Сайтқа кіру Тіркелу

10 санының құрамы

Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамы
Сабақтың мақсаты:
1. 10 санын екі санның қосындысы түрінде жазу, кез келген 10 саннан кем санды 10 - ға дейін толықтыру, 10 санының құрамын пайдаланып, мәні 10 - ға тең қосынды, оған кері айыру құрастыру бастайды.
2. Сын тұрғысынан ойлау техникаларының элементтерін пайдалана отырып оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттеріне және сөйлеуге дағдыландыру, жұмыс істеугей.
3. Оқушылар бойына адамгершілік қасиеттерін енгізу.
Сабақтың түрі: Мақта қыз бен мысық ертегісі желісіндегі саяхат сабақ түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, әңгімелеу, пәнаралық сабақ.
Әдіс - тәсіл: Мақта қыз бен мысық ертегісіндегі кейіпкерлер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа әзірлену.
Оқушылар:
Сабаққа біз даярмыз
Жалқаулықты қоямыз
Үздік оқып әрқашан
Кілең бестік аламыз.
Мұғалім:
Бір, екі, үш
Сынып іші тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
Бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Себебі біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз.
— Қандай ертегілерді естеріңе түсірдіңдер?
Мақта қыз бен мысық ертегісі. Бұл ертегіні өткен сауат ашу сабағында оқыған болатынбыз.(1 оқушыға ертегінің мазмұнын айтқызу) Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді. Қыз: Келмесең келме – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: — Неге шақырдың? — деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: — Ендеше қатығыңды төгем - дейді.
Мақта қыз: — Мен құйрығыңды кесіп аламын - дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. — Мақта қыз құйрығымды берші дейді. Қатығымды қайтарған соң, құйрығыңды беремін дейді. Енді мысық бізден көмек сұрап тұр. Мысыққа құйрығын қайта алуға көмектесеміз бе? Ол үшін біз тапсырмаларды орындауға көмектесейік. Сәт сапар, достар!

1. Миға шабуыл
Сиырдың тапсырмасы: «Кім жылдам?» ойыны
1. Сандар қатарын ата. 0 - 10
2. 1 - 10 - ға дейінгі сандарды тура және кері санау.
3. Қосудың компоненттерін ата.
4. Азайтудың компоненттерін ата.
5. Санға 0 - ді қосу және саннан 0 - ді азайтудың ережесін айт.
6. 2 - нің құрамын анықта.
7. 3 - тің құрамын анықта.
8. 4 - тің құрамын анықта.
9. 5 - тің құрамын анықта.
10. 6 - ның құрамын анықта.
11. 7 - нің құрамын анықта.
12. 8 - дің құрамын анықта.
13. 9 - дың құрамын анықта.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×