Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға сөйлемдегі сөздердің мағыналық тұлғалық жағынан өзара байланысты болатынын түсіндіру.
2. Сөз тіркесіне сұрақ қоя білуге дағдыландыру.
3. Бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыра отырып, сауатты жазуға баулу
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, кестелер.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, топтық жұмыс.
Өткен тақырыпты қайталау.
1. Мәтін дегеніміз не?
2. Мәтіндегі негізгі ой.
3. Мәтін түрлері.
"Ойлан " кестесінің сырын ашу. Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі
Сөз тіркесінің түрлері Сөздердің орын тәртібі арқылы тіркесуі. Мысалы: Ағаш қасық - сын есім, +зат есім
Қой қора - зат есім + зат есім
Қосымшалар арқылы тіркесуі
Мысалы: Жолға шығу, Бормен жазу
Шылаулар (септеулік) арқылы Өзенге дейін бару, көпір арқылы өту.
Дауыс екпіні арқылы
Топтық жұмыс.
117 - жаттығу.
1. Ағаш қасық, көк шөп, мектеп мұражайы 2. тез оқу, мектепке келу, дұрыс жазу 3. Менің орным, біз оқушымыз, отпен ойнама.
118 - жаттығу.(ауызша ) Сурет бойынша сөз тіркесін құрап жазу.
Ойын: Ойлан тап!
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөз тіркесін жаса. (көз, жүрек)
1.... жұтқан,...... інің түгі бар
2...... ге ілмеу,.... і тоймау
Тақтамен жұмыс
119 - жаттығу. Бекіту кезеңі
1. Ағам маңдай термен тапқан ақшасына екі бұзау сатып алды. Нан дастарқанға маңдай термен келді.
2. Біреудің ала жібін аттама. 3. Батырлар қоян жүрек болмаған. Үйге тапсырма: 120 - жаттығу. Бағалау.
Сөз тіркесі
- райко
- 10 сәуір 2013
- 11974
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақ тілі, сөз тіркесі, ағаш қасық
Ұқсас жаңалықтар:

Негізгі және туынды зат есім 31 - 37 жаттығулар
Мақсаты: 1. Негізгі және туынды зат есім есімдерді пысықтау. Сөз ішінен негізгі және туынды зат есімдерді тауып, талдай білуге үйрету....
Сөз таптары 2 сынып
Сабақтың мақсаты: Сөз табы ұғымымен таныстыру және сөз таптары туралы түсінік беру....
Қабысу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жалаңтөс ауылы, №103 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Оралова Зульфира...
Матасу
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Благодарное орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жарқынбаева Меруерт Бейсенбекқызы...
Матасу
Г.Орджоникидзе атындағы №1 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Кемпрекова Жанар Сабақтың тақырыбы:Матасу ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.