Сайтқа кіру Тіркелу

Қожанасыр туралы әңгімелер

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Акерке Жанабилова

Сабақтың тақырыбы: Қожанасыр туралы әңгімелер
Сабақтың мақсаты:
Мақсаты:
Оқушыларға Қожанасыр әңгімелері жайлы толықтай түсінік беру.
Міндеттері:
1. Әңгіменің мазмұнын түсініп, қатесіз оқуға үйрену
2. Ертегі мен аңыз туралы, айырмашылығын білу.
Күтілетін нәтиже
1. Мәтінді қатесіз, түсініп оқиды. Мәтіндерді оқу арқылы кейіпкер табиғатындағы ерекшеліктерді түсінеді
2. Кейіпкерлер әрекетін талдау арқылы байланыстырып сөйлеу, ойын тиянақты жеткізе алады.
3. Оқиғаға сын көзбен қарауға дағдыланады
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттері. Мультфильмнен үзінділер.

Психологиялық дайындық

Сәлемдесіп аламыз,
Мақсатымыз – білім алу.
Міндетіміз – еңбектену,
Еңбектену арқылы,
“ 5 ” – ке қолды жеткізу.
1. Бір, екі, үш деп санау арқылы үш топқа бөлу
2. Қожанасыр туралы видеоролик көрсету

Кіріспе:
Қожанасыр - тапқыр, ақкөңіл, еңбекқор, әзілкеш кісі болған деседі. Ол байларды, сараңдарды келемеждеп отырған. Әңгімелерде ол өте аңқау жан болып көрінеді. Бірақ, оның аңқаулығының аржағында ащы мысқыл, қулық жатады. Ол сонысымен өмірдегі, адам бойындағы жат қылықтарға қарсы күреседі. Көп әңгімеде Қожаның қасында есегі жүреді. Есек Қожанасырдың көлігі, серігі және әзіл құралы да.

1. Қожанасыр әңгімелерінің өміршеңдігі мен рухани күші шындықты бейнелеуінде. Әңгімелеріндегі шындықтың халықтың қалың
ортасынан, қайнаған өмірінен ойып алуында. Қожанасырдың қайырымсыз байларды, дүмше молдаларды, жемқор билерді, қатыгез ханды, ойсыз әміршілерді батыл әшкерелеп, олардың іс - әрекетін, мінез - құлқын әжуа - күлкіге айналдырып, көпшіліктің айта алмай булығып жүрген ойларын сомдап, ашық та батыл айта білуінде, халықты күлкімен тәрбиелеуінде.

2. Қожанасыр да, Алдаркөсе де - халықтың сүйіктілері. Екеуі де кедей болған. Ұқсастықтары - осы. Алдаркөсе халыққа тізесі батқан хандарды, байларды жазалау үшін алдайды. Ал Қожанасыр адамды алдай алмайды. Ол өз сөзімен, іс - әрекетімен халықты күлкіге бөлейді.

Оқулықпен жұмыс
І топ «Қожанасыр мектепте» Рөлге бөліп оқыту, ойнау
ІІ топ «Төрттен төртті алса, не қалады?» Рөлге бөліп оқыту, ойнау
ІІІ топ Мәтіндерді оқушылардың өздеріне оқыту және мазмұнын әңгімелеу

Сұрақ - жауап
1. Қожанасырдың мұғалімге берген жауаптарына қарап, оны қандай оқушы деп ойлайсың? Неге?
2. Қожанасыр туралы әңгімелерді оқығанда, қандай сезімде болдың? Неге?
3. Қожанасырға не айтар едің? Неге?
Логикалық тапсырма
Қожанасырға хат жазу.
Сабақты қорытындылау:
Қожанасыр туралы слайд көрсету.
Сабақты қорытындылай отырып, Қожанасыр мен Алдаркөсе кейіпкерлерін оқушылар
салыстырып, өз ойларын айтқызу.«Қожанасыр халық арасында аңғал да ақкөңіл, ешкімге зияны жоқ адам»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×