Тақырыбы: ««Абай – дана, Абай - дара қазақта»
Сайыстың мақсаты: білімділік - Абайдың өмірі мен шығармашылығынан алған білімдерін шыңдай отырып, өлеңдерінің мағынасын аша білуге, мәнерлеп жатқа айтуға, талдауға бейімдеу
Дамытушылық - оқушылардың тіл байлығын, ой өрісін, өз ойын айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту;
Тәрбиелік - оқушыларға эстетикалық, экологиялық тәрбие беру, адамгершілікке, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің табиғатын қорғауды ұғындыру.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: Абай портреттері, өлең, нақылсөздер жазылған плакаттар, гүлдер, шарлар
Жүргізуші:
- Армысыздар құрметті көрермендер, ұстаздар, оқушылар! Абай оқуларына хош келдіңіздер. Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысымызды бастаймыз!
Абай – дара, Абай – дана қазақта
Төзе білген заманында азапқа
Көтерем деп қайтсем қара халқымды
Заманынан оза білді талпынды
Еш кетпеді ұлы жанның арманы
Ұрпақтары ақындығын жалғады
Өзі өлсе де, сөзі өлмейді ақынның
Қарашықтай қазынасын қорғады,
Барысы: Кіріспе сөз.
Бүкіл әлемге қазақ деген халықты танытқан ғұлама ақынымыз Абай Құнанбайұлы халықты өнер - білімге шақырып, мыңмен жалғыз алысып, надандықпен күрескені баршамызға аян. Егер біз Абай тәлімін оқып, түсініп сол жолмен жүрер болсақ, ақын өзі айтқандай, дүниенің бір кірпіші болып қаланарымыз анық.
Сонымен Абай атаның нақыл сөздерін, өлең - жырларын ұрпақтары қалай оқып, меңгеріп жатқанын өздеріңізбен бірге тыңдайық
Абай туралы не білеміз?
Абай әлеміне саяхат.
Абай кім?
↓
Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысының Шыңғыстау өңiрiнде дүниеге келген. Әкесі Құнанбай. Анасы Ұлжан. Әжесі Зере
Абай жасынан қандай болды
Ынталы, зерек
Абай Құнанбаев қайда оқыды?
Медреседе
Абайдың шын аты кім?
Ибраһим
Абай Құнанбаев қай қалада оқыды?
Семей қаласында
Абай Құнанбайұлы жайында жұмбақ оқылады.
1. Жырларымен Бүкіл елді қандырған кім?
Қазақ елін әлемге танытқан кім?
Ұрпаққа мұраларын аманат қып,
Рухани азық етіп қалдырған кім?
(Абай – ақын)
2. Көңіл құсын құйқылжытып шартарапқа,
Өлеңіне саз шығарып, шырқатқан кім?
(Абай – сазгер)
3. Орыстың әдебиетін үлгі тұтып,
Пушкин мен Лермонтовты қазақша жырлатқан кім?
(Абай – аудармашы)
Абай – ақын, сазгер, аудармашы және философ, көркем сөз шебері болған. Ол 45 қара сөз, 3 күй, 3 поэма, 70 - ке жуық ән жазған.
Мұғалім
Абай өлеңдері - құты қашпас қазына, аудармасы - осының айғағы жақсы аударма халық пен халықты жақындастырады, ұлт пен ұлтты бауырластырады. Абай ақындықты ерекше жоғары бағалап, құдірет тұтқан. Ақын жастардың оқу оқып, білім алып немесе белгілі бір өнер үйреніп, халыққа пайдасын тигізетін азамат болуын аңсаған ақын.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе!
Адамдықты көздесең,
Жастан тоқы көңілге! - дей келе 2 - ші сынып оқушыларының Абайдың табиғат туралы өлеңдерін мәнерлеп айтудан жарысқа түседі.
2 «А» Амангельди Мадина «Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай»
2 «Ә» Жамбыл Алмира « Жазы күні шілде болғанда»
2 «Б» Сайлаубай Жанболат «Көлеңке басын ұзартып»
2 «В» Жомарт Іңкәр «Жазғытұры»
2 «Г» Джусоп Диас « Күз»
2 «Ғ» Мухаш Ислам « Қыс»
2 «Д»Калмагамбетова Жанель «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
2 «Е Әжіғали Назира «Сегіз аяқ»
2 «Ж» Ноғашбаев Қырынбек «Желсіз түнде жарық ай»
Марапаттау: Оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттау.
Қорытынды: - Балалар, қорыта келе айтарым: біз үшін Абай өмірі - үлкен тәрбие мектебі, себебі оның өлеңдерінің жастарды білімге, еңбекке, адамгершілікке баулитынына көз жеткізіп отырмыз. Түсінген адамға Абай өлеңдерінің жастарға берер тәрбиелік мәні зор екен. Сайысты Нұрсұлтан Назарбаевтың "Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс" деп айтқан пікірмен аяқтаймыз.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Абай - дана, Абай - дара қазақта
- Рысгүл72
- 28 қаңтар 2015
- 11743
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Абайдың өмірі мен шығармашылығы, Абай оқулары
Ұқсас жаңалықтар:
Абайға арнау
Абай деген — қазағымның данасы Абай деген — ақылдылар ағасы Абай атам ең керемет ақын ғой Қазаққа ғана бұйырған бір дарасы....Абай - дана, Абай - дара қазақта
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы Күйкен орта мектебінің қазақ тілі әдебиеті пән мұғалімі Икенова Тілектес...Абай өмірі мен шығармашылығы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Көксарай елді-мекені Ергөбек негізгі орта мектебі Мамахова Гульмира Жолдасбекқызы...«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы, Үржар ауылы КММ «Крупская атындағы орта мектеп - балабақша» Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темірханова...«Күз» Абай Құнанбаев.
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Үңгітбаева Нұргүл Рамазанқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.