Сайтқа кіру Тіркелу

Бөлек жазылатын сөздер

Бөлек жазылатын сөздер
Күрделі атаулардың (мемлекет, республика, облыс, мекеме, ұйым аттарының) әрбір сөзі бөлек жазылады.
Мысалы: Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Анықтауыш пен анықталушы сөздер тіркестеріндегі әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: бас киім, аяқ киім, іш киім, су диірмен, темір жол, тас жол, ағаш көпір, ат қора, қой қора, қолқа тамыр, қыз бала, ұл бала, ала бұлт, асыл тас, ақ бас.

Күрделі сан есімдердің күрделі сын есімдердің әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: он бір, он сегіз, жиырма бір, жиырма сегіз, он жеті, екі жүз жетпіс төрт, бір мың тоғыз жүз елу үш, отыз екі жарым; қара ала, көк ала, ақ құба, ақ сары, қызыл күрек, қара кер, сары шұбар, қара торы, ақ сұр, құла қасқа, құла жирен, торы төбел, ақ шабдар.

Күрделі етістіктердің әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: жаза бер, жазып отыра бер, жүгіре жөнелді, жүгіріп ала жөнелді, бара алмады, бара алмай қалды, бара алмай қалып еді.

Есім, еліктеуіш сөздер мен етістіктерден құралған күрделі сөздердің әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: қызмет ет, жұмыс қыл, жәрдем ету, жәрдем етіп жібер, жәрдем беру, шап ету, лап қою, тап беру, қол шапалақтау, ду ете түсті, орақ ору, баж ету,

Идиомалық, фразалық тіркестердегі әрбір сөз бөлек жазылады. Мысалы: таяқ жеу, жан қию, ат салысу, бой ұру, ат үсті қарау, қырғи қабақ болу, қой аузынан шөп алмайтын, тіс қаққан, қас пен көздің арасында, ұр да жық.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бөлек жазылатын сөздер

Бөлек жазылатын сөздер

Күрделі атаулардың (мемлекет, республика, облыс, мекеме, ұйым аттарының) әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: Қазақстан Республикасы, Қазақстан...
Қара сөздер. Абайдың бірінші қара сөзі

Қара сөздер. Абайдың бірінші қара сөзі

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті...
Бірге жазылатын сөздер

Бірге жазылатын сөздер

Тұлғасы өзгеріп барып біріккен сөздер қосылып жазылады. Мысалы: бүгін, биыл, қыстыгүні, күздігүні, жаздыгүні, алаңғасар, ашудас, белбеу, апар, әпер,...
Зат есім

Зат есім

Зат есім дегеніміз – заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? не? нелер? кімдер? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: бұлбұл,...
Дара және күрделі сан есім

Дара және күрделі сан есім

Астана қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Узденбекова Жанаргүл Кенжетайқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×