Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары) Оқушыларды Microsoft Exсel - дегі негізгі ұғымдармен, жұмыстық кесте элементтерімен таныстыру.
Кесте таңбаларының аттарын өзгертуге, бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуді және түс беруді үйрету,
Диаграмма және гистограмма ұғымдарымен таныстыру.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: Microsoft Exсel - дегі негізгі ұғымдарын біледі;
Кесте құра алады;
Ұяшықтармен жұмыс істей біледі.
Оқушылардың басым бөлігі:
Microsoft Exсel - дегі негізгі элементтерін біледі.
Exсel – мен еркін жұмыс істей алады.
Кейбір оқушылар: Microsoft Exсel – де кестені өз бетінше құра алады.
Тілдік мақсат: Оқушылар: Сабақ кезінде жеке және топта жұмыс жасай алады.
- Топпен жұмыс жасау барысында өз ойларын еркін айтады және толық жеткізе алады;
- Жаңа тақырыпқа байланысты мәселелерді топта талқылап, дұрыс шешімін табу жолдарын қарастырады;
- Топта жұмыс істеу барысында бір – біріне үйретуді, бір – бірін оқытуды жүзеге асырады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Кесте, жолдар, бағандар, ұяшық, түс белгісі.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Кесте – таблица – table
Ұяшық – ячейка - cell
Талқылауға арналған тармақтар:
1. Exсel – дің тиімділігі неде?
2. Exсel мен Word айырмашылығы қандай?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Кестелер бойынша жұмыс, постермен жұмыс, практикада қолданып көру, кері байланыс, т. б.
Сабақтың басы 1. Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу, оқу құралдарына және көңіл - күйлеріне назар аудару.
Шаттық шеңбері «Мен ғажайыппын»
Мақсаты: оқушылардың бір - біріне жақсы қасиеттерін айтқыза отырып, достық қарым - қатынастарын нығайту, жақсы тілек айту арқылы топтық жұмыста жағымды қарым – қатынасты орнату
Microsoft компаниясын негізін қалаған 2 программисттің есімдерімен оқушыларды 2 топқа бөлу: «Билл Гейтс», «Пол Аллен»
2. «Сиқырлы жұлдызша» әдісі, үй тапсырмасын
жұлдызшалардағы сұрақтарға жауап беру арқылы шолып өту.
Мақсаты: өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін байқау
1. MS Word бағдарламасының негізгі мүмкіндіктері, қызметі қандай?
2. MS Word бағдарламасында жаңа құжатты қалай құрамыз?
3. Компьютердің 3 негізгі құрылғыларын ата
4. Компьютердің қосымша құрылғыларын ата
5. «Microsoft» компаниясының президенті, 13 жасында алғаш программасын құрған.
6. 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет механикалық есептеу машинасын құрастырған ғалым кім?
7. MS Word - та бетке номер қою үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
8. MS Word - та бетке рамка қою үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
Microsoft Exсel туралы жалпы мәлімет
- ramuk_b
- 4 наурыз 2019
- 2267
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Microsoft Exсel туралы жалпы мәлімет, информатикадан сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды...Microsoft Office Word редакторында кестемен жұмыс
Сабақтың мақсаты: Ms Word редакторында кесте құру әдістерін түсіндіру, оқушыларды өз бетінше кесте құруға үйрету....Excel кестелік процессоры
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Қазан орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мадиева Назира Кайдарқызы...MS Word мәтіндік редакторы
Атырау қаласы Еркінқала орта мектебінің информатика мұғалімі: Суюншалиева Шынар Марсқызы...Кестелермен жұмыс
Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.