Жер жүзін топан басса екен!
Асқар таудан асса екен!
Таудай толқын құтырып,
Улы көбік шашса екен!
Басса екен топан жер жүзін!
Жапса екен көбік күн көзін!
Жанды, жансыз жоқ болып,
Қалсам жалғыз бір өзім!
Жан иесі тұншықса!
Үн иесі үн шықса!
Қараңғы жердің көгіне
Күн болып сонда мен шықсам!
Қандай ойын салар ем!
Жалынмен бәрін жалар ем!
Екі-шексіз дүниеде
Жалғыз өзім қалар ем!
Заулаған от - жалғыз жан,
Жер мінезді жоқ адам.
Заулап тұрған отымнан
Жаратар ем жаңа адам.
Жер жүзін топан басса екен
- ramuk_b
- 15 қыркүйек 2019
- 1257
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жер жүзін топан басса екен, Жер жүзін топан басса екен өлеңі, Мағжан Жұмабаев өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Наурыз көже жайында аңыз
Қазығұртқа Нұх Пайғамбар кемесі күн мен түн теңескен кезде тоқтапты. Бұл наурыз айының 21 - нен 22 - не қараған түні екен. Пайғамбар топан су...Он бес деген жасым-ай
Он бес деген жасым-ай, Жарға ойнаған лақтай. Жиырма деген жасым-ай, Көлге біткен құрақтай....Өтірік өлең
Өтірік өлең айттым да, қызға жақтым, Кұмырсқаның асауын қойдай бақтым. Асауын шегірткенің ұстап мініп, Тау-таудан тарбаңдатып түлкі қақтым....Қараңғы түндердің шапағаты
Түндер келеді құбылмас қараңғылықпен дүниенің барлық жиіркеніштерін таса ғып, күндізгі сағымдай көз жауын алмай көлгір көркімен жасанып;...Қандай екен сүйіктіңнің жанары
Келісті екен, келісті екен ғашығың. Айтып жібер біз де естиік, аты кім? Білем шашын, білем қасын, көзін де, Бірақ, атын әлі білмен өзім де....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.