Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақша мақал мәтел (Ата-ана, әке-шеше, ұл бала мен қыз бала)

Әкесіне қарап ұлын,
Шешесіне қарап қызын таны.

Әкесіне тартып ұл тумас,
Шешесіне қарап қыз тумас.

Ата - анам бар болсын,
Аузы - мұрыны жоқ болсын.

Ата - ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

Ата - анадан жар жақын.
Туысқаннан мал жақын.

Атаның құны, ананың сүті.

Күтсең ата - анаңды,
Кешірер атаң қатаңды.

Ата - ананың қарызы,
Ұрпақтың өмірлік парызы.

Жалғыз баласы атқа шапса,
Атасы ауылда тұрып
Тақымын қысады.

Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қыдырсаң білерсің.

Баланың өзі болғандай,
Келіннің өзі келгендей.

Ата - ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің;
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.

Ақ шашты ана: «Жастығым — балам» дейді.
Ақылды бала: «Ай - күнім — анам» дейді.

Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет.

Малды баққан өсірер,
Баланы тапқан өсірер.

Мейірімі мол ананың
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.

Ақ жаулығы ананың
Ақ көрпесі баланың.

Ағайын - алтау,
Ана - біреу.

Ана алақанының аясы –
Ақ шынардың саясы.

Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
Жиырма бестен жақсы жас бар ма?
Қымыздан тәтті ас бар ма?

Ананың сүті - бал,
Баланың тілі - бал.

Бала тентек болатыны - үйінен,
Ердің тентек болатыны - биінен.

Көне киім жаңаны сақтайды,
Кәрі кемпір баланы сақтайды.

Ананың сүйген жері:
Отқа күймейді,
Оқ та тимейді.

Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда.

Жетімге жеті бидай да тамақ.

Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа!

Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.

Балапанды торғайлар
Өрт болмасын тілейді.
Балаларға аналар
Дерт қонбасын тілейді.

Баласыз ана - гүлсіз алма.

Барлық мақал-мәтелдер

Денсаулық, спорт жайлы мақал мәтелдер

Табиғат туралы мақал мәтелдер

Әдептілік, адамгершілік туралы мақал және мәтелдер

Оқу, білім туралы мақал мәтелдер

Еңбек туралы мақалдар мен мәтелдер

Ана тіл туралы мақал-мәтелдер

Қазақ халқының мақал-мәтелдері

Тіл туралы мақал-мәтелдер

Кәсіп, еңбек туралы мақал, мәтелдер

Отан, туған жер, ел туралы мақал-мәтелдер

Отбасы туралы мақал - мәтелдер
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×