Әні автордікі
Әкем сенің төсіңде атын тұңғыш ерттеген,
Анам сенің төсіңде тамыр жайып көктеген.
Мен де сенен ең алғаш таптым арман өрісін,
Сенен ұлы ешкім де болмақ емес мен үшін.
Қайырмасы:
Қарлығаш қалмайды ұяда,
Шарықтап кетсек те қияға
Туған жер, өзіңсің ең үлкен анамыз.
Біз сенің алдында
Мәңгіге бала боп қаламыз.
Көктем сайын қырқанды гүл жабады жаңадан,
Мен көз жұмған шақта да сен, туған жер, бол аман.
Саған деген ерекше сағынышы жоқ адам -
Заман үшін, ел үшін қауіпті адам, ол адам.
Төктің маған аямай жүрегіңнің ыстығын,
Жалын болып лаулады өзің жаққан ұшқының.
Сен жасай бер жаңарып, тіренішім - ұстыным,
Саған арқа сүйеген кезде ғана күштімін.
Туған жерге оралу
- ramuk_b
- 18 қазан 2018
- 2692
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Туған жерге оралу өлеңі, Мұхтар Шаханов шығармалары, өлеңдері, әндері
Ұқсас жаңалықтар:
Шопан
Тұрмын деп астанада, нән қалада, Алмаймын таңдана да, паңдана да, Біз жүрміз автобуста сығылысып, Сен болсаң бір өзіңсің маң далада....Жан анама
Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам, Бар шуағын баласына арнаған. Бір өзіңнен қуат алып өмірде Сенің салған сара жолды жалғағам....Әйелге деген махаббат
Түндерде жалын боп өткен біреуді жаным деп өпкен сенің гүл еріндеріңнен әйтеуір жерінбедім мен....Отырар қамалы
Отырарым, бабам сенсің бас иетін, Анам сенсің терең бүккен қасиетін. Сенің даңқың - менің мәңгі мақтанышым, Сенің қайғың - менің керең қасіретім....Сүйген - сұлу
Сенің көзің көк те емес, қара да емес - қой көзді деп атайды мұндайларды. Ол көздердің оты да ғажап емес, бірақ маған сол жанар нұрдай мәңгі....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.