Сайтқа кіру Тіркелу

Power Poin туралы негізгі түсінік

Сабақтың тақырыбы: Power Point 2013 туралы негізгі түсінік.

Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың мақсаты: PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік. Бағдарламаның мүмкіндіктері туралы мағлұмат беру және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру. Қазіргі таңдағы ақпараттық технология үрдісін қолдана отырып презентация құру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Студенттердің білім деңгейін анықтай отырып, белсенділікке баулу, жаңа ақпарат пен бұрынғы білімді ұштастыру.
Дамытушылық: Студенттердің ойын дамыту, тапқырлық ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, информатикалық тіл байлығын жетілдіру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге баулу.
Тәрбиелік Студенттерді шығармашылыққа баулу, шығармашылық сауаттылығын және компьютерлік шеберлігін дамыту.
Оқыту әдістері: Жеке және топтық жұмыс, көрнекілік әдістер, сұрақ - жауап, талдау, практикалық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық, бағалау кестесі, слайдтар топтамасы, кеспе парақтар, дербес компьютер, mytest.
Сабақтың өту кезеңдері:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Практикалық жұмыс
V. Жаңа сабақты бекіту (тест арқылы)
VI. Қорытындылау
VII. Білімдерін бағалау
VIII. Үйге тапсырма
Пән аралық байланыс: «орыс тілі», «ағылшын тілі».
Пайдаланылған оқулықтар мен әдебиеттер тізімі:

Негізгі (Н)
1. Е. Грузин «Информатика»
2. Сапарғалиева Б. Қ. «Информатика»
Қосымша (Қ)
1. С. Симонович, Г. Евсеев, А. Алексеев. Общая информатика. Учебное пособие М.., 2000ж
2. Стив Джонсон, пер с англ. М. А. Голубева -. Microsoft Office 2007/: НТ Пресс, 2009
Сабақ барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Студенттерді түгендеу. Сырт киімдерін киіуін қадағалау Сабаққа дайындығы тексеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты мен таныстыру.

Топқа бөлу. Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді.
Оқушыларға қарапайым мәтіндік редактор мен мәтіндік процессорларының сақталу форматы жазылған парақшалар («JPEG», «DOС») таратылады. Екі топқа бөлінеді. «PАINT» тобы және «MS WORD» тобы. Топ ережесін құру.
Ескерту: Бүгінгі сабақта оқушылар БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ арқылы бағаланады. Әр орындалған қадам бойынша топ мүшелері жинаған ұпайларды белгілеп, сабақ соңында мадақтау.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Тест (Кахут бағдарламасында)

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – 15 мин
Латын алфавиті

17, 15, 21, 6, 18 17, 15, 26, 20 3, 1, 4, 5, 1, 18, 11, 1, 12, 1, 19, 25 20, 21, 18, 1, 11, 25
20, 23, 19, 26, 13, 26, 10 Power Point bagdarlamasi twrali tusinik

1. PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік
Microsoft PowerPoint - көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Ол дәріскерлерге дәріс оқығанда немесе баяндама жасағанда және т. б. материалдарды көрнекі материал түрінде жеткізуге мүмкіндік береді. PowerPoint - тың негізгі міндеті — ақпаратты қабылдау және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.
Көрме – Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы. Слайдтар әр түрлі қызықты суреттермен, сызбалармен және эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. Белгілі бір тақырыпқа байланысты жасалған слайдтар тізбегі презентация деп аталады. Презентация жасау процесі өте күрделі. Себебі онда қолданылатын пакеттің мүмкіндіктері, презентация құруға бағытталған объективтік факторлар мен аудиторияның физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері ескерілетін субъективтік факторларға ерекше көңіл бөлген жөн.
2. PowerPoint терезесінің құрылымы.
PowerPoint бағдарламасын іске қосу үшін Бастау - Бағдарламалар — Microsoft PowerPoint командасын орындаймыз. Microsoft PowerPoint терезесі мынадай негізгі элементтерден тұрады:
• Тақырып жолағы - құжаттың аты және басқару батырмалары орналасады.
• Мәзір жолағы - басқа бағдарламалардан өзгешелігі мұнда «Слайдты көрсету» әмірі орналасқан.
• Стандартты құралдар және Пішімдеу үстелі бұның басқа бағдарламалардан өзгешелігі мұнда «Жасақтама» және «Жаңа слайд» әмірлерімен ерекшеленеді.
• Сурет салу құралдар үстелі - сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлер тобын қамтиды. Бұл суреттер салуға, эмблема жасауға мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.
• Қалып күй жолы - құжат ақпаратын қамтиды, беттер санын көрсетеді.
• Жұмыс аймағы - слайдтар жасауға, мәтін, сурет, диаграмма, клип, дыбыстарды орналастыруға арналған аймақ. 6 - слайд
• Тапсырмалар аймағы - ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.
PowerPoint - тың жаңа бағдарламасында өзгешеліктер:
• Тақырып жолағында «Office» батырмасы орналасқан. Ол құжатты ашу, жаңа құжат құру, баспаға шығару, дайындау, жариялау, жіберу, сақтау командаларын орындайды. Бұл бағдарламаның мүмкіншіліктері өте зор. Мұнда «Жіберу» командасын алатын болсақ, автоматты түрде «Электрондық почтаға» немесе «Интернетке» автоматты түрде жіберуге болады. «Жариялау» командасы арқылы кез - келген бағдарламаға презентация автоматты түрде ауыстырылады. Және де бұл бағдарламада сақтаған кезде ескі компьютерде ашылу үшін 97 - 2003 форматын таңдау қажет.
3. Көрме жасаудың тиімді тәсілдері.
Microsoft PowerPoint терезесін ашқаннан кейін тапсырмалар аймағында жаңа көрмені жасау үшін бірнеше нұсқалар ұсынылады:
• Жаңа презентация (Новая презентация)
• Слайд жасақтамасы (Шаблон презентации)
• Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания)
Автомазмұн шебері көмегімен:
• Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар;
• Қызмет бабы бойынша баяндамалар;
• Сауда - саттық және маркетинг жөнінде есеп – қисаптар;
• Жеке хабарламалар; т. б. тақырыптарда алдын ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен өзіңе қажетті презентацияны таңдап құруға болады.
1 - ші қадамда: Презентацияның түрін, яғни оның жалпы тақырыптық бағытын таңдаймыз. Келесі қадамға өту үшін тақырыпты таңдаған соң, Ары қарай батырмасын шертеміз.
2 - ші қадамда: Презентацияны көрсету тәсілдерін таңдаймыз.
3 - ші қадамда: Презентацияның тақырыбын жазамыз. Сонан кейін Дайын батырмасын басамыз. Дайын болған презентацияны өз қажетімізге қарай өзгерте аламыз.
Жаңа презентация құру қажет болса Пішімдеу құралдар үстеліндегі «Жаңа слайд» әмірін басу қажет. Бұл жерде слайдтар белгіленуінің 27 түрі бар. Мұнда мәтін, кесте, диаграмма, графикалық объектілер, дыбыс орналасу схемасы көрсетілген. Осының ішінен өзіңізге қажеттісін таңдап ала аласыз.
Слайд жасақтамасы мен жұмыс жасау үшін тапсырмалар аймағы үстелінде - Слайд жасақтамасы қосымшасын таңдап, барлық безендіру қалпын қолданып көруге болады.
Түстер сұлбасын қолдану үшін тапсырмалар аймағы үстелінде - Түстер сұлбасы қосымшасын таңдаймыз. Осыдан кейін барлық қол жетерлік түстер сұлбаларын қолданып көруге болады. Сондай - ақ фондық түсті өз қалауыңызша өзгертуіңізге болады. Ол үшін Формат - Фон командасын орындаймыз. Осы терезеден түстің қанықтылығын және өрнек немесе текстура ішкі беттерінде слайдтағы фонның түрлерін әртүрлі етіп өзгертуге болады. Түс қанығуы өзгерісінің арнайы градиентті құю деп аталатын түрін қолдана отырып, өте әдемі дизайндарды дайындауға болады. Өз қалауыңызша кез - келген түстерді таңдап ОК батырмасын одан кейін Қолдану батырмасын шертеміз.
PowerPoint бағдарламасында слайдпен жұмыс істеу режимі.
PowerPoint бағдарламасында слайдпен жұмыс істеу режимінің 3 түрі бар:
• Қарапайым режим (әр слайдты жеке - жеке көрсетеді)
• Сұрыптау режимі (презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп орналасады)
• Слайдтарды көрсету режимі (слайдтарды экранда бірінен кейін бірін көрсетеді)
Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа ауысудың бірнеше түрі бар. Сұрыптау режимі арқылы Слайдты өзгерту (Смена слайдов) қосымшасын таңдап кез - келген слайдты белгілеп көруіңізге болады.
Слайдтарды безендіру.
Слайдтарды безендіруде көрмені тартымды етуде суреттердің маңызы зор. Суреттер әр түрлі болады. Біреулері қолдан салынған, енді біреуі - мәтіналғы арқылы фотосуреттен көшірілген. Дайын суретті кірістіру үшін «Кірістіру» (Вставка)- «Сурет» (Рисунок) командасын орындаймыз. PowerPoint бағдарламасында суреттерді алмасу буферін қолдана отырып, басқа бағдарламадағы суреттерді пайдалануға болады. Мысалы, Word бағдарламасында суреттер сақталған құжатты ашып, қажетті суретті белгілеп, Көшіру немесе Қою командасын қолданып презентацияға әкеліп қоямыз. Осы жерден тышқанмен жан - жағынан тартып, өз қалауыңызша өлшемін өзгерте аласыз. Сурет салу құралдар үстелі арқылы слайдқа мәтінді, Өзкескіндерді, WordArt нысандарын кіргізуге болады. WordArt нысанын кірістіргеннен кейін жазбаның сыртқы түрін өңдеуге мүмкіндік беретін WordArt үстелі бірге шығады. Пайда болған терезеде Түстер мен сызықтар қосымшасында Бояу және Түс әмірлерін таңдау арқылы өзгертуге болады.
Анимация қосу.
PowerPoint бағдарламасында әр түрлі анимациялық эффектілер және мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдана отырып, презентацияны жандандыруға болады. Мәтін элементтерінің өзіне жеке әріптер, сөз, абзац түрінде әртүрлі эффектімен пайда болатындай етіп жасау мүмкіндігі бар. Тек мәтін элементтері емес графикалық объектілер, диаграммаларға да анимациялық эффектілер қосуға болады.
Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу үшін Слайдты көрсету - Анимация қосу (Показ слайда - Настройка анимации) командасын орындаймыз. Анимация қосу тақтасы экранның оң жағында тапсырмалар аймағы үстелінде ашылады. Слайд элементтерінің пайда болу ретін өзгерту үшін Анимацияны баптау (Настройка анимции) тақтасының астында орналасқан Анимация реті (Порядок) командасы арқылы жүзеге асыруға болады. Ретін өзгерту үшін тышқан батырмасымен элементтер орнын ауыстыруға болады. Көру батырмасын басу арқылы эффектілерді қадағалай аламыз. Уақыт астарлы беті элементтің пайда болу уақытын көрсетеді. Анимациялар реті өрісінде қажетті элементті таңдап алып, шерту арқылы немесе автоматты түрде неше уақыттан кейін пайда болу керектігін белгілей аламыз.
Музыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу.
PowerPoint бағдарламасында дайындалған презентацияны көрсету кезінде музыкалық, дыбыстық эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі бар. Кейбір дыбыстар (мысалы, жазба машинкасының дыбысы қол шапалақтау т. с. с.) Анимацияны баптау саймандар тақтасынан іске қосылады. Презентацияға әуен (музыка) қою үшін Вставка – Фильмы и звук – Звук из файла командасын орындап, өзіңізге қажетті әуенді таңдап ОК батырмасын басамыз.
Слайдтарда дыбыстық сүйемелдеулерді жазу үшін, компьютерде дыбыстық карта мен микрофон орнатылуы қажет. Дыбысты жазу үшін Слайдты көрсету - Дыбыстық жазба (Показ слайдов - Звукозапись) командасын орындаймыз. Дискіде қанша орын бос орын барын және неше минут жазуға болатынын көрсететін сұхбат терезесі ашылады. ОК батырмасын шертеміз.
ІҮ. Білім алушылардың өзіндік жұмысы
Оқушыларға алдын ала таратылып берілген оқушы парағындағы А, В, С деңгейіндегі тапсырмаларды компьютерде отырып орындайды. А деңгей – 5 ұпай, В деңгей – 10 ұпай, С деңгей - 15 ұпай.

Жұптық жұмыс «Полиглот» ойыны
Топтар берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек, үш тілде жауап берсе 15 балл, екі тілде 10, бір тілде 5 балл беріледі.

“РAINT ” тобына қойылатын сұрақтар
1. Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышь, mouse)
2. Компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы (пернетақта, клавиатура, keyboard)
3. Біз мектепке келген кезде алғашқы қолымызға не ұстаймыз? (қалам, ручка, pen)

”MS WORD”тобына қойылатын сұрақтар:
1.«Ас - адамның арқауы», ал компьютердің асы... (тоқ, ток, current)
2. Белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз?
(ақпарат, информация, information)
3. Сақталған құжатты ашу командасы? ( Файл – ашу, файл - открыть, file – open)

ҮІ. Бекіту Тест тапсырмалары:
I - нұсқа
1. PowerPoint бағдарламасы не үшін қажет?
A) Формулалық өрнектерді есептеу тиімділігін арттыру
B) Ақпаратты есте сақтау және қабылдау тиімділігін арттыруға арналған көрмелерді жасау
C) Сызбалық нысандары бар мәтіндік құжат жасау
D) Қолда бар ақпаратқа кеңінен қатынауды қамтамасыз ету мақсатымен Интернет беттерін жасау
E) Фильмдер дайындауға арналған бағдарлама
2. PowerPoint бағдарламасын қалай іске қосамыз?
A) Бастау – Бас мәзір – Іздеу – Microsoft PowerPoint
Жұмыс үстелі – Бас мәзір - Microsoft PowerPoint
C) Бастау – Бағдарламалар - Microsoft Office - Microsoft PowerPoint
D) Тапсырмалар үстелі - Microsoft PowerPoint
E) Жұмыс аймағы - Microsoft PowerPoint
3. PowerPoint бағдарламасына суретті кірістіру командасы
A) Пішім – Сурет – Суреттер (жинағы)
B) Кірістіру – Сурет – Суреттер (жинағы)
C) Пішім - Сурет – Файлдан
D) Кірістіру – Нысан
E) Түзету – Нысан
4. PowerPoint дегеніміз не?
A) Көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы
B) Кодтық кестелерді өңдеуге арналған бағдарлама
C) Кестелік нысандарды пішімдейтін бағдарлама
D) Мәтін теруді ұйымдастыратын бағдарлама
E) Электрондық кестелерді әзірлейтін бағдарлама
5. Меню жолы элементтеріне жатпайтын элемент:
A) Файл
B) Түзету
C) Көрініс
D) Пішімдеу құралдар үстелі
E) Кесте
6. PowerPoint бағдарламасында жасалған файлдың кеңейтілуі:
A). ехе
B). рpt
C). pdf
D). txt
E). doc

7. PowerPoint терезесінің негізгі элементтеріне жатпайтын элемент
A) Тақырып жолағы
B) Стандартты құралдар үстелі
C) Пішімдеу құралдар үстелі
D) Слайдтардың кішірейтілген үлгілері
E) Жұмыс үстелі
8. Файл – Сақтау әмірінің қызметі
A) Құжатты көшіру
B) Құжатты сақтау
C) Құжатты теру
D) Мәтінді пішімдеу
E) Мәтінді жою
9. PowerPoint терезедегі Х батырмасының қызметі:
A) жабу (Закрыть)
шығу (Выход)
C) сақтау (Сохранить)
D) уақытша жабу (Свернуть)
E) қалыпына келтіру (Восстановить)
10. Power Point бағдарламасында _ батырмасының қызметі:
A) жабу (Закрыть)
шығу (Выход)
C) сақтау (Сохранить)
D) уақытша жабу (Свернуть)
E) қалыпына келтіру (Восстановить)

жауабы:

С Ж
1 B
2 C
3 B
4 A
5 D
6 B
7 E
8 B
9 A
10 D

Ой толғаныс.
Қорытынды. Стратегия: «Топтастыру»

1. Microsoft Office пакетінің Power Point бағдарламасы не үшін қажет?
2. Презентация неден құралады?
3. Презентация құрған кезде қандай әрекеттер орындалады?

1. Microsoft Office пакетінің Power Point бағдарламасы не үшін қажет?
2. Презентация неден құралады?
3. Презентация құрған кезде қандай әрекеттер орындалады?

Бағалау: Топ мүшелері балдарын қорытындылап шығару.

Үйге тапсырма:
10 Салайдтан тұратын «Менің отбасым» тақырыбына көрме құрып келу.

Оқытушы: Махмутова Лаура Абсаттарқызы
Пән: Информатика
Мамандық, топ: 1211093 – «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», ТАТ - 280
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Презентацияларды құру, безендіру шаблондары, мәтінді құру

Презентацияларды құру, безендіру шаблондары, мәтінді құру

Оқып - үйренудің негізгі мақсаттары: Оқушыларға презентация құруға, суретке, диаграммаға, мәтінге, кестеге анимация қоюды, бетке түс беруді үйрету....
Анимация әсерлерін баптау, презентациялар көрсету

Анимация әсерлерін баптау, презентациялар көрсету

Пәні: Информатика Пән мұғалімі: Сайлыбай Қ. С....
Презентацияларды графикалық объектілермен көркемдеу.

Презентацияларды графикалық объектілермен көркемдеу.

БҚО, Орал қаласы, №14 ОЖББМ Информатика пәні мұғалімі Гүлназ Мұхтарова Бахтыгерейқызы...
Power point бағдарламасында мәтін құру, суреттер, кестелер, фильм және дыбы ...

Power point бағдарламасында мәтін құру, суреттер, кестелер, фильм және дыбы ...

Білімділік: Оқушылардың MS Power Point бағдарламасында суреттер, мәтін құру, кестелер, фильм және дыбыстар кірістіру туралы түсінік беріп, алған...
Power Point Жан бітірімді баптау

Power Point Жан бітірімді баптау

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп – гимназия Омарова Айдаргуль Кемелханқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×