Сайтқа кіру Тіркелу

Отынның энергиясы

Физика
Сабақтың аты: §11 Отынның энергиясы
Сілтеме: Жоспар
Жалпы мақсаты:  Отынның энергиясы жайлы мағлұмат беру
 Отынның энергиясы формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйрету
 Топта бағалай білуге баулу
Күтілетін нәтиже:  Отынның энергиясы жайлы мағлұмат алады
 Отынның энергиясы формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйренеді
 Топта бағалай алатын болады
Негізгі идеялар: Денені қыздыруға қажетті энергияны отын жаққанда алады. Қарапайым отын – көмір, мұнай, бензин және тағы басқаларының құрамында көміртек бар. Жану кезінде көміртек атомдары ауадағы оттектің атомдарымен қосылып, көмірқышқыл газының молекулаларын құрайды. Нәтижесін мол энергия бөлінеді.

Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы отынның меншікті жану жылуы деп атайды.
q – отынның меншікті жану жылуы. Өлшем бірлігі 1 Дж/кг.
Тапсырмалар: Топтық жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар: Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман»
Тапсырмалар: Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І. Ұйымдастыру (2 минут)
1. 1. Сәлемдесу
1. 2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1. 3. Түгендеу
1. 2. Топқа бөлу (1, 2, 3 сандары арқылы 2 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)
Сен маған мен саған тәсілі бойынша
1. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы нені көрсетеді?
2. Заттың меншікті жылу сыйымдылығының бірлігі қандай? Денені суытқандағы жоғалтқан жылу мөлшерін қай формуламен есептеуге болады?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)
1. Табиғатта отынның қандай түрлері кездеседі?
2. Отынның энергиясы дегенді қалай түсінесің?
3. Отынның меншікті жану жылуы дегеніміз не?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы мұғалім анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Пән мұғалімі: Бохан Силау

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×