Тақырыбы: Қызықты математика
Мақсаты: Оқушылардың математикадан білім деңгейлерін анықтап, логикалық, қызықты есептерді де шығара білуін тексеру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды біліктілікке, тез әрі дұрыс жауап беруге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
түрі: Жарыс сабақ
Барысы: Қымбатты ұстаздар!
Біздей сыныпқа қош келдіңіздер!
Бүгін біздің сыныпта «Қызықты математика» атты сабақ өтпекші. Сабақ жарыс түрде өтеді.
Жарысқа 2 топ қатысады.
1 – топ «Ойшылдар.» 2 – топ «Білімділер»
Әділ қазылар алқасы Амантаева Ұ
1. Амантаева Ұ
2. Әлнәзи Г
3. Жұмағали З
Сайыстың шарттары:
1. Таныстыру
2. Жаңылтпашты жаңылмай айту.
1) Ұшып кетті 3 құс
Ұшып келді ұшқыш
2) Жоғалды 5 шыбыш
Жоқ әлі еш сыбыс
Жоқ әлі еш сыбыс
Жоғалды 5 шыбыш
3. Амал таңбаларын қою.
4. «Алма жинау» ойыны.
5. Қызықты есептер
6. Капитандар сайысы
7. Фигуралар қою
1. Таныстыру.
І – топ Ойшылдар тобы.
Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп
Ойламаңдар қорқып біздер қашар деп
Біз дайынбыз жарысуға достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Тобымыздың аты: Ойшылдар
Тобымыздың ұраны: Оқу - білім азығы
Білім - ырыс қазығы
ІІ – топ Білімділер тобы.
Бір сыныпта оқимыз бәрімізде
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге
Тобымыздың аты: Білімділер
Тобымыздың ұраны: Білімдіге дүние жарық
Білімсіздің күні қаріп
2 – бөлім.
Жаңылтпаш айту
1) Ұшып кетті 3 құс
Ұшып келді ұшқыш
2) Жоғалды 5 шыбыш
Жоқ әлі еш сыбыс
Жоқ әлі еш сыбыс
Жоғалды 5 шыбыш
Әр топтан 2 баладан жаңылмай айтып шығу.
3 – бөлім.
Амал таңбаларын қою.
27 * 36= 63 63 * 27= 36
35 * 49= 84 84 * 34= 40
64 * 16= 48 80 * 20= 100
81 * 51= 30 89 * 19= 70
12 * 5 * 2= 5 63 * 7 * 6= 50
46 * 8 * 8= 30 11 * 18 * 9= 20
4 – бөлім.
Алма жинау.
Шарты: Алма ағашынан алманы алып сыртындағы тапсырманы орындау арқылы себетке жинау. Себетке алманы көп жинаған топ жеңіске жетеді.
5 - бөлім
Қызықты есептер.
1. Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды? (1)
2. Егер Т дан бастасаң санмын
Т ны алып тастасаң жаумын ( төрт – өрт )
3. 5 жыл бұрын Айжан 8 жаста болған, 6 жылдан кейін Айжан неше жаста болды? ( 19 )
4. 2 бала тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әр қайсысы неше сағат ойнады? (2сағ)
5. 1 кг темір мен 1 кг мақтаның қайсысы ауыр? (тең)
6. Түнгі сағат 10 да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? ( жоқ )
6 – бөлім.
Капитандар сайысы.
Математикалық лото
б і л і м д і
17 21 42 15 9 14 50
10 + 7= 17 б
17 + 25= 42 л
14 – 5= 9 м
94 – 44= 50 і
42 – 21= 21 і
25 – 10= 15 і
6 + 8= 14 д
7 – бөлім
Фигуралардан адам құрастыру.
Әділ қазылардың бағасы бойынша, білімділер тобы жеңіске жетті!
Балаларды бағалап, марапаттау!
Қызықты математика
- Бахыткуль
- 16 желтоқсан 2013
- 35444
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қызықты математика, жарыс сабақ
Ұқсас жаңалықтар:

Жұлдызды сәт
Мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін пысықтау, қайталау. Жұптасып жұмыс істеу дағдыларын арттыру. 2. Оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа...
Қызықты әзіл - есептер
Қарасу орта жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Талапов Ерасыл Жетекшісі: Дуйсенбаева Арнагул Имангазиевна...
Білімді мыңды жығар (Интеллектуалды ойын)
Сабақтың атауы Білімді мыңды жығар. Интеллектуалды ойын. Жалпы мақсаттар Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау. Оқыту нәтижесі...
Білекті бірді, білімді мыңды жығар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназия Кененбаева Жанар...
Логикалық есептер
Атырау қаласы, №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Махимова Раушан Мубаракқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.