Сайтқа кіру Тіркелу

Жай сөйлемдер

Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемдер
Лексикалық тақырыбы: Жыл мезгілдері
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік : Оқушыларға жан-жақты білім беру. Жай сөйлемнің жасалу жолдарын үйрету, сөйлем құру дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық : «Жыл мезгілдері» тақырыбында сөйлесу дағдыларын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Жыл мезгілдерінің өзіндік қадір-қасиетін, пайдасын, ерекшелігін айтып түсіндіру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, кестемен жұмыс

Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Үй тапсырмасын сұрау.
3) Жаңа сабақ
Лексикалық тақырыпты әңгімелеу
Грамматикалық тақырып.
Жай сөйлемдердің түрлерін ажырату.
Күн жылынды.
Қайдан келесіңдер?
Қандай тамаша!
Жай сөйлемдер айтылу мақсатына, дауыс ырғағына қарай:Хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем , лепті сөйлем болып бөлінеді.
Хабарлы сөйлем соңына нүкте қойылады. ( . )
Сұраулы сөйлем соңына сұрау ( ? ) қойылады.
Лепті сөйлем соңына леп белгісі ( ! ) қойылады.

Сөздікпен жұмыс . Сөз мағыналарына түсінік беру.
Сөз тіркесін , сөйлем құрау.
Күн - солнце
Жаңбыр - дождь
Қар жауады - снег пойдет
Жел - ветер
Бұлт - облако, туча
Күн бұлтты - пасмурно
1-тапсырма
Топтық жұмыс
І топ-----------------------------ІІ топ--------------------- ІІІ топ
Балалар ойнады.----Жаңбыр жауады ма?---Күн қандай тамаша!
Күн шықты.------------Күн жылынды ма?------Желден сақтан!
2-тапсырма
Кестемен жұмыс
Суреттерге қарап , өздері ұнататын жыл мезгілдеріне арнап әңгіме құрау.
Қыс келді. Күн суыта бастады. Қыста қар жауып, айнала аппақ болады. Балалар аққала жасайды. Мұз айдынын жасап сырғанап ойнайды.
Өздері құраған әңгімелерінен сұраулы және лепті сөйлем жасау.
Мысалы:
Қыс келді.
Қыс келді ме?
Алақай, қыс келді!

Сергіту сәті

3-тапсырма
Жыл мезгілдеріне қатысты берілген сөздерді әр мезгілге бөліп жазу.
Жайлау, жаңбыр, жаз, маусым, қыс, сырғанақ, шана, гүл, мұз, жапырақ, бәйшешек , наурыз, бұлт, аққала, шөп өзен , егін, кемпірқосақ.

4- тапсырма
Сәйкестікті тап ( 10 сұрақ)
Қыс
Біз бәйшешек тердік.
Жаз
Күн мен түн теңелді.
Күз
Олар мұз айдынына барды.
Көктем
Балалар өзенге шомылды
Наурыз
Марат лагерге демалуға барды.
маусым
Сабақ басталды.
Қыркүйек
Жапырақтар сарғаяды.

Сабақты қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма
Жыл мезгілдеріне байланысты өлең жаттау.
Жай сөйлемнің түрлеріне мысалдар жазу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×