Сенің көзің көк те емес, қара да емес -
қой көзді деп атайды мұндайларды.
Ол көздердің оты да ғажап емес,
бірақ маған сол жанар нұрдай мәңгі.
Сенің көркің ерекше емес, тегі,
(дәрі боп па қыздарға сарылығың!)
Бірақ маған "керім" боп елестедің,
саған ғана табынды бар ұғымым.
Мен үшін сен - бәрісің тіршіліктің,
жаным ұйып тек саған сыр ағыттым.
Осы екен ғой, мен жаңа бір сыр ұқтым,
"Сүйген - сұлу" дейтіні бұ халықтың.
Сүйген - сұлу
- ramuk_b
- 15 қазан 2018
- 1535
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сүйген сұлу өлеңі, Фариза Оңғарсынова өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Анаға сағыныш
Анашым... сезесің бе шаршадым, Қара түнде жамылып ап көрпені, Еске алумен, жылауменен, Сені аңсадым!...Сымбатты сұлуға
Сүйдірген сені маған қыли көзің, Томардай кедір-бұдыр топас сөзің. Құбыжық қорсылдаған мінездерің, Арман жоқ пида болсам саған өзім. Сымбатты сұлу...Әйелге деген махаббат
Түндерде жалын боп өткен біреуді жаным деп өпкен сенің гүл еріндеріңнен әйтеуір жерінбедім мен....Туған жерге оралу
Әкем сенің төсіңде атын тұңғыш ерттеген, Анам сенің төсіңде тамыр жайып көктеген. Мен де сенен ең алғаш таптым арман өрісін, Сенен ұлы ешкім де...Отырар қамалы
Отырарым, бабам сенсің бас иетін, Анам сенсің терең бүккен қасиетін. Сенің даңқың - менің мәңгі мақтанышым, Сенің қайғың - менің керең қасіретім....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.