Сайтқа кіру Тіркелу

Тері, оның құрылысы, қызметі, гигиенасы

Ақтөбе қаласы № 55 ЖОББМ
биология пәнінің мұғалімі,
Медетова Мейрамгуль Акимбаевна

Сабақтың тақырыбы: Тері, оның құрылысы, қызметі, гигиенасы.
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушыларға тері, оның құрылысы, маңызы, гигиенасы туралы түсінік қалыптастыру;
тәрбиелік: оқушыларды тазалыққа, санитарлық - гигиеналық талаптарды сақтауға тәрбиелеу;
дамытушылық: теориялық білімдерін практикамен байланыстыра отырып, оқушылардың ой - өрістерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдістері: сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері.
Сабақ барысы:
І. Қызығушылығын арттыру.
Оқушыларға сигналдық белгілер мен бағалау парағы таратылып беріледі.
Үй тапсырмасы «Кубизм»әдісі арқылы сұралады.
1. Зерттеңіз Сыртқа шығару жүйесінің бөлімдерін
2. Суреттеңіз Бүйрек құрылысын суретте
3. Салыстырыңыз Бүйрек ауруларын тыныс алу ауруларымен
4. Ассосация Бүйрек сөзіне
«Миға шабуыл» кезеңі.
«Тері» сөзіне ассосация құру.
ІІ. «Мағынаны тану» кезеңі.
ЖИГСО әдісі қолданылады. 1, 2, 3, 4 деп санау арқылы жанұялық топтан эксперименттік топқа келеді.
1 - топқа: терінің құрылысы.
2 - топқа: терінің маңызы.
3 - топқа: шаш және оның гигиенасы.
4 - топқа: терінің гигиенасы.
Эксперименттік топтан қайтадан жанұялық топқа келіп, кластер жасай отырып жұмыс жасайды.
ІІІ. «Ой толғаныс» кезеңі.
«Теріні күте білеміз бе?» атты 5 минуттық эссе жазады.
ІҮ. Зертханалық жұмыс.
«Беттегі терінің типін анықтау.»
Құрал - жабдықтар: қағаз салфеткалар.
Жұмыс барысы:
1. Шұрықтар мөлшерін анықтау:
а) шұрықтар көрінбейді;
б) шұрықтар үлкен, олар апельсин қабықтарына ұқсайды.
2. Қағаз салфеткаларды беттің әр жеріне жақындатып басыңыздар, оның түсінің қай жерде көп өзгеретініне көңіл бөліңіздер.
3. Сұрақтарға жауап беріңіздер:
а) сіздің бетіңіздің қай бөлігі терінің қандай типіне жатады?
б) майлы, құрғақ және қалыпты теріні күту ережелері қандай?
4. Қорытынды.
Ү. Үйге тапсырма.
Мәнжазба жазу. «Дәрілік өсімдіктерді косметикада пайдалану.»
ҮІ. Бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бүйрек ауруларының алдын алу (күнделікті сабақ жоспары)

Бүйрек ауруларының алдын алу (күнделікті сабақ жоспары)

Зәр шығару жүйесі, экскреторлық жүйе – адам мен жануарлар организмінің артық суды, тұздарды, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа...
Тері және бұлшық ет сезімі, иіс сезу және дәм сезу

Тері және бұлшық ет сезімі, иіс сезу және дәм сезу

Дәм сезу мүшесінің құрылысы - Дәм сезу рецепторлары - Дәм бүртіктері - Жүйке талшықтары...
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

Мақсаты: ас қорыту жүйесінің құрылысы, тістің құрылысы және оның ас қорытудағы маңызы, ауыз қуысының гигиенасы туралы білім беру....
Сезім мүшелері. Көз. Тері

Сезім мүшелері. Көз. Тері

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Әуезов кенті, "Бақыршық орта мектебі" КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзина Сандугаш Сабиевна...
Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары

Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары

Солтүстік Қазақстан облысы Қазақ мектеп - гимназиясының биология пәнінің мұғалімі: Оспанова Асемгуль Ерсаиновна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×