Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп
Сабақтың мақсаты: Тиянақты білім беру дағдысын берік орнықтыру; оқушыларға дыбыс туралы, оның түрлері, жіктелуі, жасалу жолдары арқылы олардың ой - өрісін жетілдіре түсу; тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың нәтижелілігі: Дәлелдемелерді талқылау барысында оқушылардың деңгейі анықталады; бірлескен топтық жұмыстар белсенділігі артады; мәлімет шындық па, жалған ба? Екенін айқындайды: өзін тексереді.
Пайдаланылатын көрнекі құралдар: оқулық, суреттер, флипчарт, тірек сызбалар, интерактивті тақта.
Оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер: елестету, әңгімелесу, топтастыру, сұрақты тап, бұл мәлімет шындық па немесе жалған ба?
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық
- Балдырғанбыз - балдаймыз,
Бақытты өмір таңдаймыз.
Алған оқу - білімді,
Болашаққа жалғаймыз.
Әрқашанда біргеміз,
Бөлінбейді іргеміз.
Бүгінгі күнгі сабаққа,
Біз сәттілік тілейміз.
ІІ. Топқа бөліну.
«Жасырыну» ойыны арқылы топқа бөліну.
ІІІ. Мақсат қою.
- Әрбір адам қандай іске кіріссе де, ісі сәтті аяқталғанын қалайды. Сендер мақсаттарыңа жеткілерің келе ме?
- Оқушылар жауабы.
- Олай болса, бүгінгі сабағымыз сәтті болу үшін мынадай мақсаттар қояйық:
Мақсаттар, тыңдай білу, қорытындылау, салыстыру, талдау, бір жүйеге келтіру
ІҮ. «Жаңа сабақтың құпиясы»
Ү. Елестету - түсіну.
- Дыбыс туралы өз білгендерін айтады (тірек сызбаны көрсетемін)
ҮІ.
- Әр оқушы өздерінің есімдеріне дыбыстық талдау жасайды.
- Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жаз
Ба... шы, тас... ақа, өнер... әсіп, балал... р, қобызш..., Сар... арқа, Бозж... н, к... гершін, т... йе.
- Жуан дауыстылардың астын бір, жіңішке дауыстылардың астын екі рет сыз.
- Бұл сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр.
ҮІІ. Топтық жұмыс.
Жуан айтылатын сөздер
Жіңішке айтылатын сөздер
Аралас сөздер
ҮІІІ. Ақпараттық ізденіс.
Жұмбақты оқып, жатқа жаз, шешуін тап.
Қарнында бір көлдің балығы,
Немесе жандының алыбы.
- Қарамен жазылған сөздердегі түбірдің соңғы дыбысының өзгеру себебін түсіндір.
ІХ. Бұл мәлімет шыңдық па немесе жалған ба?
- Мұғалім «Кітап, дәптер, аға, әке, оқулық» сөздерін айтып, оқушыларға осылардың ішінен буыны мен тасымалдануы сай келмейтіндерін табыңдар деп тапсырма берді. Айжан берілген сөздердің бәрі тасымалданатын сөздер десе, Гүлжан «буыны мен тасымалдануы сай келмейтін сөздерге «әке, аға, оқулық» жатады деп дес бермеді. Сен осы пікірлерге қосыласың ба әлде дұрыс емес пе?
- Сеніңше қалай?
- Тағы буынға бөлуге келетін және тасымалданбайтын 5 сөз жаз.
Х. Жұптық жұмыс.
- Төмендегі сөздерге қосылған буындардың дауысты дыбыстары неліктен жуан, неліктен жіңішке екенін бір - біріңе дәлелде.
Қарындаш + тар
Жылқы + лар
Торғай + лар
әже + лер + ім
сіңлі + лер + ім
жолдас + тар + ым
ХІ. Ребусті шеш. Шешуіндегі сөзге әңгіме құра.
Шешуі: Шекарада
ХІІ. Үй тапсырмасы
ХІІІ. Рефлексия. Сабақты қорыту.
ХІҮ. Бағалау. «Өзін - өзі бағалау»
Дыбыс және әріп
- aigul azieva
- 3 желтоқсан 2014
- 4518
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Дыбыс және әріп, дыбыс туралы, оның түрлері, жіктелуі, жасалу жолдары
Ұқсас жаңалықтар:
Дыбыс және әріп
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп Сабақтың мақсаты: Тиянақты білім беру дағдысын берік орнықтыру; оқушыларға дыбыс туралы, оның түрлері, жіктелуі,...Дыбыс пен әріп. Сөз
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі"КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нурсагиева Акбота...Буын үндестігі
Атырау қаласы, Томарлы селосы, Қ. Смағұлов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Каримова Ақөрік Сафиоллақызы...Я әрпінің жазылуы
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанғалиева Күнсұлу Сәменқызы...Әке мен бала
Павлодар облысы, Екібастұз қаласындағы №26 мектеп-гимназиясының, бастауыш сынып мұғалімі Қабенова Тәттігүл Кәкенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.