Сабақтың тақырыбы: Матасу
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: сөз тіркесінің матаса байланысу жолын түсіндіру алған теориялық білімдерін практика тұрғысында кеңейту, сауаттылыққа баулу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3. Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, СТО элементтері
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, интерактивті тақта т. б
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1. 228 - жаттығу мәтінді түсініп оқып, оның ішінен қиыса байланысқан сөздерді теріп жазу.
2. Өткен сабақты бекіту. «Қызыл телпек» ертегісінің кейіпкерлері қонаққа келді, сұрақтары бар екен, жауап беріп көрейік.
-«Синтаксис» сөзі қай тілден алынған, мағынасы не? Синтаксис нені зерттейді?
- Сөз тіркесі дегеніміз не?
- Сөздердің байланысу тәсілдерін ата.
- Есімді, етістікті тіркес дегеніміз не?
- Қиысу дегеніміз не?
ІІІ Жаңа сабақ Қызығушылығын ояту
Қарапайым амалдарды орындайық. 52: 5=5 «5»санына байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер?(бес арыс, Қазақстан5 мемлекетпен шектеседі, «5» үздік баға т. б.) Олай болса., бүгінгі сабақ бойынша айтсақ, сөздердің байланысу түрлері де бесеу екен.
Топтастыру «Сөздердің байланысу түрлері»
1. Қиысу 2. Матасу 3. Меңгеру 4. Қабысу 5. Жанасу
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Жаңа сабағымыздың тақырыбы - матасу
Бүгінгі сабақта сендер сөз байланысуының бір түрі матасумен танысып, оны сөйлем ішінен ажырата алуға үйренесіңдер.
Мысалы: Баланың жақсысы - қызық, жаманы – күйік. Бірінші зат есім немесе заттанған сөз ілік септік жалғауында, екінші сөз тәуелдік жалғауында келу арқылы байланысқан сөз тіркесін матаса байланысқан сөз тіркесі немесе матасу деп атаймыз.
Кіршіксіз таза сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ананың тілі - ардақты
Аманат, саған, аманат.
(Қазақтың тілі, ананың тілі )
Матаса байланысқан сөздердің бірінші кейде екінші компоненттері түсіп қалып айтыла береді.
Ілік септік жалғауынсыз
Ақын(ның) өлеңдері
Ауыл(дың) тұрғандары
Көше (нің) шамдары
Тәуелдік жалғаусыз
Біздің сынып(ымыз)
Өзіміздің балалар(ымыз)
Сіздің үй(іңіз)
Матасу - есімді сөз тіркес өйткені оның басыңқы сыңары зат есім немесе тәуелдік жалғау жалғанып заттанған сөз болады.
оқушының кітабы, баланың жақсысы, атаның айтқаны Жақсы – сын есім, айтқан – есімше екеуі де тәуелдік жалғауы жалғанып заттанып тұр.
ІV Сабақты меңгерту
Оқулықпен жұмыс
231 - жаттығу Мәтіннен матаса байланысқан сөздерді тауып дәптерге жазып алыңдар.
Өзіндік жұмыс
Сурет бойынша матаса байланысқан сөз тіркесін құрау
V Сабақты қорыту Венн диаграммасы
Қиысу Матасу
1. Семантикалық карта
Сөздер Мен Сенің Біздің Сіздер Айманның
көрдіңіздер
үйіміз
келдім
кітабың
дәптері
2. Графикалық диктант
- ы
- тың
- іміз
- дің
- ның
І. с Т. ж Т. ж І. с І. с
Білім пирамидасы.
Бекіту (Дәстүрлі сұрағымыз)
- Екі көз не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін керек.
- Құлақ деген не үшін керек?
- Ақыл - кеңес тыңдау үшін
- Тіл мен жағың не үшін керек?
- Ақиқатты айту үшін.
- Ал аяғың ше?
- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.
- Ал, матасуды оқу не үшін қажет?
- Иә, туған жерге жету үшін екі аяғың қандай қажет болса, қазақ тілінің дәрежесі жоғары болуына есімдік сынды сөз табының қосар үлесі зор. Жүйелі ойлау мен ой - өріс кеңістігінің кеңеюіне есімдік те үлкен ықпал етеді.
VІ Үйге тапсырма: 233 - жаттығу мәтіннен матаса байланысқан сөз тіркесін жазып, сөз құрамына талдап келу
VІІ Бағалау
Матасу
- Мирка-73
- 21 ақпан 2013
- 13610
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Матасу, қазақ тілі
Ұқсас жаңалықтар:
Тіл жанашырлары
І топ 1. Дауысты дыбыстар саны қанша? 2. Буынның неше түрі бар? 3. Орфография нені зерттейді? 4. Дисфемизм дегеніміз не?...Қабысу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жалаңтөс ауылы, №103 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Оралова Зульфира...Сөз тіркесі
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанғалиева Күнсұлу Сәменқызы...Сөздердің байланысу тәсілдері
Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу тәсілдері Сыныбы: 7 Сабақтың мақсаты : Білімділік: оқушыларды сөздердің байланыстыру тәсілдерімен таныстыру....Матасу
Г.Орджоникидзе атындағы №1 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Кемпрекова Жанар Сабақтың тақырыбы:Матасу ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.