Сайтқа кіру Тіркелу

Жады, операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары

Сабақтың тақырыбы: Жады, операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары.
Сабақтың мақсаты: Терезенің элементтеріне түсінік беру.
Білімділік: Оқушыларды терезелермен, терезе элементтерімен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, электронды оқулық
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Тапсырмаларды орындау
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма беру
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
♦♦♦ Компьютермен жұмысты аяқтау әрекеттерін ата?
♦♦♦ Жұмыс орнының негізгі объектілерін ата, объект деген не, WINDOWS-тың объектілерін ата?
♦♦♦ Файл, қатқыл диск объектісінің қасиеттеріне сипаттама бер?
♦♦♦ Қапшықтың қызметі қандай?
♦♦♦ Іске қосудың қызметі қандай? Бас меню, бағыныңқы меню дегенді көрсет?
♦♦♦ Командалар деген не? Ұзын, қысқа команда деген не?
♦♦♦ Мауспен жұмыс істеу қалай орындалады? Маус деген не? Шерту, оң жақ батырмасын шерту, екі рет шерту, мауспен алып беру, оң жақ батырмамен алып беру деген не?
♦♦♦ Динамикалық, контекстік меню деген не?
Жаңа түсініктер:
Терезе (Окно) — жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ. Әрбір терезенің оны басқаруға арналған элементтері мен жұмыс аймағы болады. Жұмыс аймағында объектілер, ақпарат және басқару элементтері орналасады. WINDOWS жүйесінде жұмыс істеу барысында бірнеше терезені бір мезгілде ашуға және терезелер арасында Есеп тақтасындағы батырмалардың көмегімен ауыса отырып олардың әрқайсысында кезекпен жұмыс істеуге болады (1 сурет).
Барлық терезелердің түрін төмендегі төрт топқа бөлуге болады:
1. Қапшық (папка) терезелері;
2. Қолданбалар терезелері;
3. Диалог (сұхбат) терезелері;
4. Анықтама терезелері.

Қапшық (папка) терезелерінде, оны басқару элементтерінен басқа WINDOWS - тың басқа объектілерінің де белгішелері бар. Белгілі бір объектінің белгішесін мауспен екі рет шерту, оны ашады.
Белгілі бір қолданбаны іске қосатын болсақ, онда экранда сол қолданбаның терезесі пайда болады. Қолданба терезелері қолданбаға жүктелген құжаттың мазмұнын көрсету міндетін атқарады, сондай - ақ онда терезені басқару элементтері де бар. Белгілі бір қолданбаны іске қосқанда, экранда осы қолданбаның терезесі пайда болады.
Қолданба (приложение) — бұл да бағдарлама, ол WINDOWS жүйесінің басқаруымен жұмыс істегендіктен, қолданба деп аталады.
Диалог терезелері (Диалоговые окна) — қосымша ақпараттарды енгізуге арналған арнайы терезе. Олар WINDOWS - ты және оның қолданбаларын басқару мен баптау үшін қажет, оларда басқару элементтері бар. Өздеріне таныс сағат (Часы) терезесі мұның мысалы бола алады.
Анықтама терезелері (Окна справок) WINDOWS және оның қолданбаларының жұмысы бойынша анықтама ақпараттарын шығару қызметін атқарады.
Менің компьютерім терезесінің негізгі элементтерімен танысайық.
Шекара Терезе төрт жағынан қоршалған жақтаулардан тұрады. Оны терезенің шекаралары деп атайды. Терезенің жақтаулары арқылы оның өлшемін өзгертуге болады. Маус нұсқағышын терезе жақтауына апарып қос бағдаршаға айналған кезде қалауымызша өзгертеміз.
Тақырып жолы. Терезенің жоғары терезесінің астында орналасқан. Терезенің аты орналасқан немесе басқару қатары деп те атайды. Себебі бұл қатар арқылы терезені басқарамыз. Жималаймыз, Жабамыз, Қалпына келтіреміз. Осы қатарда жүйелік меню белгішесі орналасқан. Оған маус нұсқағышын бассақ, терезені басқару тізімі шығады. Ол арқылы терезенің өлшемін өзгертуге болады.
Терезенің жабу түрлері х белгісі арқылы немесе АLТ+Ғ4
Меню жолы. Меню жолына АLТ+Ғ1О арқылы кіреді. Маус нұсқағышын да
пайдаланады.
Құрал - саймандар қатары. Құрал саймандар қатарын Вид менюіндегі Панели инструментов командасы арқылы шығарады.
Жұмыс аймағы, Терезенің ішкі аймағы, онда негізгі объектілер орналасқан. Ол объектілердің түрлерін келесі түрде көрсетуге болады. Терезе: крупные значки, мелкие значки, список, таблица түрінде беріледі. Шиыру жолақтары. Тік және көлденең шиыру жолақтарын терезенің ені мен биіктігіне оның мазмұны толық көрінбесе осы жолақтарды пайдаланамыз. Ол сырғытпалардан тұрады.
Файлдар мен қапшықтар
Файл дегеніміз не? Файл - аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама не құжат болуы мүмкін. Windows - та бағдарламалардың басқа атауы – қолданба да қолданылады.
Әр файлдың аты болады. Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1 - 255 символға дейін болады.
Файл типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:
*. bmp Paint
*. doc Word WordPad
*. txt Блокнот қолданбасының құжаты
*. wav Фононграф қолданбасының дыбыстық файлы.
*. avi Бейне - клип
*. xls Excel кестелік процессорының құжаты
*. ppt PowerPoint қолданбасының тұсаукесері
Қапшықтар - бұл қандай да бір белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы тақырыптық белгісі бойынша: бір ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар. Басқа сөзбен айтқанда, қапшық - бұл аты аталған файлдар тобы. Windows 98 - дің қапшықтары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде қапшықты кәдімгі ішіне қағаз беттерін - файлдарды салатын қапшықпен салыстыруға болады. Windows 98 - дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар қапшықтарда сақталады. Қапшықтың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады.
Қапшықтың пиктограммасы болуы мүмкін. Қапшықтарда таңбашалар, файлдар және басқа қапшықтар да болуы мүмкін. Қапшық бос болуы да мүмкін. Қапшықта аты бірдей объектілер болмауы керек. Қапшықтың ішіндегісін қарап шығу үшін, маустың батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.
Қапшықтар екі түрлі болады:
- кәдімгі қапшық - каталогтар;
- арнайы қапшықтар (Менін компьютерім, принтерлер және т. б.)
Қапшықтарды құру оның құрылымы:
Қапшық элементтері: тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал саймандар тақтасы, қалып күй жолы. Қажет элементтер жиынын Бұл мына жолмен таңдауға болады: Түр - Құрал - Саймандар және Түр Қалып күй жолы.
Терезеде жаңа қапшық құру:
Қапшықты Файл – Создать - Папка командасын құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің қапшықтары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа қапшық белгішесі болады. Қапшықтың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде «Жаңа Файл» аты меншіктеледі.
Жұмыс үстелінде жаңа қапшық құру:
Жұмыс үстелінің жаңа қапшықты орналастырмақшы болған жерінде маустың оң жақ батырмасын басу - контексті меню пайда болады.
Создать - Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде қапшық белгішесі пайда болады.
Қапшықтың атын енгізіп, енгізу пернесін басу.
Таңбаша - бұл бағдарламаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиеті бар пиктограмма, Объектінің тамғасы, компьютер үшін объектіге жол нұсқайтын командалық файл, ал пайдаланушы үшін жұмыс үстеліндегі
Немесе терезедегі жай белгіше, ол Windows98 - дегі қандай да бір объектіге: файлға, қапшыққа, дискіге, компьютерге, принтерге т. б сәйкес келеді.
Таңбаша жеке бір обьект емес, ол файлға сілтеме ғана. Сондықтан оны жойғанда файлдар жойылмайды. Таңбашада мауспен екі рет шерту, файлға немесе қапшықтың белгішесіне екі рет шерту әсерімен бірдей.
Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаларды жылжыту мен көшіру
Windows объектілерімен жұмыс істегенде, оларды көшіру немесе бір орыннан екінші орынға жылжыту қажет болады.
Объектілерді көшіргенде, объект бұрынғы орында қалады, ал көшірмесі жаңа орынға орналастырады. Қанша көшірме қажет болса, сонша алуға болады. Объектіні жылжытқанда, ол жаңа орынға орналастырылады да, бұрынғы орыннан жоқ болып кетеді.
Объектілерді жылжыту мен көшірудің бірнеше жолы бар. Соларды қарастырайық:
1. Тышқанның оң жақ батырмасының көмегімен.
Объектіні қапшықтың терезесінде жылжыту немесе көшіру үшін, тышқан нұсқағыш объектінің үстіне орналастырып, оның оң жақ батырмасын басып тұрып, жаңа орын жылжытады да, батырманы босатады. Бұдан кейін экранда динамикалық меню пайда болады. Онда келесі: егер көшіру қажет болса, Копировать, жылжыту қажет болса, Переместить, таңбаша қажет болса, Создать ярлык командаларының бірін таңдауға болады.
2. Тышқанның сол жақ батырмасының көмегімен.
Тышқанның сол жақ батырмасымен объектіні жылжытқанда, Ctrl немесе Shift пернелер қолдануға болады.
1. Жылжыту кезінде Ctrl пернесі басулы тұрса, онда таңдалған объектілер файлдың типі және оның тағайындалған орнына қарамастан көшіріледі.
2. Shift пернесі басулы болса, Windows объектіні жылжытады.
Объектілерді жабық қапшыққа көшіру және жылжыту
Объектілерді басқа қапшықтарға бұл қапшықтарды ашпай - ақ көшіруге немесе жылжытуға (ауыстыруға) болады. Ол үшін жабық қапшыққа орналастыратын файл белгішесін тышқанмен іліп алып, оны файлды орналастыратын қапшық белгішесіне тасымалдап, маустың батырмасын босату керек.
Меню командалары арқылы көшіру және жылжыту
Объектілерді жылжытуда ’’апарып қою’’ әдісі үнемі қолайлы бола бермейді. Сондықтан Правка менюінің Көшіру (Копировать), Қию (Вырезать) деп аталатын кандаларын пайдалануға болады. Бұл командаларды пайдаланғанда, ақпарат алдымен алмасу буферіне орналастырылады. Алмасу буферін пайдалану негізі Windows’98 - дің барлық жүйелері мен қолданбалары үшін бірдей.
Алмасу буфері – жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі. Алмасу буферіндегі ақпарат оған жаңа ақпарат бөлігі келіп түскенше сақталады, ал содан кейін алдыңғы ақпарат жойылады.
Алмасу буферінің көмегімен деректерді әр түрлі құжаттар мен қолданбалардың арасында алмастырып отыруға болады. Алмасу буферін пайдалану үшін, алдымен деректерді оған орналастырып (сақтап) қояды да, содан кейін одан алып қажетті құжатқа кірістіреді. Бұл процедураны қиып алып кірістіру немесе көшіріп алып кірістіру процедурасы деп атайды.
Көшіру деп алғашқы құжаттағы белгіленген ақпараттың Алмасу буферіне осы деректердің көшірмесі түрінде орналастырылуын айтады.
Қиып алу деп алғашқы құжаттағы белгіленген ақпараттың берілген құжаттан алынып, алмасу буферіне орналастырылуын айтады.
Кірістіру деп қазіргі кезде алмасу буферінде бар ақпараттарды құжаттың қажетті жеріне кірістіруді айтады.
Алмасу буферіндегі ақпараттар компьютерді өшіргенше немесе онда басқа ақпараттар жіберілгенше сақталады. Алмасу буферіндегі ақпараттарды осы құжатқа, сондай - ақ Windows - тың басқа да қолданбаларына кірістіру үшін бірнеше рет қолдануға болады.

Қапшықтардың, файлдардың немесе таңбашалардың аттарын өзгерту
Объектілердің аттарын өзгертудің бірнеше әдістері бар:
1. Объектіні белгілеп тышқанның оң батырмасын басу, қосымша менюден Переименовать командасын орындау
2. Белгіленген объектінің қапшық терезесінің менюдегі Файл – Переименовать командасын орындау
3. Объектіні делгілеп оның атында тышқанның батырмасын шерту, жаңа ат жазу
4. Объеектіні белгілеп Ғ2 пернесін басу, жаңа ат жазу
Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаларды жою
Объектіні немесе объектілер тобын жоюдың бірнеше жолы бар:
1. Объектіні белгілеп, Delete пернесін басу
2. Белгіленген объектіде тышқанның оң батырмасын басып, қосымша менюден Файл командасын басу
3. Белгіленген объектіде тышқанның оң батырмасын басып, қосымша менюден Файл - Удалить командасын басу
4. Объектіні немесе объектілер тобын белгілеп, тышқанның сол батырмасын басып тұру арқылы Себет (Корзина) белгішесіне апару
Өшірілген объектілер Себетте (Корзинада) оны жойғанша немесе қалпына келтіргенше сақталады. Себеттегі объектіні қалпына келтіру үшін, оны белгілеп Файл – Восстановить командасын орындау керек немесе тышқанның оң батырмасын шертіп қосымша менюден Восстановить командасын орындаймыз.

Сабақты бекіту сұрақтары:
• Терезе дегеніміз не?
• Терезенің қандай түрлері бар?
• Терезе элементтерін және олардың атқаратын қызметін айтыңдар
• Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы 3 белгінің қызметі қандай?
• Объектілерді көшіру мен жылжыту дегеніміз не?
• Объектілерді көшірудің қандай жолдары бар?
• Объектілерді жылжыту әрекеті қалай орындалады?
• Алмасу буфері дегеніміз не?
• Объектілерді жоюдың қандай жолдары бар?
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Объектілермен жұмыс істеу

Объектілермен жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты: 1. Объектілерді жылжыту мен көшіру ережелерімен таныстыру. Объектілердің атны өзгерту, оларды жою мен қалпына келтіру...
Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту

Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту

Дайындаған: Құттығұлов Ғабит Серікұлы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға файлдар мен бумаларды құру мен іздеу жолын үйрету. Дамытушылық:...
Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалалар мен белгішелерді құру. Атын өзг ...

Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалалар мен белгішелерді құру. Атын өзг ...

Қостанай облысы, Қостанай қаласының «№10 орта мектебі» информатика пәні мұғалімі Утина Альмара Қажиханқызы...
Терезелер

Терезелер

Ақтөбе қаласы Пригород орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Туркменбаева Алима Азижановна...
Терезе және оның элементтері мен құрылымы. Файлдар, бумалар және жарлықтар

Терезе және оның элементтері мен құрылымы. Файлдар, бумалар және жарлықтар

БКО, Теректі ауданы, Приречный ОСОШ информатика пәні мұғалімі: Айшуаков Мерлан Адилович...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×