Павлодар облысы, Северный ЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі Қадырбаева Н.
Оқушының бос уақыты босқа кетпесін.
Қазақ халқы қай ғасырда болса да бала тәрбиесіне көп мән берген. Ұрпақ тәрбиесі - болашақтың тірегі. Адамзат ұрпағымен мың жасайды дегендей, ұрпақ тәрбиесі қай кезде де, халықтық мәселе болған. Осыған орай бүгінде тәрбие мәселесіне салғырт қарап, жете мән бермеуіміздің салдарынан қадір-қасиетімізді, ұлттық этикамызды рухани байлығымызды жоғалтып отырғанымыз жасырын емес. Сондықтан да сабақтан тыс тәрбие жұмысының бірден-бір маңызы - олар оқушының өз еркімен қатынасып, ұйымдастырылуында.
Екіншіден, оқушыларға оқытатын міндетті бағдарламадан тыс оның өткізу әдіс-тәсілдері оқушылардың ұсыныс тілектеріне сай жергілікті жағдайға байланысты өткізіледі. Баланың туған өлкесіне, мәдениетіне тіліне деген сүйіспеншілік, өз отбасына, үйіне, мектебіне деген сүйіспеншіліктен басталады. Қазіргі таңдағы мектеп табалдырығында жүрген әр оқушы – ертеңгі қоғам мүшесі, болашақ иесі. Сондықтан да бала тәрбиесіне адамзат үлкен мән берген. Тәрбие беру тек оқытумен шектелмейді, сонымен қатар сабақтан тыс уақытта да жалғасып, жатады. Болашағымызға сапалы білім беріп, саналы тәрбиелеу үшін тәрбиешілер әртүрлі әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдануға тиіс.
Егер де біз ертеңімізді ойласақ, өскелең ұрпағымызға өрісі кең білім мен тәрбие беруіміз қажет. Ертеңіміз жастар болса, сол жастар жас шыбық, қалай исең, солай иілуге әзір. Шығыстың ғұламасы Сағди: «Жасыл өркенді түзету оңай, ал қураған ағашты отқа жағады» деп орынды айтып өткен. Демек, жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге бар күш-жігерімізді салуымыз қажет.
Мінеки, сыныптан тыс жұмыстардың міндеті - жан-жақты жалықпай жұмыс істеу. Жаңаша жұмыс жүргізу - баланың ынтасын жоғалтпай, ерінбей жұмыс істеуге баулиды. Ол үшін тәрбиешінің іскерлігі, біліктілігі, тәжірибесі керек. Қорыта келгенде, өз ойын дамыта алатын, елін, жерін, Отанын сүйетін, таза қазақша сөйлейтін Қазақ азаматын тәрбиелеу - біздің басты борышымыз.
Оқушының бос уақыты босқа кетпесін
- kadrbaevanurgul
- 22 қараша 2015
- 3369
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Оқушының бос уақытын ұйымдастыру, бала тәрбиесі
Ұқсас жаңалықтар:
Адамгершілік – рухани тәрбие маңыздылығы
Бала тәрбиесі – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа жас ұрпақтың...Балабақша мен отбасы - бұл баланың өмір сүру ортасы
«Тәрбиелі - тәртіптің құлы, тәртіпті - елдің ұлы» деп, халық қаһарманы Б. Момышұлы айтқандай, еліміздің ертеңгі болашағы жас буынды имандылық пен...Тәрбие туралы көзқарасым
ШҚО, Риддер қаласы, «№14 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульмира Тельмановна...Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы шығармашылық жұмыстардың р ...
Адам тәрбие негізінде жетіліп қалыптасады. Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны...Адамгершілік – асыл қасиет
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.