Сайтқа кіру Тіркелу

Көңілділер тапқыштар клубы

Тақырыбы: Көңілділер тапқыштар клубы
Мақсаты: 1. Математикалық - логикалық есептерді шығара білуге үйрету;
2. Математикаға деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: Үшбұрыштар, төртбұрыштар сызылған плакаттар, сандар, есептер жазылған дидактикалық материалдар, т. б.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Балалар бүгін біз сендермен «Көңілділер тапқыштар клубы» ойын - сайысын екі топқа бөлініп өткізбекпіз. Төрешілер алқасын сайлап, ортаға шақырып, сөз кезегін берейік.
Төрешілер алқасы сайыстың шартымен таныстырды.
а) Сұраққа жауап беру үшін 10 – секунд беріледі.
ә) Дұрыс жауап берген командаға 5 ұпай.
б) Дұрыс, бірақ толық емес жауапқа 3 ұпай.
в) Айта алмаған топқа 0 ұпай.
г) Орнында айқайлаған, тәртіп бұзған топтан 2 ұпай кемітіледі.
д) Төраға шешімі талқыға салынбайды.
Ал енді ортаға жүргізушілерді шақырып, сайысымызды басталық.
1 – жүргізуші:
Уа, жарандар, жарандар,
Мына бізге қараңдар!
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы
Математика жайында ойын - сайысымызды бастаймыз!
2 – жүргізуші:
Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық,
Математика құрметтеуге лайық,
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес есептерсіз түсіну,
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
Жүргізушілер екі топты сапқа тұрғызды. Сайыстың шарты бойынша сөз кезегін топтарға беріп, сәлемдесулерін тыңдалық:
1. Сәлемдесу сайысы.
1 – ші топ «Алғырлар»
Девизі (ұраны):
Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемі: Кластас ерігіп жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Жеңіспен мәреге барайық,
Жеңістің ұранын салайық.

Әні: «Дос болайық бәріміз!»
Әрқашан дос біргеміз
Ажырамас іргеміз
Бері жүріңдер
Достық жырын біліңдер
Ту ғып ұстап бірлікті
Еңбекті сүйіңдер!
Қайырмасы:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
Төрешілер алқасына сәлем:
Қолына қалам алатын
Әділ баға беретін
Еңбекті әділ бағалар
Армысыздар ағалар!
2 - ші топ «Тапқырлар»
Ұраны:
Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемі:
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!
Әні:
Дос болайық бәріміз»
Әрқашан дос біргеміз
Ажырамас іргеміз
Бері жүріңдер
Достық жырын біліңдер
Ту ғып ұстап бірлікті
Еңбекті сүйіңдер!
Қайырмасы:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
Төрешілер алқасына сәлем:
Алдарында бұл тұрғындар,
Білім жолын қуғандар
Қателессек көрмеңіздер
Әділ баға беріңіздер!
2. Бапкерлер сайысы
Бапкерлер текшелерді кезек домалатып, бетінде жазылған сұрақтарға жауап береді.
3. Байқағыштық
Плакаттарды салынған суреттер бойынша санау, орналастыру, есептеу жұмыстарын жүргізу. 6, 5, 4, 3, 2, 1. Цифрларының қосындысы 12 болу керек.

Неше үшбұрыш бар? Неше шаршы бар?
4. Мықтылар сайысы
(Халықтың ауыз есептерінен)
«Жүз торғай»
Мектеп ауласына бір топ торғай отыр еді, басқа жақтан бір торғай ұшып келіп, отырған 100 торғай деп ойлап қалады. Сөйтсе ол жүз емес екен, осы топқа тағы сондай, тағы оның жартысын және сол жартының жартысын, өзін қосқанда ғана жүз болады екен. Мектеп ауласындағы торғай нешеу?
Шешуі: ауладағы торғай – х, қосылғаны – х, жартысы – 0, 5х; жартының жартысы – 0, 25х; өзі – 1.
Барлығы 100 болатын теңдеу құру керек.
х+х+0, 5х+0, 25х+1=100;
х=36
Жауабы: 36 торғай.
«100 қаз»
Бір топ қаз ұшып келіп қонады, сол жерде бір қазбен кезігеді. Көп қаздың бастаушысы ассалаумағалейкум жалғыз қаз дейді. Сонда жалғыз қаз: салаумалейкум, сіздер нешеусіздер? – дейді. Бастаушы қаз: біз бір топ, тағы бір топ, оған жарты топты, жартының жартысын оған өзіңді қоссаң, бәріміз 100 боламыз. Өзің есептеп шығар депті. Қаз нешеу?
«Төрт жиырма»
Баласы әкесіне – әке, маған жұмбақ үйретші дейді. Сонда әкесі: - «Сенің жасыңды үш есе көбейтсе, менің жасым шығады. Ал менің жасымнан сенің жасыңды алып тастаса 20 қалады. Мен нешедемін, өзің нешедесің?
Шешуі: баласы – х жаста дейік; әкесі – 3х жаста;
Теңдеуі: 3х – х =20; х=10
3*10=30
Жауабы: баласы 10 жаста, әкесі 30 жаста.
5. Шапшаңдық
(мықтылар есеп шығарып жатқанда)
2 топтан екі оқушы орындыққа келіп отырады. Алдарында 0 - ден 9 - ға дейінгі цифрлар жазылған карточкалар жатыр. Көбейтіндіні екі цифрды тез карточкамен көрсетулерің керек. Мысалы, 5*9=45. Кім бұрын көрсетеді, сол шапшаң. Ойынды үш рет қайталауға болады.

6. Ойымды жалғастыр

Анықтама, теореманың тұжырымдамасын, формулалардың тұжырымдамасын (үш - үштен қайталап) 1 - ші топ бастаса 2 - шісі аяқтайды (кезектеседі).
7. Тапқырлық
1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады?
Жауабы: 5
2. Ардақ, Кәрім, Айгүл үшеуі дойбы ойнады. Егер әрқайсысы екі партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойналды?
Жауабы: 3
3. Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 80минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады?
Жауабы: 1сағ. 20мин.=80мин.
4. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр?
Жауабы: 4 мысық.
5. Түнгі сағат 12 - де жаңбыр жауап тұрды. 72 сағаттан кейін күн көруге бола ма?
Жауабы: жоқ, 72 сағ=3 сөтке, ол кезде түн болады.
6. Үш әке және алты бала серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды. Бұлардың әрқайсысына 6 - дан алма тиді. Бұл қалай болғаны?
Жауабы: 1 атасы, 2 әкесі, 4 немересі.

Сабақ соңында мұғалім кешті қорытындылайды. Кешке белсенділікпен қатысқан оқушылар марапатталады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×