2021 жылы 12 қараша күні сағат 14: 00 - де шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы кафедра меңгерушісі филол. ғ. д. профессор А. Е. Саденованың басшылығымен және кафедраның қазақ тілі оқытушылары филол. ғ. к. Г. Ә. Машинбаева, доцент Г. Ә. Мұсаева, филол. ғ. к М. Ешімов, аға оқытушы Р. Дүйсенбаевалардың ұйымдастыруымен «ҚАЗАҚ ТІЛІ – ӘЛЕМ ТЫНЫСЫНДА» атты Халықаралық ғылыми - әдістемелік семинар онлайн форматта өткізілді.