Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,
"№1 жалпы білім беретін орта мектеп - интернат"КММ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Абильмажинова Гүлмира Каниевна
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалалары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:«Менің Отаным» модуль бойынша алған білімдерін пысықтап, қорыту
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, еске сақтау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру
Көрнекі құралдары: слайдтар, сөзжұмбақ.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, сөзжұмбақ шешу, сөйлесу, әңгімелеу, тірек сызба жасау, мәнерлеп оқу.
Сабақтың түрі: саяхат
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Кезекшімен сұхбаттасу
— Балалар, сабағымызды сөзжұмбақ шешуден бастаймыз.
— Мына сұрақтар арқылы сөзжұмбақты шешеміз. Бірінші сұрақты кім оқиды?
— Кім жауап береді?
(Тақтада сөзжұмбақ ілулі тұрады. Оқушы тақтаға шығып бос торға керекті әріпті жазады)
— Дұрыс, жарайсыңдар! Рақмет!
— Сонымен, сөзжұмбақтың негізгі сөзі қандай сөз болып шықты?
— Қалалар
— Дұрыс. Балалар, бүгінгі сабағымыз өткен сабақтардан өзгеше өтеді. «Менің Отаным» модулі бойынша алған білімдерімізді пысықтап, қорыту үшін қазір біз Қазақстан қалаларына саяхат жасаймыз.
— Петропавл қаласынан шығып Көкшетау, Астана, Қарағанды, Алматы қалаларына барамыз. Ол қалаларға жету үшін берілген тапсырмаларды орындауымыз керек.
Саяхатқа пойызбен шығамыз. Пойызға отыруға рұқсат алу үшін үй тапсырмасын тексерейік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
III. Өткенді қайталау
Рақмет, жарайсыңдар! Үй тапсырмасын жақсы орындап келіпсіңдер.
Пойызға отыруға рұқсат. Ал енді пойызға отырайық, пойызбен бірге қимылдаймыз. Алға!
( «Пойыз», «Петропавл» вокзалы; «Көкшетау» вокзалы)
Балалар, біз Көкшетауға келдік. Көкшетаудан Астанаға жүру үшін мына тапсырманы орындау керек. «Көкшетау» сөзіне тірек сызба құрастырыңдар.
— Жақсы, жарайсыңдар! Енді тірек сызба арқылы Көкшетау туралы кім әңгімелеп береді? Жақсы, рақмет, саяхатымызды жалғастырайық. пойызға отырамыз. Кеттік.
( «Пойыз», «Астана» вокзалы)
— Міне, біз Қазақстанның елордасы - Астана қаласына келдік.
— Балалар, сендер Астана туралы не білесіңдер? ( «Бәйтерек»)
— Жақсы, өлеңіңді жатқа оқып бере ғой.
— Кім Астанада болды?
— Астанада нелер бар?
— Данил, сен Астананың қай жерінде болдың?
— Саған океанариум ұнады ма? Неліктен?
— Жақсы, жол жүру үшін келесі тапсырманы орындайық. Назарларыңды теледидарға аударыңдар. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, оқып, орысшаға аударыңдар.( «Сөйлемдер»)
1. Қазақстан Республикасында... астана болды.
2. Бірінші астанасы... қаласы.
3.... астанасы — Қызылорда қаласы.
4.... астанасы —... қаласы.
— Дұрыс, Қазақстан тарихында төрт астана болды. Астана күннен күнге көркейіп келе жатыр. Астана — біздің мәртебеміз, мақтанышымыз. Тапсырмалар жақсы орындалды, сондықтан саяхатымыз жалғасады.
— Пойызға отырыңдар, кеттік. ( «Пойыз», «Қарағанды» вокзалы)
— Балалар, Қарағанды қаласына келдік. Көз алдарында не елестеді? ( «Көмір»)
— Қазір екі минут ішінде «Көмір» сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар.
— Қарағанды қаласы Қазақстанда көмір Отаны деп саналады. Тапсырманы дұрыс орындадыңдар, саяхатымызды жалғастырайық.
— Балалар, мынау Оңтүстік Қазақстанның астанасы — Алматы қаласы.
— Сендерге мынадай тапсырма қоямын. Берілген суретке қарап, Алматы туралы әңгімелеп беріңдер.
— Рақмет, әңгімең жақсы екен.. Енді өзіміздің сүйікті қаламыз Петропавлға бет бұрайық,
— Сонымен, саяхатымыз аяқталып келе жатыр. Өз қаламызға оралдық, Өз туған мектебімізге келіп түстік.
— Бүгінгі саяхат сендерге ұнады ма? Неге?
IV. Сабақты қорытындылау
Жақсы, ендеше бүгінгі сабағымызды бес жол өлең стратегиясымен қорытайық.
«Бес жол өлең стратегиясы»
1. Сөзжұмбақтың негізгі сөзі? 1. Қалалар
2. Қазақстанның қалалары қандай? 2. Әдемі, үлкен
3. Ол қалаларға не істедік? 3. Бардық, көрдік, ұнады
4. «Қалалар» сөзіне сөйлем құрастыр. 4. Қазақстанда әдемі қалалар көп.
5. «Қала» сөзіне синоним сөздерді айт 5. Шаһар, кент
V. Бағалау
Сабағымыз аяқталып келе жатыр.
Бүгін сендер көп тапсырмалар орындап, модуль бойынша алған білімдеріңді көрсете білдіңіздер.
VІ. Үй тапсырмасы
«Сүйікті қалам» атты тақырыпқа шағын шығарма жазу
VII. Қоштасу
Қазақстан қалалары
- гүлмира
- 13 қаңтар 2016
- 4798
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақстан қалалары, Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру
Ұқсас жаңалықтар:
Астана 8-сынып (орыс мектебі)
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Астана туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру, Дамытушылық:...Менің Отаным- Тәуелсіз Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан...Астана – бас қала
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол №1 орта мектептің мұғалімі Малғажова Жайнагүл Сабарбекқызы...Астана
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима...Менің Қазақстаным
№35 мектеп-гимназиясы Кемалова Зауреш Тыныштыққызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.