Сайтқа кіру Тіркелу

Аңқау арыстан

Сабақтың тақырыбы: Аңқау арыстан
Сабақтың мақсаты: 1. Ертегі түрлерімен таныстыра отырып, ертегіні түсініп оқу, ертегі кейіпкерлерінің іс - әрекетіне мінездеме беру, ертегідегі негізгі ойды ашып, қорытынды жасау;
2. Ертегіні түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыра отырып, ой - пікірлерін қорытындылап айту шеберліктерін, сөйлеу әрекеттерін жетілдіре түсу, сөз байлықтарын дамыту;
3. «анық - қанығына бармай іс істеме, асықпа» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, алдау арбау жаман қасиет екенін түсіндіру, адалдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, көрнекілік, түсіндірмелі, талдау - жинақтау, сипаттау, т. б.
Көрнекілігі: Суреттер, слайд, кеспе қағаздар, жұмбақтар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
1. Ынтымақтастық атмосферасын құру
2. Топқа бөліну.
3. Топ мүшелерін сайлау
4. Бағалау түрлеріне тоқталу
ІІ. Қызығушылығын ояту
Ертегі кейіпкерлеріне байланысты жұмбақтар шешу.
1. Өзі ширақ өзі қу, Жүрген жері айқай - шу (Түлкі)
2. Бір аң бар қайраты көп болған күшті, Басынан өткізеді әрбір істі (Арыстан)
3. Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ, Өзіне міндеттесе, қызмет қылмақ. (Есек)
ІІІ. Жаңа сабақ біз бүгін «Аңқау арыстан» ертегісін өтеміз
1. Ертегіні дауыс ырғағын келтіре оқушыларға оқып беру, сөздік жұмыс жүргізу, талдау жасау:
2. Ертегі мазмұны бойынша сұрақ - жауап
Ертегі не жөнінде екен?
Түлкі арыстанға неге келді деп ойлайсыңдар?
Есектің адам өмірінде қандай пайдасы бар?
Арыстан қандай аң екен?
Есектің миы қайда кетті деп ойлайсыңдар?
3. Оқу түрлері:
а) Ертегіні оқушыларға іштей оқыту; Дауыстатып, бөліп оқыту
ә) Рөлге бөліп оқыту;
4. Ой шақыру
Сонда осы ертегідегі ең ақылды аң қайсы? Неліктен?
ІҮ. Сабақты пысықтау.
1 - тапсырма. Жұптық жұмыс
Кейіпкерлер Басты сипаты
Сергіту сәті
2 - тапсырма Топтық жұмыс
1 - топ 2 - топ 3 - топ
Мұңын шағады.
Хал - жайын сұрайды.
Соңынан ереді.
Қулығына басады.
Көңілін сұрайды.
Шомылып келуге кетеді. Айқай салады.
Өлер болғанын айтады.
Бас салады.

3 - тапсырма. Сурет бойынша кейіпкерлерге мінездеме беру.(болжамды жауап)
Түлкі – ит тұқымдасына жататын аң. Түсі жирен, сұрғылт сары. Жүні тығыз әрі жұмсақ. Орманда, өзен - көл жағалауларында, тау баурайларында мекендейді. Ол тауық, балық, тышқан және құстармен қоректенеді. Түлкі – қу, айлакер.
Аңдардың патшасы – арыстан. Арыстан – айбатты, жыртқыш аң. Көбінесе шөлді жерлерде кездеседі. 30 - 35 жыл өмір сүреді. Хайуанаттар бағында кездеседі.
Есек – жылқы туысына жататын сүтқоректі жануар. Түсі қоңыр, күңгірт азық талғамайтын, құрғақшылыққа төзімді көлік малы. Есек 18 – 20 жыл тіршілік етеді.
Миға шабуыл
Сабақтан кейін ата - анаңды күтіп жүр едің. Әдемі көлікпен келген адам саған
- Мені сенің әкең жіберді. Жүр үйіңе апарып тастайын,- деді.
Сен не істер едің?

Ү. Кері байланыс (бағдаршам көздері арқылы)
Үйге тапсырма: мазмұндау
ҮІ. Бағалау (бағалау парақшасындағы ұпай санына қарай)
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жан-жануарлар туралы жұмбақтар

Жан-жануарлар туралы жұмбақтар

Бір аң бар қайраты көп, болған күшті Басынан өткізеді әрбір істі. (Арыстан) Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ, Өзіне міндеттесе, қызмет қылмақ. (Есек)...
Арыстан мен тышқан

Арыстан мен тышқан

Білімділігі: Оқушыларға мысалдарды таныстыра отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Көркем шығарманы оқуға қызығушылығын арттыру....
Тест. (әдебиеттік оқу 2 сынып)

Тест. (әдебиеттік оқу 2 сынып)

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №15 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Султанова Сауле Егизбаевна...
Аңқау арыстан

Аңқау арыстан

Сабақтың тақырыбы: Ертегілер. Аңқау арыстан Сабақтың мақсаты: 1. Ертегі түрлерімен таныстыра отырып, ертегіні түсініп оқу, ертегі кейіпкерлерінің іс...
Ертегі айта білеміз бе?

Ертегі айта білеміз бе?

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Бастауыш сыныбының І санатты мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна Тақырыбы: Ертегі айта білеміз...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×