Бір неміс шаһарында Ганс дейтін киім тігетін ісмер адам болыпты. Ол күні бойы терезенің алдындағы үстелде іс тігіп отырады екен. Күрте де, шалбар да, кеудеше де тігетін болса керек.
Баяғыда бір әбден қаусап қартайған өлмелі кемпір болыпты. Ол сексенің үстіне шықса керек. Бір күні кемпір бақшаға барып, бір табақ бұршақ жинап алады да қайнатпақшы болады. «Қайнатып, қорек етейін»,— деп ойлайды.