Сайтқа кіру Тіркелу

Етістік

Дайындаған: Бастауыш пән мұғалімі Қарабатырова Қалимаш
Сыныбы: 2

Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Оқушылардың етістік туралы бұрыннан алған білімдерін еске түсіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік құрын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамытып, дербес жұмыс жасауға үйрету.Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа, еңбек қорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Ережелер, дидактикалық суреттер, сәйкестендіру, сатылай комплексті талдау сызбасы.

Сабақтың түрі: Дамытушылық
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап әдісі, өз бетімен жұмыс істеу.
Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ:
- Балалар жылдың қазір қай мезгілі?
- Көктем.
- Көктем туралы не айтар едіңдер?
- Көктемде қандай мейрамдар бар?
- 8 Наурыз, 22 Наурыз
- Қазақтың жаңа жылын.да сыныбымызда бір оқушының туған күні екен.Ол бізге құпия болып тұр.Қазір бізге көптеген тапсырмалар беріледі.Сол тапсырманы орындасаңдар құпия оқушының аты әр тапсырманы орындағаннан кейін ашылып отырады.

"Тез ойла, сөз ойла"
Не?
... Қоздайды
... құлындайды
... лақтайды
... боталайды
... бұзаулайды

Кім?
... Емдейді
... оқытады
... ұшады
... тігеді
... жазады
Заттың атын білдіретін сөзді – зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? Деген сұрақтар қойылады. Мысала: адам, адамдар, ағаш, ағаштар

- Балалар бүгінгі сабағымыздың қонағы кімдер?
- Мұғалімдер
- Мұғалімдер не істеді? Мен не істедім? Сендер не істедіңдер?
- Нені аңғардыңдар?
- Заттың қимылын, іс-әрекетін аңғардық.
Бүгінгі сабағымыздың ұраны:
Сөйлейміз, оқимыз, жазамыз,
Бәрін білуге ұмтыламыз!
Ендеше, осы ұранды ұстана отырып сабағымызды бастаймыз.

Сәйкестендіру.
Адасқан сөздерді орнына қой.

Арыстан - боздайды
Түйе - ақырады
Жылқы - маңырайды
Қой - мөңірейді
Аю - бақырады
Сиыр - кісінейді

Заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді - етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? Қайтті? Не қылды? Деген сұрақтар қойылады. Мысалы: өсті, ойнады, сайрады.
412-жаттығу.Суретпен жұмыс, мәтін құрастыру.
Көру диктанты
1-топ. Жазда қыдырады, қыста тынығады. (Су)
2-топ. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (Күн)

Сергіту сәті:
Ормандағы аю, қонжық,
Ұялардан бал іздейді
Мойындарын оңға бұрды,
Мойындарын солға бұрды,
Ағаштарды шайқап көрді
Қуанғаннан билей берді.
Сергіту сәтінен қимылды білдіретін сөздерді тап.

414-жаттығу.Шығармашылық диктанат
1-топ.Тоғайда түрлі аңдар... Терең шатқалға қояндар...
2-топ.Қызыл түлкілер тоғайда... Тиіндер ағаштан-ағашқа...
Өзіндік жұмыс

415-жаттығу.Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құра.
Қонды, жауды, жүзді, тасыды.
Мысалы: Биыл қоян жылы қар қалың жауды.

416-жаттығу.Берілген сөздердің ішінен етістікті тауып, етістік екенін дәлелде.
Терме диктант
Жинады, айтты, сөйлесті, байлады.
Сатылай комплексті талдау сызбасы

Синтаксистік
қызметі Тұлғасы Құрамы Сұрағы

Сабақты қорыту:Сыныбымыздағы құпия оқушының аты Ләззат болды. Ләззатты туған күнімен құттықтап қоялық.
Үйге тапсырма 417-жаттығу.
Бағалау, қорытындылау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×