Сайтқа кіру Тіркелу

Бір таңбалы сандарға ауызша көбейту және бөлу

Cабақтың тақырыбы: Бір таңбалы сандарға ауызша көбейту және бөлу. Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері жайлы түсінік беру. Тапсырмалар орындау барысында жаңа білімді игерту. Тиімді тәсілмен есептеуді үйрету.
Ә) Тәрбиелік: Есептеулер арқылы оқушыларды бір - біріне көмек бере білуге, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тапқырлыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Б) Дамытушылық: Тапсырмалар арқылы оқушылардың есептеу, есте сақтау қаблетін, ой - өрісін, өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту. Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Сабақ түрі: Аралас сабақ (ребус шешу, мақал - мәтелдер айту, ойын ойнату)
Сабақ әдісі: Түсіндіру, орындату, салыстыру, есептеу.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, дүниетану, ана тілі
Сабақ көрнекілігі: Оқулық, тақта, бор, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, кестелер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Пәнге бағыттау
2. Психологиялық дайындық. « Шаттық шеңбері»
Қайырлы таң досым!
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күн дүйсенбі,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.
3. Сыныпты топқа бөлу. Ребус шешу «Достық», «Бірлік»
Ұрандарын айту.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
№9 тапсырма
ІІІ. Оқушыларды жан - жақты тексеру:
1. «Қызықты төрттік» ойыны
10 40
30 20
20 10
40 30
ІҮ. Жаңа сабақ:
- Балалар, біз бүгін ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Саяхат жасай отырып, қай топтың белсенді екендігін байқаймыз. Саяхатқа шықпас бұрын мына сұрақтарға жауап беріп алайық.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз айында ағаштарда қандай өзгерістер болады?
- Жапырақтар неге сарғаяды?
Ендеше жапырақтарды жинау арқылы №1 тапсырманы орындайық.
Кестені толтыру.
а 200 15 6 120
в 30 30 40 5
с 5 9 100 15
d 4 2 4 3
(а+в+с)*d
- Ендеше балалар, ертегіге саяхатқа шығуға болады. «Бауырсақ» ертегісін білмейтін бала бар ма?
- Бауырсақ қояннан құтыла алмайды делік. Ол үшін қоянның тапсырмасын орындайық. №2 тапсырманы түсіндіре отырып орындату.
1. Қосындыны санға көбейту үшін, әр қосылғышты сол санға көбейтіп, содан шыққан көбейтінділерді қосу керек.
(а+в)*с=а*с+в*с
с*(а+в)=с*а+с*в
22341*2 123200*3 111202*4
2. Қосындыны санға бөлу кезінде әрбір қосылғыш осы санға бөлінетін болса, онда тиімді есептеу үшін әр қосылғышты санға бөліп, алынған нәтижені қосуға болады.
(а+в): с=а: с+в: с
44682: 2
369600: 3
444804: 4
Ү. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру.
- Енді Бауырсақты қасқырдан құтқару үшін, қасқырдың тапсырмасын орындайық. Ол үшін №3 тапсырманы ауызша орындап шығайық.
ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
Енді бауырсақты аюдан құтқару үшін №4 тапсырманы орындайық.
Есепті шығар.
ҮІІ. Сабақты бекіту.
Енді Бауырсақты түлкіден құтқару үшін №6 тапсырманы орындайық.
309*2+516: 4
7 809 - 29*4+7 700
295: 5*3+4 093
10 000 - 623+420: 2
9 800 - 408: 2
45*(145 - 136)- 219
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру №5
ІХ. Бағалау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу

Бүгінгі біздің тақырыбымыз үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу. Сабағымыздың мақсаты: Оқушыларға үш таңбалы санды бір...
Көбейту және бөлу

Көбейту және бөлу

Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу, оларға амалдар қолдануды, кесіндінің ұзындығын, төртбұрыштың ауданын табу тақырыптарын...
Жоғарғы разряд бірліктері осы санға бөлінбейтін үш таңбалы санды бір таңбал ...

Жоғарғы разряд бірліктері осы санға бөлінбейтін үш таңбалы санды бір таңбал ...

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай кенті, «№4 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі Тажимова Дана Мейрбекқызы...
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдері. Қайталау

Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдері. Қайталау

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қарағой бастауыш мектебінің бастауыш пәні мұғалімі Тилеукабылова Куаныш Тилеукабыловна...
Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы

Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы «№ 22 ЖОББ» КММ бастауыш сынып мұғалімі Габдуллина Асель Толеухановна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×