Сайтқа кіру Тіркелу

5 санын қосу және азайту

Ақмола облысы, Бұланды ауданы
Макинск қаласы, Балуан Шолақ атындағы мектеп - лицей
Бастауыш сынып мұғалімі Матышева Гульмира Айдархановна

Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларды 5 санын қосу және азайтудың тәсілдерімен таныстыру.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың сандар құрамы, қосу мен азайтудың өзара байланысы туралы білімдерін жетілдіру.
3. Тәрбиелілігі: Ұқыпты болуға, үнемі ізденуге, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың тегі: ертегі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру
Сабақтың байланысы: сауат ашу
Сабақтың көрнекілігі: слайд, карточка, суреттер

Амандасу рәсімі Слайд1
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге!
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Слайд2

Сылдырады қоңырау
Көп күттірген,
Балаларды сабақта
Бәрі күткен!
Дайынсың ба бастауды
Сен сабақты?
Қане, достым тексерші,
Бар жабдықты.
Тұр ма екен ретімен өз орнында
Кітап, дәптер, қаламның барлығы да
Барлығы дұрыс отыр ма?
Зер салып маған қарай ма?
Ынталары ауды ма?
Әркімнің 5 - тік алуға

- Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар, апайлар келіп отыр. Біз математикадан алған білімімізді көрсетейік.
- Мен сабақты мына санамақ жолдарымен бастағым келіп тұр. Осы санамақ арқылы бүгінгі өтетін сабағымызды анықтап алайық.

Слайд3

Бас бармағым - әкем
Балан үйрек - анам
Ортан терек - ағам
Шылдыр шүмек - әпкем
Кішкене бөбек - сен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз

Сұрақ – жауап әдісі

Оң қолымызда неше саусақ бар?
Сол қолымызда ше?
Жақсы оқитын балалар қандай баға алады?
Слайд4

Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың ұраны
«5» болсын алар бағамыз.
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер – білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтап алдық, сабағымыздың тақырыбы 5 санын қосу және азайту.

(«Ертегілер әлемі» әнін тыңдату).
— Балалар, бұл қандай ән? — «Ертегілер әлемі» әні.
— Әнде не туралы айтылған? — Ертегі туралы.
— Балалар, сіздер ертегі айтқанды жақсы көресіздер ме?
— Қандай ертегі білесіздер?
— Ендеше балалар, біз бүгінгі сабағымызда да ертегі айтамыз.
(Слайдтан көрсету)
«Шалқан» ертегісі.
• Баяғыда шал мен кемпір болыпты. Шал шалқан егеді. Оны жаздай суарып, баптап күтеді. Бір күні келіп қараса шалқан дәу болып өседі. Шал шалқанды тартып алмақшы болды. Әрі тартты, бері тартты, шалқан жұлынбады.
— Ендеше балалар, біз де атайға көмектесейік. Атайдың бізге берген тапсырмасы бар:
Өткен сабақты қайталау
1 тапсырма
10 - ға дейін тура және кері бағытта санау
Кім дұрыс санайды, сол атайға көмектескен болады.
• Атай енді көмекке кемпірін шақырады. Екеуі шалқанды әрі тартты, бері тартты, шалқан жұлынбады.
— Балалар, әжей бізден көмек сұрап тұр.
2 тапсырма
Жоғалған сандарды табу
• Атай мен әжей көмекке немере қызын шақырды. Үшеуі шалқанды әрі тартты, бері тартты, шалқан жұлынбады.
— Балалар, енді біз кімге көмектесеміз? — Немере қызына.
3 тапсырма Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс.
— Оқулығымыздың 111 - бетіндегі № 4тапсырманы орындайық.
Сөзді есеп
• Немере қызы көмекке күшігін шақырды. Олар шалқанды әрі тартты, бері тартты, шалқан жұлынбады.
4 тапсырма
— Балалар, енді біз күшікке көмектесеміз. Ол үшін
Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Екі қолды жинасам
Болады сонда он саусақ
(қимылмен көрсету)

• Күшік көмекке мысықты шақырды. Мияулап мысық келді. Бәрі жабылып шалқанды әрі тартты, бері тартты, шалқан жұлынбады.
— Бізден енді кім көмек сұрайды? — Мысық.
— Ендеше мысықтың тапсырмасын қарайық.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету