Сайтқа кіру Тіркелу

География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым - қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекетінің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл - ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.[1]
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар жаңа технологиялар және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Бұл тығырықтан шығудың бірден - бір жолы оқу - тәрбие процесінде жаңа технолгиялардың әдіс - тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу. Жаңа технологиялық процестің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Жаңашылдық білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасында «орта білім берудің мақсаты – терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін – өзі іске асыруға, өзін – өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілген.[2]
Осыған байланысты білім беру сапасы бойынша басты назар адамның алған білімін қолдануына қажетті және үздіксіз оқуға мүмкіндік беретін біліктер мен дағдыларды қамтитын сапалы білім беру жүйесін құруға бағытталуы қажет.
Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» техногиясын басшылыққа аламын.
География пәнін оқушыларға оқытып үйретуде мұғалім үнемі өзінің ой - өрісін кеңейтуге, біліміне білім қосуға тиіс және оқытудың жаңа технологияларын меңгеруі қажет.
Педагог – ғалымдар қазіргі кезде қолданып жүрген білім беру технологиясы терминін әр қырынан ашып көрсетуде. Түсіндірме сөздікте «Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінген.[3]
Б. Лихачев педагогикалық технология оқу үрдісінде белгілі бір мақсат көздейтін педагогикалық ықпал десе, В. И. Беспалько «Оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы» деген анықтама береді.
М. Кларин «Педагогикалық технология – белгілі мақсатқа қол жеткізу жолында қолданылатын барлық қисынды ілім, амалдар мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» деп жазады.[4]
Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын қалыптастыру мәселесінде белгілі ғалым Сократтың оқыту үрдісіне көңіл бөлемін. Оқу сапасын арттыру үшін күнделікті сабақта жаңа технологияларды пайдаланамын.
Осы негізде география пәнін оқытуда «сыни тұрғыдан ойлау» жобасы стратегияларын қолдану тиімді деп санаймын. Бұл – американдық ғалымдардың идеялары негізінде құрылған жоба. Сыни ойлау дегеніміз – оқушының қоршаған ортаға, ақпарат әлеміне, өзінің іс – әрекетіне сын тұрғысынан қарауын жетілдіру деген сөз.
«Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының стратегияларын пайдалану өз сабақтарымда тиімділігі сол, оқушылар бұдан өздерін бақылап, талдау жасап үйренеді. Білімді Өз еңбектері арқылы ой елегінен өткізе отырып,
алады.
Бұл техногияны пайдаланудың тиімді тұстары мыналар:
1. Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;
2. Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
3. Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;
4. Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
5. Оқытушының уақытын үнемдейді
6. Қосымша мәліметтер береді.
7. Оқушыларға сенімділік білдіріледі;
8. Талантты, қабілетті балалар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады.
9. Білім дәрежесі бірдей оқу топтарында оқу жеңілдейді.
СТО технологиясын пайдаланудың мұғалімге де берері мол:
1. Барлық баланы оқыту;
2. Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;
3. Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;
4. Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену;
5. Оқушы үнемі үй тапсырмасын оқып, орындауға дағдыланады.
6. Оқушыда жылдам ойлап шешу әрекетін қалыптастырады.
7. Сұрақтарға қысқа, нақты жауап беруге машықтанады.
8. Сынып оқушыларының білім сапасын неғұрлым тез айқындауға мүмкіндік береді.
9. Оқушының қай тақырыпты меңгере алмағанын анықтауға болады.
Мысалы, 8 – сынып «Табиғат зоналары»
1. Қызығушылығын ояту:
Білім турнирі /сұрақ - жауап/
1. Қазақстанның ең жақсы игерілген табиғат зонасы?/ орманды дала /
2. Дала зонасының топырағы?/ қара және қызыл қоңыр/
3. Егін шаруашылығы үшін шамалы пайдаланылатын табиғат зонасы? /шөлейт/
4. Үстірт, Бетпақдала, Сырдария өзендерінің оңтүстік жағалауында орналасқан сазды зона?/шөл/
2. «Кім тез» ойыны Сөзжұмбақ шешу.
3. А/ Географиялық диктант
1. Өзендері түгелдей дерлік......... суымен толығады...........,............,............. өзендерінің суы халықтың тұрмыс қажеті үшін ғана емес, өнеркәсіп мақсаты үшін де пайдаланылады.
2. Қазақстандағы............... дала топырағының............................. жазығындағы............... дала топырағынан айырмасы -........................ сортаң болып келеді.
3. Дала зонасының өзендерінің деңгейі................ Зонаны..............,............,..............,...............,..................,................,..................,............... және бірнеше шағын өзендер кесіп өтеді.
4. Шөлейтте......... және............... шаруашылығы басым дамыған. Ойдым - ойдым суармалы жерлерде..................,.................... өсіріледі.
Әрбір сабақтың қалай өткенін мұғалім кері байланыс арқылы білуге болады.
6. Кері байланыс
1. Мен бүгін істей алдым
2. Маған қ и ы н болды
3. Мені таң қалдырды
4. Қызықты болды
5. Мен енді істей аламын
Көптеген сыныптарда тақырыптар мазмұнына сәйкес білім бекіту мақсатында мынадай кестені толтыруға болады:
Не білеміз? Не білгім келеді? Не білдім?

Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан - жақты пікірлесу, талдау жасап отыру, яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу. Сонымен қатар қасындағы оқушының пікірін тыңдау, сол пікірлерді салыстыру.[5]
Бұл технологияның негізгі ұстанымдар: әлсін – әлі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, тіректерді пайдалану, келіспеушіліктің болмауы, оқушының жетісіктерінің жариялығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік жасау, барлық балалар дарынды, табысқа жетуге жағдай жасау, оқытумен тәрбиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процесс болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады. Сыни ойлау кез – келген жас аралықтарына тән. Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы: Нақты мақсат қоюға дағдыланады. Өзіне деген сенімі артады. Оқу процесіне белсенді қатысады. Жолдастарының пікірін сыйлайды. Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі. Сараптауға, бағалауға дағдыланады. Пәнге деген қызығушылығы артады.
Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады.
Қызығушылығын ояту
Мағынаны тану
Ой толғаныс
Оқушының дербес ойлауын дамыту үшін география сабағындағы бұл технологияның тиімділігі бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. «Қызығушылығын ояту» кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады. Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не үйретемін?», және «Оқушы үйреніп шығады? деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. «Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап оны «Куббизм» стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындаған сұрақтарға оқушылар өз ойларын білдіріп жауап береді. Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой толғаныс. Мұнда «Венн» диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығымен мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде пікір - сайыс немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың 5 - 6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз.
Білім беру мазмұнын жаңарту, оқыту әдістерін жетілдіру оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым - қатынасын жоғары деңгейде ұйымдастыру секілді міндеттердің қай - қайсысы да әрекетсіз іске аспайды.
Оқу - адамның саналы өміріндегі басты әрекет. Оқу әрекеті мұғалімнің басшылығы арқылы оқушының сана - сезімін дамытуға бағытталады.
“Әрбір бала - болашақ данышпан» деген ойлы қағидаға мән берсек, яғни табиғи таланттарды ашу, жас талапкерлердің жарқырап көрінуі үшін мұғалімге жүктелер міндет аз емес. Ол міндет - оқушылардың шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін, ой - өрісін дамыту үшін аянбай еңбек ету, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту.
Осы идеяларды дамыту үшін оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасау, негізгі құндылық - оқушы және оның жеке тұлғасы. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани, азаматтық, басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Қазіргі кезде Джорж Соростың ашық қоғам институты мен «Сорос Қазақстан» қорының «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы кеңінен енгізіліп жүр. Сын тұрғысынан ойлау әдісі оқытуда дамыту технологиясына жатады. Бұл илюстративті түсіндірмелі, ішнара іздену, пікір сайыс ойын, шығармашылық, өзін өзі дамыта оқыту әдістерінің бірі.
Сын тұрғысында ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра отырып, оқушылардың жеке, топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктерін ашуға бағытталған. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Оқушылардың ауызша, жазбаша тілін, ойлау есте сақтау қабілеттерін, әрбір ақпаратты сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сынай қарауы шығармашылық қабілетін дамытады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы:
– Әр оқушы сабаққа толық қатыстырылып, деңгейін анықтай алады;
– Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттырады;
– Қызығушылығын оятады;
– Сұрақ қойып, өз ойын еркін айтуға;
– Мазмұнын толық түсінуге жағдай туғызады.
– Әр сабақтарымда осы сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту технологиясының элементтерін тиімді қолданамын. Оқытудың әр түрлі технологиясын қолдану арқылы жеке тұлғаның қоршаған ортаға, дүниеге өз көзқарасын қалыптастыруға жол ашады. Жеке тұлғаның қиялын дамыту барысында оларды бақылуға, зерттеуге, ойлауға, сөйлеуге, ойын толық жеткізуге үйретемін.
Білім сапасын арттырудағы жаңа технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
- білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
- жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
- жаңа оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық - техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден - бір шарты - оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми - техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында жаңаша басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.
Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие сапасын арттыруға мүмкіндік береді. [6, 7, 8]
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.«Білім беру мекемелері қызметкерлерін ақпараттық – коммуникацикалық технология саласы бойынша біліктілігін көтерудің ғылыми - әдістемелік негіздері» Алматы – 2006
2. ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Егеменді Қазақстан, 28 желтоқсан, 2003.
3. В. П. Беспалько. Слагаемые педагогические технологии. М. 1989.
4. М. В. Кларин. Технология обучения; идеал иреальность. Рига эксперимент, 1999, 180 б.
5.«Жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары» Е. Т. Акитбаев., 2006ж
6.«География және табиғат» ғылым педагогикалық журналы.№1, 2, 3, 2012.
7. Бәкелестікке қабілетті тұлға тәрбиелеу. Қ. Жүнісханов. 2008.
8.«Оқыту - тәрбиелеу технологиясы» журнал - 2010 №3, 5, 2011 ж. ж №5, 10

ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы
«Ленин атындағы орта мектебі»КММ
География пәнінің мұғаімі
А.Е.Мергазина
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Оқытуда инновациялық технологияны пайдаланудың тиімді жолдары

Оқытуда инновациялық технологияны пайдаланудың тиімді жолдары

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу - тәрбие үрдісіндегі...
Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері

Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады....
Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру

Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру

ШҚО, Семей қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені» КММ Батырханова Гульнар Абугалиевна...
Оқыту үрдісіндегі жаңа инновациялық технологияларды география сабағында қол ...

Оқыту үрдісіндегі жаңа инновациялық технологияларды география сабағында қол ...

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катон ауылы, «Ленин атындағы орта мектебі» КММ, А. Е. Мергазина...
Қоғам қажеттілігі - жаңа технологияны қолдану

Қоғам қажеттілігі - жаңа технологияны қолдану

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, "Жұлдыз" балабақша меңгерушісі Ералимова Ғалия Болатқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×