар орналасады. Босаға жаққа қарай ер - тұрмандар, киімдер ілінеді.
4. От орны қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.

3. Киіз үйде отыру тәртібі.
Сүйеніп, тіреліп отыруға болмайды.
Таянып отыруға болмайды.
Жағын таянуға, маңдайды тіреуге де тыйым салынады.
Қолын төбесіне қойып немесе желкесіне қойып отыруға болмайды.
Тізені құшақтап немесе қолдарын айқастыра, тізені тартып отыруға болмайды.«Тізеңді құшақтама, керме».
Жұртқа қарап керілуге болмайды.
Киіз үйде жастардың жамбастап жатуына болмайды.
Жатып ішуге болмайды.
Аяғын созып отыруға болмайды — көсіліп жату.
Киіз үйдің ішінде жүрелеп отыруға болмайды.
Киіз үйге бірдеңені шайнап, жеп кіруге болмайды.
Киіз үйге қолына қамшы ұстап кіру жөнсіз саналады.
Қазақта ер адамның дұрыс отыруы «малдас құру» арқылы отырады.
Күйеуі бар әйел, бәйбіше — ошаққа қарап, оң аяғын астына басып, сол аяғының тізесін бүгіп отырады.
Салт атты адам киіз үйге артқы жағынан келуі керек.

4. Киіз үйдің негізгі бөліктерін атаңдар.
Уық – кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі. Уық алақан, иіні, қары және қаламы деген атаулардан тұрады. Ол иінінен ішке иіле жасалады, яғни үйдің күмбезді үлгісі осы уықтан басталады. Уық алақандағы уық бау арқылы кереге басына байланып, қаламы шаңырақтың қаламдығына сұғылады. Қалам мен қаламдық төртбұрышты қырланып, ойылады. Мұндай уық берік болады, әрі ауып, қисайып кетпейді. Қанат санына қарай уықтың саны да, ұзындығы да өсе береді. Әр үйде көлеміне қарай 60 - 160 - тай уық болады.

5. Кереге киіз үйдің негізін құрайды. «Керегең кең болсын» деген тілек осыдан шыққан. Өйткені үйдің берік болуы, кеңдігі осы керегеге байланысты. Кереге құрайтын ағаштарды желі, оның ұзынын ерісі, қысқаларын сағанақ, балашық деп атайды. Желілердің басы мен аяғына әдемілік үшін ойып, сызықтар (ыру) жүргізеді. Желілерді тесіп, түйенің мойын терісі немесе өгіздің бас терісінің сірісі (қайыстары) арқылы көктейді. Керегенің басы мен аяқ жағы сәл шалқайтыла, ал ортасы дөңестеу жасалады. Дайын керегені қанат деп атайды, яғни 18 қанат үйде 18 кереге болады. Кереге көзінің үлкен - кішісіне қарап торкөз, жел көз деп бөледі. Торкөзді кереге әдемі әрі берік болады.

6. Киіз үйде есік екеу болады: ішкі есік – сықылауық - ағаштан жасалады, екіншісі – киіз есік – киізден жасалады, ол сықырлауықтың сыртынан жабылады. Киіз есік ашық күндері маңдайшаға дейін шиыршықталып жиналып қойылады, жай күндері күн түспес үшін, оның бір жағы бақан арқылы ашық тұрады.

Ағаш есік маңдайша, екі босаға, табалдырық және екі жарма есіктен құралып, керегеге бекітіледі. Керегелер бір - біріне таңғыш құр арқылы жалғасады. Кереге бастары арқылы тартылатын бас арқан маңдйшаның екі жағына мықтап байланады. Үйдің барлық ауырлығын ұстайтын, беріктігін сақтайтын бас арқан. Сәндік үшін бас арқан тұсынан және кереге басы туырлықты қажамас үшін басқұр жүргізіледі.

7. Шаңырақ – киіз үйдің қасиетті, киелі мүлкі. Қазақтың көптеген жақсы сөздері осыған байланысты айтылады. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. «Шаңырағың биік болсын» деген тілек бар. Киіз үй шаңырағы тоғын, күлдіреуіш, кепілдік деген бөліктерден тұрады. Тоғынды, яғни шеңберді, қайыңнан оюлап, өрнектеп жасайды, жиілеп қаламдық ояды. Күлдіреуіш шаңырақ күмбезін жасайды. Кепілдік күлдіреуіштің орнынан қозғалып кетпеуі үшін қызмет етеді.

Үйші үй сүйегін толық жасап болғаннан кейін, оны қызыл түсті жосамен немесе қызыл, көк бояулармен бояйды. Егер үй қайыңнан жасалса, оны өсімдік майымен майлайды. Ол ағашқа піл сүйегі түстес өң береді, әрі оған су сіңбейді. Салтанатты ордалардың шаңырағын, уығын, кереге басын, маңдайшасын оюлайды, өрнектейді. Ауқаттылар күміспен, сүйекпен, мүйізбен әшекейлейді.

8. Үй сүйегі әзір болған соң, оның киіздері жасалады. Киіздері кереге бойына туырлық, шаңыраққа дейін үзік, шаңырақты жабатыны түндік және киіз есік деп аталады. Олар қойдың ақ күзем жүнінен басылады. Ертеректе қазақта қой көп, сондықтан киіз үйге қажетті материал жеткілікті болған. Міне, осы жүннен үй киіздері дайындалады. Қазақ даласында жүннің көптігі сондай, 25 мың қойы бар қызылжарлық Қосшұғыл деген бай қойдың жабағысымен құрт қайнатады екен. Оның әзірлеу, дайындау, пішу жолдары ұзақ бір ғылыми этнографиялық шығармаға лайық. Киіздер құр, баулар арқылы тұтылады. Олар туырлық бау, түндік бау, үзік бау, жел бау деп аталады. Туырлық пен үзіктердің өзара айқасатын жерін жабық дейді. Туырлық пен үзік баулары кестелі, оюлы жалпақ құрдан жасалып, үйге көрік беріп тұрады. Киіз сыртынан жел көтермес үшін екі белдеу арқан тартылады. Үйге қолданылатын арқан түрлері де көп.

Этимологиясы мен синонимі
Жалпытүрік тіліндегі «jurt» («юрта» - орыс тілінде ) деген сөзі «жұрт» деген мағынаны басымырақ білдіріп және де – «жайылым, жайлау» деген мағынаны да білдіреді. Қырғыз және қазақ тілдерінде «Ата - Жұрт» сөзі «атамекен» - синонимі «Отан», сөзбе - сөз айтқанында: «Әке үйі» дегенді білдіреді.

Гэр (транслитерациясы: ger) – Моңғолша жай ғана «үй» мағынасын білдіреді.

Тирмә (транслитерациясы: tirmä) – бұл Башқұрт тіліндегі «киіз үй» термині.
Боз үй (транслитерациясы: boz üy) – Қырғыз терминінде киіздің түсіне байланысты, «боз, сұр үй» дегенді білдіреді.
Аk öý және gara öý – Түркімен тілінде сән салтанатына не әсемділігіне сай сөзбе - сөз «ақ үй» және « қара үй» дегенді білдіреді.
Африкандықтар. "Kherga"/"Jirga" - деп атайды,
Kheymah (خیمه) (урду тілінен (және парсы): خیمه) – Пакистан тұрғындары үшін, бұл «шатыр» не «киіз үй» деген мағынаны білдіреді.
Парсы тілінде Чадра (چادر) –
Тәжік тілінде [3]Хona - я siyoh, xayma (киіз үй, хонаи сиёҳ, хайма).

9. Киіз үйдің жиһаздарын атаңдар.
Абажа – тамақ пен ыдыс - аяқ сақталатын кебеженің үлкен түрі. Ағаштан жасалып, киізбен, былғарымен қапталған.
Кебеже – сүр ет, құрт, шай салып сақтау үшін ағаштан жасап, өрнектеген үй жиһазы.
Әбдіре – зат сақтайтын үлкен сандық. Сырты қаңылтырмен әшекейленіп
қапталады.
Ағаш төсек – жату үшін пайдаланатын үй жиһазы.
Асадал - тамақ пен ыдыс - аяқ сақталатын кебеже.
Жастықағаш – ерте кезде жастықтың астына салынатын ағаш тиянақ.
Адалбақан – киім ілуге арналған үй жиһазы.
Жүкаяқ – үйде жүк астына қоятын ағаш зат.
Сандық – киім - кешек т. б. зат салуға арналған үй жиһазы.

10. Төсеніштер туралы айтайын.
Алаша – әр түрлі түске боялған жүннен тоқылған төсеніш. Көп мәнерлі өрнектер түсіріп тоқиды.
Бөстек – малдың не аңның жұмсақ терісіне киізден астар салып жасалынады.
Киіз – қой жүнінен, еденге төсейтін төсеніш.
Сырмақ – киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш. Ақ - қара киіздер бөлек - бөлек даярланып бір - біріне беттестіріп, қиюластырып тігеді.
Түскиіз – сәндік үшін төсектің тұсына тұтатын үй бұйымы. Киіз үстіне барқыт, шұға, жібектерден ою - өрнектер тігіледі.
Қоржын – екі жағын тең етіп тоқыған, не құрап тіккен зат салатын дорба.
Аяққап – ыдыс - аяқ салатын қапшық. Екі бетін киізден тігіп, бетін ою - өрнек салып не кестелеп әшекейлейді.

Синквейн
Зат есім Киіз үй,
2 сын есім Киелі, жылы
3 етістік Тігіледі, жығылады, көшіріледі
сөйлем құрастыру Киіз үй көшпелі халықтың баспанасы.
синоним Баспана.
Қорытынды. Бүгін біз сіздермен киелі киіз үй туралы әңгімеледік. Әртүрлі жұмыс жасадық. Енді шарамызды қорыта келе, ендігі кезекті Ақ батаға берейік.

Ақ бата оқылады.
Ақ батаны берейін,
Жолың болсын жортқанда,
Ойың болсын сабақта.
Жылы жүзбен сіздермен жүздесейік,
Киіз үй шаңырағында кездесейік.
Жиһазымыз ақ ордаға таға берсін,
Үйімізге қонағымыз келе берсін.
Ақ отау ойға тіккен қырға қонсын,
Балдәуренде той - думан бола берсін!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×