БҚО, Теректі ауданы,
Приречный ЖОББМ,
ІІ санатты информатика
пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Қазақстан тарихынан ЕНТ сұрақтары мен жауаптары
$$$001
Жоңғар шапқыншылығынан зардап шеккен аймақ:
Е) Жетісу
$$$002
1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы:
А) Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді
$$$003
1726 жылы қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауының басы болған оқиға:
В) «Қалмақ қырылған»
$$$004
Болат хан өлгеннен кейін, аға хандыққа таласқан қазақ хандары:
В) Сәмеке мен Әбілқайыр
$$$005
Жоңғарлардың Ташкент пен Түркістан қалаларын басып алуы:
Е) 1724-1725жылы
$$$001
Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы:
С) 1731жылы
$$$002
Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша:
В) Анна Иоанновна
$$$003
XVIII ғ. 1 жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы:
D) Әбілқайыр хан
$$$004
Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер:
D) Құндағұлұлы, Қоштайұлы
$$$005
1731 жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны:
А) 29 старшын
$$$006
1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс
В) Ор
$$$007
1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы :
В) В.Татищев
$$$008
Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген:
D) Барақ сұлтан
$$$009
Орынбор қаласының салынуы
С) 1743 жылы
$$$010
1714-1720 жылы патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты:
С) Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу
$$$011
1747 жылы Нәдір шах өлгеннен кейін Хиуа тағына отырған хан:
В) Қайып сұлтан
$$$012
XVIII ғ. 50 ж. Солтүстік – Шығыс Қазақстандағы ұзындығы 723 верст болатын шеп
С) Колыван шебі
$$$013
XVIII ғ. II ж. қазақ – орыс саудасының белгілі орталықтары
А) Семей, Өскемен, Бұқтырма
$$$014
1766 жылы Әбілмәмбет ханның II Екатеринаға хат жолдау себебі
С) Түркістан арқылы өтетін керундерді Семей Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алу
$$$015
1756 жылы қыркүйекте патша әкімшілігі Кіші Жүз қазақтарына ресми шек қойды:
В) Жайық жағалауына мал жаюға
$$$016
Жайық бойында қазақтарға мал жаюға патша өкіметі алғаш рет шек қойды
А) 1756 жылы
$$$017
1766 жылы Екатерина патшадан Түркістан арқылы өтетін ірі керуендерді Семей, Жәміш бекіністерінде қабылдауға рұқсат алған хан
С) Әбілмәмбет
$$$001
1741-1743 ж. Абылай сұлтан тұтқында болды:
С) Жоңғарияның
$$$002
1771 ж. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін хан тағына отыруға тиіс мұрагер:
В) Әбілпайыз
$$$003
Көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып,қазақ халқының есінде қазақ жерін біріктіруші ретінде қалған хан
Е) Абылай
$$$004
Абылайдың бас мирасқоры
А) Уәли
$$$001
XVIIІ ғасырда шығармаларын аңызға айналған сардарлар Қабанбай мен Бөгенбай батырларға арналған халық ауыз әдебиеті көрнекті өкілдерінің бірі
D) Ақтамберді
$$$002
«Орынбор тарихы» атты зерттеу еңбегінде қазақ тарихының даму кезеңдерін көрсеткен орыс ғалымы
С) П.Рычков
$$$001
Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі болған жылдар:
В) 1773-1775 жж.
$$$002
Е.Пугачев көтерілісіне қатысқан қазақ жүздері
В) Кіші және Орта жүз
$$$003
Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына түрткі болған
С) Жер мәселесі
$$$004
Е.Пугачевті ашық қолдап, оған қарулы топ жіберген Кіші жүз сұлтаны
С) Досалы
$$$005
Е.Пугачев көтерілісінде басты күш қазақтардан құралып, басып алған бекініс
А) Кулагин
$$$006
1773 жылы 17-18 қарашада Усиха өзені бойында Пугачевке жолыққан Нұралы ханның арнайы өкілі
Е) Зәбір
$$$007
Кіші жүз қазақтарының Е.Пугачев көтерілісіне қатысуын Нұралы хан қалай түсіндірді
А) Қазақтардың өзіне бағынбай кетуінен
$$$008
Кіші жүздегі көтеріліс басшыларының бірі, Пугачев көтерілісіне қатысқан батыр
С) Сырым
$$$009
Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде Кіші жүз қазақтары қатысқан ұрыстар
А) Жайықты қоршауға, Кулагинді алуға
$$$010
Орта жүз қазақтарының Пугачев көтерілісі кезінде 1773 жылы қазан айында шабуыл жасау үшін жиналған бекінісі
С) Пресногорьковск
$$$011
Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысын ашық қолдаған қазақ сұлтаны
С) Досалы
$$$001
С.Датұлы старшын болған ру:
С) Байбақты
$$$002
1802 жыл С.Датұлы қаза болған жер
А) Хиуа хандығы
$$$003
1797 жылы Барон Игельстромның ұсынысы бойынша патша үкіметі бекіткен хан
А) Айшуақ
$$$004
1797 жылы 17 наурызда С.Датұлы тұтқиылдан шабуыл жасады
В) Хан сарайына
$$$005
1791 жылы Кіші жүздің ханы болып сайланды
С) Ералы
$$$006
С.Датұлы бастаған көтерілісі созылды:
В) 14 жылға
$$$007
Сырым Датұлы көтерілісінің нәтижесі
В) Қазақтарға Жайықтың оң жағынан өтуге рұқсат етілді
$$$008
1797 жылы Сырым Датұлын қудалаған Кіші жүз билеушісі:
В) Қаратай
$$$009
Орынбор әкімшілігінің Сырымды өзіне тарту үшін жасаған әрекеті
А) Айшуақ бастаған «Хан кеңесін» құрды
$$$010
Кіші жүзде хандық билікті жойып, отаршылдықты күшейту туралы реформаның жобасын дайындаған
D) барон Игельстром
$$$001
Бөкей Ордасының территориясы
D) Еділ мен Жайықтың аралығы
$$$002
Ішкі Ордадағы хан сарайы орналасты:
А) Жасқұста
$$$003
Ішкі Ордада «Хандық кеңес» құрылған жыл
Е) 1827 жыл
$$$004
1836-1838 жылдары Бөкей Ордасында болған көтерілістің басты қозғаушы күші
А) шаруалар
$$$005
ХІХ ғасырдың І жартысында Кіші жүздің территориясы қамтыған алқап
В) 850 000 шақырым
$$$006
Бөкей Ордасында болған көтерілістің мақсаты айқын көрінеді:
А) Махамбеттің өлеңдерінде
$$$007
1836-1838 жылдары көтеріліс бойынша сот жазалау ісін басқарған
D) полковник Геке
$$$008
Исатай көтерілісін тездетіп басуға әсер еткен жағдай
А) Кенесары қозғалысының Кіші жүзді шарпуы
$$$009
Патша үкіметінің Исатайды ұстап берушіге белгіленген сыйдың мөлшері
В) 1000 сом
$$$010
1837 жылы қазанның 15 де Исатай мен Махамбет бастаған қол Теректіқұмда кімнің ауылын ойрандады
С) Балқы бидің
$$$011
Бөкей Ордасындағы 1842 жылғы көтерілістің басшылары
В) А.Қошайұлы мен Л.Мантайұлы
$$$001
1836 жылы Кенесарының ағасы Саржан өлтіруге бұйрық берген хан:
А) Қоқан ханы
$$$002
К.Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірін қамтыды
D) Үш жүзді
$$$003
Кенесары көтерілісіне қатысқан сұлтан, би, старшындар саны
В) 80 нен астам
$$$004
1845 жылы Кенесары ауылына келген патша елшілері
А) Долгов пен поручик Герн
$$$005
Кенесары және оның Қоқанға қарсы күресін қолдаған Ұлы жүз батырлары
А) Тайшыбек, Саурық, Сұраншы
$$$006
Кенесарының соңғы шайқасы өткен жер
D) 1847 жылы Майтөбеде
$$$007
ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарында Сыр өзені бойында бекініс тұрғызған мемлекет:
А) Хиуа хандығы
$$$008
Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған белгілі батыр, Амангелдінің атасы
D) Иман батыр
$$$009
Көтеріліс барысында Кенесарыға одақ жасауды ұсынған хан
А) Қоқан ханы
$$$010
Кенесары билер сотын жойып, оның орнына енгізді
В) хандық сотты
$$$011
Кенесары хандық билікті қолына алған жыл:
В) 1841 жылы
$$$012
Кенесары Қасымұлы ерекше көңіл бөлген шаруашылық саласы:
С) егіншілік
$$$013
Кенесары Қасымұлы көтерілісінің негізгі мақсаттарының бірі
Е) Патша өкіметінің қазақ жерін отарлауын тежеу
$$$001
Сыр бойы қазақтарының XIX ғасырдың 50 жылғы азаттық күресін басқарған
В) Ж.Нұрмұхамедұлы
$$$002
Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған Сыр қазақтарының Хиуа бекінісін талқандаған жыл
Е) 1843 жыл
$$$003
XIX ғасырдың 50 жылдарында Арал теңізінің солтүстік жағалауында көтерілісті бастаған
D) Есет батыр
$$$004
Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісті басуға қатысқан сұлтан:
Е) Арыстан Жантөреұлы
$$$001
1868-1869 жылдардағы қазақ шаруаларының көтерілісі болған облыстар:
С) Орал, Торғай
$$$002
XIX ғасырдың ІІ жартысында «Уақытша ережеге» сәйкес енгізілген міндетті салық
В) Шаңырақ салығы
$$$003
XIX ғасырдың 60 жылдарында «Уақытша Ереже» бойынша шаңырақ салығының мөлшері көбейді:
А) 1 сомнан 3 сомға дейін
$$$004
1869 жылы көтерілісшілер 20000 қолмен фон Штемпельдің әскеріне шабуыл жасаған жер:
В) Жамансай көлі маңында
$$$005
1869 жылы наурыз, маусым айларында көтерілісшілер феодалдық топтарға қарсы жасаған шабуылдарының саны:
С) 41
$$$006
1870 жылы Маңғыстау көтерілісі кезінде қазақ шаруаларының рухын көтерген оқиға:
А) Подполковник Рукиннің отрядының талқандалуы
$$$007
1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің жеңілуіне байланысты Хиуа хандығына көшіп кеткен адай қазақтары шаңырақтарының саны:
D) 3000
$$$008
1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің ерекшелігі
В) Қазақ жалдамалы жұмысшыларының қатысуы
$$$009
1870 жылы мамырда Маңғыстаудағы көтерілісті басу үшін қосымша жазалаушы келді:
В) Кавказдан
$$$010
1870 жылы Маңғыстауда болған көтерілістің антифеодалдық сипатының әлсіз болу себебі:
Е) Адайлықтардың арасында рулық-патриархалдық құбылыстар сақталып қалды
$$$011
«Бұларды келістіріп жазалау керек» деген соғыс министрі Милютиннің сөзі аталған көтеріліске қатысты айтылды:
В) Маңғыстау көтерілісі
$$$001
XIX ғасырдың І жартысында Қазақстан экономикасындағы ірі өзгеріс
А) Жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің пайда болуы
$$$002
Тау-кен өндірісіне жұмысқа жалданған кедей қазақ-орыс еңбекшілері аталды:
D) Жатақтар
$$$003
Қазақ жеріндегі тұңғыш сауда жәрмеңкесі Бөкей ордасында ашылды
С) 1832 жылы
$$$004
1822 жылы «Сібір қазақтарының Жарғысының» басты мақсаты:
С) Әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту
$$$005
«Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша мұрагерлік жолмен тағайындалды:
D) Болыс сұлтаны
$$$006
1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша 12 класқа жататын шенеуніктерге теңелді
В) Болыс сұлтандар
$$$007
«Сібір қазақтарының Ереже» бойынша ауыл
D) 50-70 шаңырақтан
$$$008
«Сібір қазақтарының Ереже» бойынша болысқа кіретін ауыл саны:
С) 10-12 ауыл
$$$009
«Сібір қазақтарының Ереже» бойынша аға сұлтанды сайлаушылар
Е) Тек сұлтандар
$$$010
1822 жылғы «Жарғы» бойынша қылмыстық істер қаралатын орган:
А) округтік приказ
$$$011
1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша аға сұлтанға 10 жылғы еңбегі үшін берілген атақ:
В) Дворян
$$$012
Бөкей Ордасында хандық билік сақталды:
Е) 1845 жылға дейін
$$$023
«Орынбор қазақтарының Жарғысы» шықты
D) 1824 жылы
$$$001
XIX ғасырдың 60 жылдарында Қазақ жерін басқару жүйесін өзгерту үшін құрылған «Дала комиссиясын» басқарған
А) М.Сперанский
$$$002
1865 жылы 5 маусымда ІІ Александрдың бұйрығымен жүзеге асырылған
D) Қазақ жерін зерттеу сұрақтарын дайындау
$$$003
Әкімшілік басқару жүйесіне өз пікірлерін ұсынған қазақтың ағартушы-ғалымы:
В) Ш.Уалиханов
$$$004
«Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару» туралы Ереже бекітілген жыл:
С) 1867 ж. 11 шілде
$$$005
«Орынбор және батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже бекітілген жыл
D) 1868 жылы 21 қазан
$$$006
1867-1868 жж. реформаларға сәйкес, әскери-губернаторлар басқарды
В) Облысты
$$$007
1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес әр болыстың құрамындағы ауылдардың ішіндегі шаңырақ саны:
С) 100-200
$$$008
1867-1868 жылғы «Ережелер» бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны
А) Билер мен қазылар соты
$$$009
1867-1868 жылғы «Ережелер» бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны – билер мен қазылар сотын бекіткен
В) Әскери губернатор
$$$010
1867-1868 жылғы «Ережелердің» ең басты ауыртпалықтары
D) Қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болып жарияланды
$$$011
1867-1868 жылдары бойынша облыстық басқармалары мынадай бөлімнен тұрды
А) Шаруашылық, сот, жарлықты іске асыру
$$$012
1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша салықтан босатылғандар:
D) Шыңғыс тұқымдары
$$$013
1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша Қазақстанда отырықшы елді мекендерде басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс:
С) Сырдария
$$$014
1867-1868 жылғы «Ережеден» кейін Қазақстанның Закаспий облысына өткен жері
В) Маңғыстау приставтығы
$$$015
1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес Иранмен, Қытаймен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берген әкімшілік
В) Түркістан генерал-губернаторлығы
$$$016
1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес қазылар соты сақталған аймақ
В) Сырдария облысы
$$$017
1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша облыстар бөлінген әкімшілік буыны
А) Уезд
$$$018
XIX ғасырдың 60 жылдары қазақ өлкесін реформалауға байланысты Ш.Уалиханов айтқан пікір
А) Халықтың өзін-өзі басқару негізінде қайта құруды талап етті
$$$019
1872 жылдан бастап Бөкей Ордасының жері қараған әкімшілік аймақ
В) Астрахань губерниясы
$$$020
1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша Ақмола, Семей облыстары кіретін генерал-губернаторлық
С) Батыс-Сібір
$$$021
1867-1868 жылғы Ережеге сәйкес уезд бастығын тағайындайтын басшы
В) генерал-губернатор
$$$022
XIX ғасырдың 60 жылдарында И.И.Бутков ұсынған жоба бойынша қазақ өлкесі мынадай облыстарға бөлінуі тиіс болатын
В) Батыс, Шығыс
$$$001
Г.А.Колпаковскийдің ұсынысымен «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ереже қабылданған жыл:
С) 1868 жылы
$$$002
1883 жылдан бастап Жетісуда жаңадан қоныс аударушы шаруаларға берілген жеңілдік:
А) Салықтардан үш жылға босатылды
$$$003
«Шаруалардың Жетісуға қоныс аударуы туралы уақытша ережені» қабылдауға ұсыныс жасады:
С) Колпаковский
$$$004
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қоныс аударушылардың басты бөлігі қоныстанған өлке
С) Жетісу
$$$005
1884-98 жылдары Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде құрылған орыс-қазақ қоныстарының саны
Е) 37
$$$006
ХІХ ғасырдағы көшпелі қазақтарда отырықшылықтың кең тарауына себепші болған
С) Орыс, украин шаруаларының қоныстануы
$$$001
Хиуа ханы Мұхамед-Рахымның қазақтарға жасаған жойқын шабуылы
D) 1820 жылы
$$$002
Хиуа ханы қаңыратып кеткен қазақ ауылдарының саны
В) 2000 жуық ауыл
$$$003
1817 жылы Сүйік Абылайханұлының патша үкіметіне жасаған мәлімдемесі
D) Қарамағындағы рулардың Ресей құрамына өтуді қалауы
$$$004
1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Ұлы Жүздегі шаруалар көтерілісін басқарған
С) Тентектөре батыр
$$$005
Ресей бодандығын 1817 жылы бірінші болып қабылдаған Ұлы жүздің руы
D) Жалайыр
$$$006
Қапал бекінісі салынды
С) 1847 жылы
$$$007
Ұлы Жүзді басқаратын пристав тағайындалған жыл:
D) 1848 жылы
$$$008
1825 жылы өз жерлерінде сыртқы округ ашуға келісім берген Ұлы Жүздің руы
А) Үйсін
$$$009
Ресейдің экономикалық және саяси мү дделеріне орай көз тіккен аймақтары
С) Жетісу мен Іле өңірі
$$$010
Қаскелең өзені бойындағы Қоқан хандығының бекінісі
С) Таушүбек
$$$011
Ұлы Жүздегі Қоқан хандығының тірегі Таушүбек бекінісін орыс әскерлерінің қантөгіссіз басып алған жылы
С) 1851 жылы 7 шілде
$$$012
1853 жылы Ресейдің қол астына алынған қоқандықтардың бекінісі
D) Ақмешіт
$$$013
1854 жылы көктемде құрылған бекініс
В) Верный
$$$014
Ұлы Жүздің приставтығы Қапалдан Верныйға ауыстырылған жыл
В) 1855 жыл
$$$015
ХІХ ғасрдың 60 жылдары Верныйда тұрған ғалым, саяхатшы
Е) Ш.Уалиханов
$$$016
Кенесарының баласы Сыздық бастаған топ қарсы күресті:
С) Ресей патшасына
$$$017
1860 жылы 19-21 қазанда қоқандықтар мен орыс әскерлері шайқасқан жер
D) Ұзынағаш
$$$018
1860 жылғы Ұзынағаш шайқасының тарихи маңызы
А) Жетісудың Қоқан езгісінен құтылуына ықпал етті
$$$019
Верный бекінісінің негізін қалаған отрядты басқарған
В) М.Перемышельский
$$$020
Ресейден Верныйға қоныс аударушылар арасында аталған облыстан шыққандар басым болды:
D) Воронеж облысы
$$$021
ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары Орта Азия үшін Ресейдің басты бәсекелесі
С) Англия
$$$022
1864 жылы көктемде Ресей үкіметі басып алған бекініс
D) Түркістан
$$$023
Орта Азияның ірі саяси экономикалық орталығы Ташкентті орыс әскерлерінің басып алған жылы
В) 1865 жыл
$$$024
1866 жылдың басында орыс әскерлері басып алған Орта Азия хандығы
С) Бұқар хандығы
$$$025
1868 жылы қаңтар айында келісім бойынша Қоқан хандығына қарасты жерлер аталмыш генерал-губернаторлыққа бағындырылды:
D) Түркістан
$$$001
1812 ж. Отан соғысы кезінде ел достығы рухын көтеруге ат салысып, жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған старшын
D) Б.Тілекұлы
$$$002
Бородино шайқасындағы ерлігі үшін күміс медалмен марапатталған жауынгер
Е) Майлыбайұлы
$$$003
Веймар, Ганау және Майнадағы Франкфурт қалалары түбінде ерлікпен шайқасты:
D) Жанжігітұлы, Байбатырұлы
$$$004
1837 жылы Александр княздің патшалық қабылдауында болған 1812 жылы Отан соғысына қатысқан жауынгер:
D) Н.Жанжігітұлы
$$$005
Тұз өндіруші қазақтардың 1812 жылғы соғыс кезінде орыс әскерлеріне жинаған қаржы мөлшері
Е) 22 000 сом
$$$001
1805-1806 жылдары Ресейдің Ю.Головкин бастаған елшілігіне сауда байланыстарын реттеу міндеті жүктелген мемлекет
Е) Қытай
$$$002
Найман руының сұлтаны Құдаймендінің Петербургке баласы Ғабдолланы жіберудегі мақсаты
С) Жәміш бекінісі арқылы Шыңжаңға керуен тартуға рұқсат сұрау
$$$003
ХІХ ғасырдың басында Қытай көпестерінің сауда жасайтын орталықтарының бірі
D) Бұқтырма
$$$004
ХІХ ғасырдың басында Қытайға өтетін сауда керуендерінің тоналуына шек қою мақсатында үкімет қабылдаған шешім
А) Қарулы казактар бөлінді
$$$005
ХІХ ғасырдың І ширегінде Шыңжаң мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстарда басты роль атқарған Қазақстан қалалары
D) Петропавл, Семей
$$$006
Ресейдің Шыңжаңның базар-жәрмеңкелерінде сатылатын тауарлары
D) өнеркәсіптік дайын бұйым
$$$007
ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстан арқылы Тибетпен байланыс жасауға бастама көтеріп, зор мән берген
В) Генерал-лейтенант Г.Глазенап
$$$008
Бірде-бір адам аяғы баспаған «Үлкен Тибетке» жеткен грузин көпесі
Е) С.Мадатов
$$$009
Кашмирде болып, 250 кашмир шәлісін Қазақстанға жеткізген көпес
А) С.Мадатов
$$$010
Қазақстанның шекаралық бекіністері арқылы өтетін керуендерге баж салығы көбейтілген мерзім
В) ХІХ ғ. 30 жылдары
$$$011
ХІХ ғасырда Қазақстанда жәрмеңкенің басты дамыған өңірі
D) Ақмола облысы
$$$012
1897 жылғы халық санағы бойынша халық ең көп қоныстанған ірі қалалар:
С) Орал, Верный
$$$013
1851 жылға дейін Ресей мен Цин империясы арасындағы сауда байланыстары осы қала арқылы жүзеге асырылды:
С) Кяхта
$$$014
Ресей мен Қытай арасындағы Құлжа келісіміне қол қойылды
D) 1851 жылы
$$$015
1855 жылы Шыңжаң мен Қазақстанның сауда байланыстарының уақытша тоқтатылу себебі
В) Шәуешектегі орыс көпестерінің сауда орындары талан-таражға салынды
$$$016
1881 жылы Ресей мен Қытай арасында болған шарт
D) Петербург келісімі
$$$017
ХІХ ғасырдың 2 жартысындағы орыс-қытай экономикалық қатынасындағы белді оқиға
А) Іле су жолының ашылуы
асуы
$$$018
1883 жылы ашылған Іле су жолының Шыңжаңдағы соңғы нүктесі
С) Сүйдін
$$$019
Ресейдегі Ірбіт жәрмеңкесі, Қазақстандағы Қоянды жәрмеңкесі сияқты ХІХ ғасырдың соңында Жетісуда ерекше көзге түскен жәрмеңке
А) Қарқара
$$$020
1890 жылы Шыңжанмен сауданы дамыту үшін ашылған сауда округі
С) Семей сауда округі
$$$001
1891 жылы «Ережеге» сай құрылған жергілікті мұсылман тұрғындарының ісін қарайтын төменгі сот буыны
В) Халық соттары
$$$002
1891 жыл 25 наурыздағы Ереже бойынша құрылған Дала генерал-губернаторлығына кірген облыстар:
А) Ақмола, Семей, Жетісу
$$$003
ХІХ ғасырдың аяғында өз еркімен өндіріс орындарын тастап кеткен жұмысшыларға қолданылатын жаза
Е) 3 ай абақтыға жабу
$$$001
Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аудару себебі
Е) Цинь өкіметі қысым көрсетті
$$$002
Ұйғыр халқының дүние жүзілік мәдениет қорына жататын туындысы
Е) «Он екі мұқам»
$$$001
А.С.Пушкин Оралда қағазға түсірген поэма
Е) «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»
$$$002
1841 жылы татарша-орысша білім беретін мектеп ашылған хандық
D) Кіші Орда
$$$003
ХІХ ғасырдың І жартысында Каспий теңізінің жағалауын зерттеген ғалым
D) Г.Карелин
$$$004
Шаруалар толқуына қатысқаны үшін Махамбет қамауда отырған жыл
С) 1829 жылы
$$$005
1824-1829 жылдары М.Өтемісұлы тұрған қала
Е) Орынбор
$$$006
ХІХ ғасырдың І жартысындағы Қазақстан жайлы құнды еңбектер жазған орыс ғалымы
С) Левшин
$$$007
ХІХ ғасырдың І жартысында шығармашылығында суырып салма өнерді одан әрі дамытқан ақын
Е) Шернияз
$$$008
ХІХ ғасырдың І жартысында Шернияз ақынның әдебиет саласына қосқан жаңалығы
В) Суырып салма өнерді жетілдірді
$$$009
Махамбет Өтемісұлы өмір сүрген жылдар
С) 1804-1846 жылдары
$$$010
ХІХ ғасырдың І жартысындағы айтыс өнерінің жүйрігі, Қаракәстек жерінде дүниеге келген ақын
В) Сүйінбай Аронұлы
$$$001
Түркістан статистикалық комитеті ашылған жыл
В) 1868 жыл
$$$002
ХІХғасырдың ІІ жартысында Қазақстанда ашылған тұңғыш қоғамдық кітапхана
D) Семейде
$$$003
Семей облыстық статистикалық комитетіне мүше болған ұлы ақын
С) Абай
$$$004
Орынбор губернаторы Крыжановскийдің «Ресейдің шығыс бөлігіндегі мұсылмандықпен күресу» жөніндегі шаралары жарияланған жыл
В) 1867 жыл
$$$005
Тұңғыш қазақ мұғалімдік мектебі ашылған қала
Е) Орск
$$$006
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Сырдария мен Жетісу облыстарындағы оқу орындарының қызметін қадағалау тапсырылған генерал-губернаторлық
С) Түркістан
$$$007
ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстанда теңізде жүзу ісін меңгертетін мектеп ашылған қала
С) Атырау
$$$008
Медресені бітіргендер өз білімдерін жалғастырған діни оқу орындары орналасқан қалалар
В) Бұхара мен Ташкент
$$$009
1870 жылы мұсылман мектептері туралы «Ереже» бойынша медресеге қабылданушының жасы
D) 16 жасқа дейін
$$$010
1870 жылғы мұсылман мектептері туралы «Ереже» бойынша оқу жылы осы айлар аралығында болды:
D) мамыр-тамыз
$$$011
Петропавлдағы мұсылмандар кітапханасы осы жылға дейін жұмыс істеді
D) 1910 жылға
$$$012
1896 жылы Ресейдің әр түрлі оқу орындарында оқыған Торғай облысының қазақ студенттерінің саны
D) 50 ге жуық
$$$013
Петербург университетінің стипендиаты, семейлік алғашқы қазақ заңгері
С) Ж.Ақбаев
$$$014
Шоқанмен саяхаттардың кейбір маршруттарында бірге болған көрнекті ғалым, географ
С) П.Семенов – Тянь-Шанский
$$$015
Ш.Уәлиханов қайтыс болған жер:
В) Алтын Емел жотасы
$$$016
Ш.Уалихановтың Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы соңғы еңбегі жарияланды:
А) 1865 жылы
$$$017
Ш.Уалихановтың туған жері
А) Құсмұрын бекінісі
$$$018
Шоқанды әлемге әйгілі еткен еңбегі
В) Қашғар сапарынан туған еңбегі
$$$019
Ш.Уәлихановтың білім алған орны
С) Сібір кадет корпусы
$$$020
1864 жылы Ш.Уалихановтың генерал Н.Черняевтің әскерімен басып алуға қатысқан бекініс
С) Әулиеата
$$$021
Ш.Уалихановтың шыққан тегі
Е) ақсүйек Шыңғыс тұқымы
$$$022
Шоқан Уәлиханов Сібір кадет корпусында білім алған жылдар
С) 1847-1853 жылдары
$$$023
Ш.Уәлихановтың шын есімі
D) Мұхамед-Қанапия
$$$024
Ш.Уәлихановтың Құлжаға барған жылы
D) 1856 жыл
$$$025
Абайдың оқуын аяқтатпай еліне әкесі Құнанбайдың алып кету себебі
А) Ел билеу ісіне тарту үшін.
$$$026
Семейдегі Абай білім алған оқу орны
В) «Ахмет Риза» медресесі
$$$027
Абай Құнанбаев өмір сүрген жылдар
А) 1845-1904 жж.
$$$028
Абайдың ұлы Әбдірахман бітірген Петербургтегі оқу орны
В) Артиллерия училищесі
$$$029
А.Құнанбаев тоғыз жыл басқарған болыс
D) Шыңғыс болысы
$$$030
Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
D) А.Құнанбайұлы
$$$031
Ы.Алтынсарин өмір сүрген жылдар
В) 1841-1889 жылдары
$$$032
Ы.Алтынсарин қазақ қыздарына арнап интернат ашқан қала
Е) Ырғыз
$$$033
Жас Ы.Алтынсарин қамқорлығында болды
D) Атасы Балғожаның
$$$034
1879 жылы Ыбырай мектеп инспекторлығына тағайындалған облыс
С) Торғай
$$$035
Ы.Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде уағыздаған кәсіп
В) Егіншілік
$$$036
Ы.Алтынсариннің негізгі оқу құралы
D) «Қырғыздарды орыс тілге үйретуге негізгі басшылық»
$$$037
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог:
В) Ы.Алтынсарин
$$$038
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Алтай, Жетісу өлкелерін жан-жақты зерттеген дүние жүзіне әйгілі ғалым
В) Семенов-Тянь-Шаньский
$$$039
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Жетісуды зерттеген халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырған шығыс зерттеушісі, академик
D) В.Радлов
$$$040
«Орынбор ведомствасының қырғыз даласы» еңбегінде Кіші Жүз тарихын жан-жақты сипаттаған көрнекті зерттеуші
Е) К.Мейер
$$$041
1847-1857 жылдары Қазақстанда айдауда болған украин ақыны
С) Шевченко
$$$042
Т.Шевченконың қазақ және украин халықтарының өмірін салыстыра жырлаған өлеңі
А) «Менің ойларым»
$$$043
Қазақстан тарихын зерттеуді ғылыми жолға қойған орыс географиялық қоғамының Орынбор, Омбы, Семейдегі бөлімдері ашылған жыл
С) 1845 жылы
$$$001
XIX ғ. қазақ музыка аспаптары қойылған көрме өткен қала
С) Мәскеу
$$$002
Күй атасы Құрманғазының алғашқы ұстазы
D) Ханбазар
$$$003
1855 жылы Петербургте күміс медальға ие болған күйші
С) Тәттімбет
$$$004
Тәттімбеттің төрелердің халықты жәбірлеуіне арнап шығарған күйі
D) «Бестөре»
$$$005
Ы.Алтынсаринның «Кел, балалар оқылық» өлеңіне ән шығарған сазгер
В) Жаяу Мұса
$$$006
Өз заманының азулы өкілдерін сынауға арналған ыза-кекке толы Біржанның өлеңі
D) «Жанбота»
$$$007
Құрманғазының дүниеге келген жері
С) Бөкей Ордасы
$$$008
Құрманғазының Исатай Тайманұлына арналған күйі
А) «Кішкентай»
$$$009
Құрманғазының туған жерді, кең байтақ даланы сипаттайтын күйі
С) «Сарыарқа»
$$$010
Құрманғазының би күйі
В) «Балбырауын»
$$$011
Домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы
В) Дәулеткерей
$$$012
Күйші Дәулеткерейдің көзқарасының қалыптасуына әсер еткен азаттық күрес
А) 1836-38 жж. Бөкей Ордасындағы көтеріліс
$$$013
ХІХ ғасырда өмір сүрген шертпе күйдің негізін салған күйші
В) Тәттімбет
$$$014
Шорман балаларының жаласымен Тобылға жер аударылған сазгер, әнші
С) Жаяу Мұса
$$$015
«Балқадиша», «Маңмаңкер», «Құлагер» әндерінің авторы
D) Ақан Сері
$$$016
XIX ғ. күйші Ықыластың патша шенеуніктерін сынап шығарған күйі
Е) «Жарым патша»
$$$001
ХІХ ғасырдың 60 жылдары қазақтарды Ресейге танытудағы кең тараған Г.Зелинскийдің шығармасы
В) «Қырғыз» поэмасы
$$$002
ХІХ ғасырдың 60 жылдарында поляк күресі өкілдерінің ішіндегі ерекше көзге түсетіні:
Е) С.Гросс
$$$003
Поляк А.Янушкевич Қазақстанда жүзбе-жүз кездескен:
С) Құнанбаймен
$$$004
XIX ғ. аяғында саяси жер аударылғандардың шоғырланған өңірі
С) Шығыс, Орталық Қазақстан
$$$005
Абайдың 1900 жылы жарық көрген «Орта жүз қазақ ордасының руларының шығу тарихы туралы жазбалар» деген еңбегінің мазмұны
А) Семей облысы қазақтарының рулық құрамы туралы
$$$006
ХІХ ғасырда Тарбағатай таулары мен Қалба жотасын зерттеген ғалым:
Е) Е.Михаэлис
$$$001
1905 жылы 21 қарашада патша билігіне қарсылық білдірген әскери гарнизон орналасқан жер
D) Жаркент
$$$002
Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «түземдік» халық арасынан екінші мемлекеттік Думаға Жетісудан сайланған
В) М.Тынышпайұлы
$$$003
ХХ ғасырдың басында Қазақстанда өнеркәсіптің жақсы дамыған түрі:
Е) кен өндірісі
$$$004
1905-1907 жылдардағы қазақ-орыс еңбекшілерінің интернационалдық бой көрсетуі болған жер
Е) Успен кеніші
$$$005
Ішкі істер министрі Дурново Қазақстандағы қарсылықтарды басуға тапсырма берген жыл
D) 1906 жыл 10 қаңтар
$$$006
Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «түземдік» халық арасында екінші мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан сайланған
Е) Ш.Қосшығұлов
$$$007
Семейден мемлекеттік Думаға сайланып, кейін өзінің сайлаушыларына берген уәдесінен бас тартқан зерттеуші
Е) Н.Коншин
$$$001
1910 жылғы Столыпин реформасының мақсаты
D) революцияны тұншықтыру
$$$002
«Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамы жұмысшыларының ереуілі болған жыл
D) 1911 жыл
$$$003
А.Байтұрсынов Орынборда тұрған жылдар
А) 1910-1917 жылдар
$$$004
М.Дулатұлының 1915 жылы жарық көрген туындысы
D) «Терме»
$$$005
1914 жылы қазақтардан жиналатын шаңырақ салығының мөлшері
Е) 600 мың сом
$$$006
ХХ ғасырдың басында өндіріс орындарында жасөспірімдерге күніне төленетін еңбек ақысы:
С) 20 тиын
$$$007
І дүниежүзілік соғыс жылдарында Семей, Ақмола облыстарынан майданға тартылған жұмысшылардың үлесі:
D) 50 % -ға дейін
$$$008
1915 жылы Автрия-Венгрия тұтқындарының ереуілі өткен жер
А) Риддер кен байыту орны
$$$009
ХХ ғасырдың басында жарыққа шыққан Ш.Құдайбердіұлының кітабы:
С) «Мұсылмандық шарты»
$$$010
ХХ ғасырдың басында ағарту ісін дамытуда, оны уағыздауда үлкен орын алған журнал
D) «Айқап»
$$$011
Халық дастандарының ел арасында кең тараған батырлар жырының түп нұсқаларын насихаттаған халық ақыны
D) Н.Байғанин
$$$012
ХХ ғасырдың басындағы «Майдақоңыр» әнінің авторы
А) Естай
$$$013
ХХ ғасырдың басындағы «Гәкку» әнінің авторы
С) Үкілі Ыбырай
$$$014
Абайдың аса дарынды шәкірті:
Е) Ш.Құдайбердіұлы
$$$015
ХХ ғасырдың басында музыка өнерін дамытуға үлес қосқан қазақтың әнші бұлбұлы
В) М.Шамсутдинова
$$$016
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағының баспадан шығуы
С) 1909 жылы
$$$001
Кеңестік биліктің 1921 жылы наурыз айында енгізген экономикалық саясаты
B) Жаңа экономикалық саясат
$$$002
Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты жойылды
A) Еңбек міндеткерлігі
$$$003
1924 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген салықтың негізгі ауыртпалығы мойынына түсті
C) Кулактар мен байлардың
$$$004
Жаңа экономикалық саясат жылдарында кеңінен дамыған ауыл шаруашылығын қалпына келтіру мақсатында құрылған қоғам
A) «Қосшы одағы»
$$$005
1924-1925 жылдан бастап республикаға әкеліне бастаған ауылшаруашылық техникасы
C) Тракторлар
$$$006
1928 жылғы Қазақ АКСР-дегі мал саны
C) 41 млн
$$$007
Жаңа экономикалық саясат жылдарында республиканың түсті металлургияның басты ауданы болды
B) Кенді Алтай
$$$008
Жаңа экономикалық саясат жылдары пайдалануға беріліп, 1923 жылға қарай одақта өндірілетін қорғасынның 40%-ын берген өнеркәсіп
C) Риддер қорғасын зауыты
$$$009
Жаңа экономикалық саясат жылдарында дамытуға көбірек көңіл бөлінеген өнеркәсіп саласы:
D) Түсті металлургия
$$$010
Жаңа экономикалық саясат кезінде сауда, тауар айырбасы саласында рұқсат етілді
A) Жеке саудаға
$$$011
1927 жылдан бастап мыс өндіре бастаған комбинат
C) Қарсақбай комбинаты
$$$001
ХХ ғасырдың 20-жылдарында халық бұқараның мәдени деңгейін көтеру мақсатында жүргізілген шара
C) Сауатсыздықты жою
$$$002
Халық бұқараның мәдени деңгейін көтеру мақсатында 1924 жылы ұйымдастырылған қоғам
E) «Сауатсыздықты жою» қоғамы
$$$003
Ұлы Отан соғысына дейінгі жылдары ндағы Қазақстанда маңызды мәдени өзгерістердің бірі
A) Халықты жаппай сауаттандыру
$$$004
ХХ ғасырдың 30-жылдары сауатсыздықты жою, білім беру ісіне қамқорлық жасауды мойынына алды
A) Қазақстан комсомолы
$$$005
Қазақстанда көшпелі аудандарда жалпыға бірдей білім беру енгізілді
E) 1931 жылдың көктемінде
$$$006
1931-1932 жылдары балалар үйіне орналастырған бала санының көп болуының басты себебі
B) 1931-1932 жылдардағы аштық
$$$007
Қазақстанда ашылған тұңғыш жоғары оқу орны
D) Қазақ педагогикалық институты
$$$008
1931-1932 жылдары педагогикалық институттар ашылған Қазақстан қалалары
C) Орал, Қызылорда
$$$009
1929-1931 жылдары Алматыда ашылған жоғары оқу орындары
A) Ауылшаруашылық және медициналық
$$$010
Республикада инженер-техник кадрларды даярлауға негіз болған, 30-жылдары ашылған жоғары оқу орны
B) Қазақ кен-металлургия институты
$$$011
Қазақстан ғылымының қалыптасқан кезеңі
D) 1920-1930 жылдар
$$$012
1926 жылы ежелгі Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген ғалым
A) М.Е.Массон
$$$013
1932 жылы құрылған КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасындағы алғашқы ғылыми секторлар
C) Зоологиялық, ботаникалық
$$$014
1935 жылы жарық көрген «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» еңбегінің авторы
B) С.Асфендияров
$$$015
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстан ғылымының штабын басқарған кеңестік ірі түрколог, академик
C) А.Н.Самойлович
$$$016
1913 жылы «Шолпан» атты алғашқы жыр жинағы жарық көрген белгілі ақын
B) М.Жұмабаев
$$$017
1920-1930 жылдары қазақ әдебиетінің туын ұстап, Абай дәстүрін жалғастырған, шығармалары арқылы позияға серпін берген ақын-жазушы
A) С.Сейфуллин
$$$018
М.Жұмабаевтың эпостық құлашпен жазылған, жоңғар шапқыншылығы кезіндегі тарихи оқиғаны суреттейтін дастаны
E) «Батыр Баян»
$$$019
С.Сейфуллиннің қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, Ақпан және Қазан төңкерістері, азамат соғысына қатысуын шынайы тұрғыда бейнелеген тарихи романы
B) «Тар жол, тайғақ кешу»
$$$020
С.Сейфуллиннің 1927 жылы жарық көрген «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи романында қазақтардың қатысуын суреттеген тарихи оқиғалардың бірі
A) Азамат соғысы
$$$021
1920-1930 жылдары қазақ әдебиетшілерінің қатарына қосылған дарынды жастар
A) Ж.Саин, Қ.Аманжолов
$$$022
ХХ ғасырдың бірінші жартысында төңкеріс, кеңестік Отан, бостандық, адамгершілік, махаббат туралы өлеңдер мен дастандар жазған көрнекті қазақ ақыны
A) Иса Байзақов
$$$023
М.Лермонтовтың, А.Пушкиннің шығармаларын және «Интернационалды» қазақ тіліне аударған белгілі ақын
C) Ж.Аймауытов
$$$024
1930 жылдары қазақ әдебиетінің дамуына орасан зор зиянын тигізген қасіретті оқиға
B) Сталиндік жазалау
$$$025
«Қазақ халқының 500 әні мен күйі» атты жинақтың авторы
C) А.Затаевич
$$$026
1927 жылы Париж қаласында өткен концертке қатысып ән салған қазақ халқының әйгілі әншісі
A) Ә.Қашаубаев
$$$027
1926 жылы Қызылорда қаласында ашылған тұңғыш қазақ театрының алғашқы басшысы, дарынды режиссер
E) Ж.Шанин
$$$028
1926 жылы қаңтарда Қызылорда қаласында ашылған мәдени мекеме
B) Ұлттық қазақ театры
$$$029
1926 жылы Қызылордада ашылған қазақ театрында алғаш қойылған пьеса
A) «Еңлік – Кебек»
$$$030
1933 жылы Алматы қаласында ашылған аз ұлттар театры
B) Ұйғыр музыкалық-драма театры
$$$031
1937 жылы корей театры ұйымдастырылған қала
D) Қызылорда
$$$032
1938 жылы «Ленфильм» киностудиясы жасап шығарған қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі
C) «Амангелді»
$$$033
1934 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрған белгілі сазгер
D) А.Жұбанов
$$$034
П.Хлудовтың талантты шәкірттерінің бірі, қазақтың белгілі суретшісі
A) Ә.Қастеев
$$$035
1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігінде КСРО халық әртісі құрметті атағына ие болған әйгілі әнші
B) К.Байсейітова
$$$036
1936 жылғы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігінде көрсетілген опера
D) «Қыз Жібек»
$$$037
1930 жылдары театрлар ашылған Қазақстан қалалары
A) Семей, Қарағанды
$$$038
Қазақстан кино өнері бастау алатын кезең
C) 1930 жылдары
$$$039
А.Пушкин атындағы мемлекеттік көпшілік кітапхана ашылды
D) 1939 жылы
$$$040
Қ.И.Сәтбаевқа 1942 жылы мемлекеттік сыйлық берілді
C) Жезқазған мыс кен орындарына сіңірген еңбегі үшін
$$$041
Қазақ КСР ғылым академиясы ашылды
C) 1946 жылы
$$$042
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанда ашылған жоғары оқу орны
A) Шымкент технология институты
$$$043
Ұлы Отан соғысы жылдары Алматыға Мәскеуден көшіріліп орналастырылған жоғары оқу орны
A) Авиация институты
$$$043
Ұлы Отан соғысы кезінде әдебиетте пубилицистикалық мақалалары елеулі құбылыс болған майдангер-офицер
A) Б.Бұлқышев
$$$044
Ұлы Отан соғысы жылдарында түсірілген кино-картина
E) «Абай әндері»
$$$045
1942-1944 жылдары Қазақстанға майданнан келген делегациялар
C) 22 делегация
$$$046
Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған С.Мұқановтың повесі
C) «Өмір мектебі»
$$$047
Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматы қаласында ашылған жоғары оқу орны
A) Шет тілдер институты
$$$048
КСРО Ғылым академиясының кешенді экспедициясы Қазақстан аумағында статистикалық-экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіді
C) 1926-1927 жылдары
$$$049
Революцияға дейінгі қазақ зиялылар өкілдерінің бірі, шебер аудармашы
A) Ә.Бөкейханов
$$$050
Ұлттық қазақ театрына көптеген шығармашылық жетістіктері үшін 1937 жылы берілген атақ
A) Қазақ академиялық драма театры
$$$051
Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына қатысқан ақын-жазушылар саны
D) 100-ге жуық
$$$052
С.М.Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеті) Қазақ мемлекеттік университеті ашылды
E) 1934 жылы
$$$053
1920-1930 жылдары Қазақстанды ғылыми тұрғыда зерттеу үшін құрылған қоғам
D) Қазақстанды зерттеу қоғамы
$$$054
1920-1930 жылдары зерттелген Қазақстанның мұнайлы ауд
Қазақстан тарихынан ЕНТ сұрақтары мен жауаптары
- Merlan
- 16 ақпан 2012
- 297854
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақстан, тарихы, ЕНТ
Ұқсас жаңалықтар:
1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік - оқушыларға реформаны әзірлеудің түпкі мәні неде және 1867 - 1868 жылдардағы реформаның Қазақстан жеріне тигізген...1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға селосы Жанкелдин орта мектебі, тарих пәні мұғалімі: Жантілеуова Бақыт...Сырым Датұлы бастаған көтерілісі
СҚО, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан, Мұқыр ауылы Жеңіс негізгі мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Құлмағанбетов Елеусіз Елтайұлы...1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Джилкибаева Нуршакуль Абдикеримовна...Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы
Семей қаласы, Пригород жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пән мұғалімі Хасенов Куаныш Мухитович...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.