Сайтқа кіру Тіркелу

Ғажайып МИФ кафесі

«Ғажайып МИФ» кеші
Мақсаты: математика және информатика пәндеріне қызығушылығын арттыру; өтілген тақырыптарды қайталау; творчестволық белсенділігін арттыру.

«Ғажайып МИФ» кафесі

1 - ші Жүргізуші
- Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде,
Есеп шешіп, жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
2 - Жүргізуші
Шабыт тасып шалқысып,
Есеппенен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық
1 – жүргізуші (Информатика)
Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған қауым!
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай – адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене
Бәріңіз маған қараңыз!
Ойынымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Информатика пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғалық жүйелі
Таңдайымызға татырлық

2 - жүргізуші(Математика )
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
Жас достар,
Мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы
Құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалыстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.

І - жүргізуші:
Армысыздар, қымбатты төрешілдер.
Сайысын әрбір топтың көрерсіздер
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер де әділ баға берерсіздер -
дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысамыз.
(Алдымен жарысқа төрелік ететін әділ қазылар алқасы сайланады. Әр топ өзін таныстырып, өз атауын айтады )

ІІ - жүргізуші:
Кезек келіп, өжеттеніп, сөз аппын.
Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн!
Тегіміз бір - батырақ та, бай да емес,
Емеспіз бе, азаматы қазақтың!- демекші
Мұнда әрбір команда өздерін таныстырып, әділ қазыларға, көрермендерге және қарсыластарына сәлем береді. Ал енді сөз кезегін ойыншыларымызға берейік.
1. Таныстыру
1 - жүргізуші: Енді сіздерді ойын шартымен таныстырып өтейік
Біздің кафеміздің алғашқы қонақтарына мына төмендегі ас мәзірін ұсынамыз. Ас мәзіріміз 1 - 2 тамақ, салат және сусындардан құралған. Әр столдағы қонақтар өз қалаулары бойынша тағамдарды таңдайды.
Ас мәзірі:
Салаттар ( логикалық сұрақтар, жұмбақ, есеп)
1. « МИФ - тік ассорти»
2. «Жұмбақтар оливьесі»
3. «Логикалық винегрет»
4. «Цезарь есебі»
Сергіту сәті «Электрлік құрылғылар»
Бірінші тағам (пәндік сұрақтар)

1. МИФ кеспесі (аралас сұрақтар)
2. Информатикалық борщ
3. Математикалық тұшпара
4. Информатикалық сорпа
Екінші тағам (кестені толтыр)
1. Бесбармақ
2. Палау
3. Манты
4. МИФ гарнирі
Сусындар
1. Заңдылықтар коктейлі
2. Логикалық кофе
3. Алгоритм шырыны
4. Газдалған МИФ сусыны

«МИФ - тік ассорти» салаты. Бұл салатта 2 тапсырма бар. 1 - ші математикаға, 2 - ші информатикаға байланысты.
Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар?(4 мысық)

1. Оның үш түрі бар, оның кейбіреулері инемен жұмыс істегенді ұнатады. Оның істеген жұмысының нәтижесін тек қағаздан көруге болады. (принтер)

2 - жүргізуші
«Жұмбақтар оливьесі» салаты. 2 жұмбақ жасырамыз, ойланып, жауап беріңіздер!
1. Тетігін бассаң алаңсыз
Жазады қағаз - қаламсыз (пернетақта)
2. Бүтін, бөлшек бөліктерден
Үтір айырып тұрады,
Осы санның кім біледі
Аты қандай болады? (ондық бөлшектер)
(Есеп)

1 - жүргізуші
«Логикалық винегрет» салаты. Бұл салатта 2 тапсырма бар. 1 - ші математикаға, 2 - ші информатикаға байланысты.
1. Компьютердің ақпаратты уақытша сақтайтын құрылғысы (жедел жады)
2. Түзудің бір бөлігі
Екі шеткі нүкте көрігі
Ұзындығы және бар
Айтшы сыйлық сенікі (кесінді)
(Есеп)
2 - жүргізуші
«Цезарь есебі» салаты. Бұл салатта 2 тапсырма бар. 1 - ші математикаға, 2 - ші информатикаға байланысты.
1. Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жаң - жағына қарамай? (натурал сандар)
(Есеп)
2. Монитордың экранындағы түрлі - түсті нүктелер не деп аталады? (Пиксель)

1 - жүргізуші
Бірінші тағамдар
1 тағам - «МИФ кеспесі»(аралас) / 2 тағам - Математикалық тұшпара
Жылдам тез жауап береміз.
1. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны? (файл)
2. Бас әріптер режимін іске қосу пернесі? (CapsLock)
3. Сегіздік санау жүйесі қандай сандардан тұрады? (0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7)
4. Қысқаша көбейту формалар саны (7)
5. Жауабы 0 - ге тең болу үшін қай санға бөлу керек? (0)
6. ЭЕМ неше буынға бөлінеді? (Бес буынға)
7. Ауқымды желіге қосылу үшін қажет құрылғы (МОДЕМ)
8. Дүние жүзі бойынша алғашқы 1984 ж Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бұл ғалым - әйел бірінші программист болып саналады. Бұл қай ғалым (АДА ЛАВЛЕЙС)

2 - жүргізуші
3 тағам -«Информатикалық борщ»/ 4 тағам - Информатикалық сорпа
Жылдам тез жауап береміз.
1. Ақпараттың кіші өлшем бірлігі? (бит)
2. Принтердің түрлері(3 түрі: лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш)
3. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан? (латын)
4. Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас? (интерфейс)
5. Функционалдық пернелер нешеу? (12)
6. ASCII коды қанша жолдан, қанша бағаннан тұрады? (16/16)
7. «Бит» сөзінде неше бит бар? (24)
8. Жыпылықтап тұратын тік сызықша? (курсор - меңзер)
9. Алгоритмнің неше түрі бар? (3түрі: сызықтық, тармақталу, қайталау)
10. Алгоритм қай ғылымның есімімен байланысты? (Әл - хорезми)

1 - жүргізуші: Енді 2 - ші тағамды таңдамас бұрын асымызды сіңіру үшін «Электрондық құрылғылар биін» билеп алайық. Сергіту сәті
«Қазақша ет»
Математикалық ребус шешу.
«Палау»
Ребус шешу. (жауабы: Информатика)

1 - жүргізуші
Манты / МИФ гарнирі
Өздеріңіз білетін рецептеріңіз бойынша мына кестемізді толтырыңыздар.
Сиқырлы сөздер.
1 - жүргізуші
Сусындар
Заңдылықтар коктелі ( ғалымдар, қандай заң ашқаны) / Газдалған МИФ сусыны
● Исакк Ньютон
● Лейбниц
● Паскаль Блез
● Чарльз Бэбидж
● Ада Лавлейс
2 - жүргізуші
Логикалық кофе / Газдалған МИФ сусыны
Карточкалар таратылады: «Жұбыңды тап». Дұрыс жауап 3 ұпайдан
Тышқан - mouse
Пернетақта – keyboard
Монитор - monitor
Ноутбук - laptop
Барлық ойыншылар жұптарын тауып, әділқазыларға көрсетіп
Алгоритмдік шырын / Газдалған МИФ сусыны
1. Мақал - мәтелдер табу
2 - жүргізуші
Әділ - қазылар қорытындысын шығарғанша информатик атайдың жиында берген батасын тыңдайық:
Қолдарыңды жайыңдар:
- Ал, енді құрметті қонақтар, ерлерше бата берейік - дейді.
- Ғ1 әрқашан көмекке келе берсін, Ғ2 пәле - жаладан сақтай берсін, CTRL ALT DEL үнемі жар болып қолдай берсін, ENTER!
(Сөз беру әділ - қазыларға, сыныптарды марапаттау)

1 жүргізуші:
Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренерміз аман болсақ! Келесі кездескенше сау - саламат болыңыздар
Кешімізді тамашалағандарыңызға мыңда бір рахмет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×