Тілім менің-тірлігімнің тірегі
- 31 мам
- 60485
- Тәрбие сағаты
№2 Облыстық арнаулы санаториялық
мектеп интернатының тәрбиешісі
Қалыбаева Нұрсулу Әлижанқызы.
Тақырыбы: Тілім менің-тірлігімнің тірегі.
Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру.
Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қабырға газеті, ақын-жазушылардың суреттері..
Әдісі: Мерекелік іс-шара.
Барысы:
Мемлекеттік Гимн орындалады.
Жүргізуші:
Балалар, қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде.
1989 жылы,22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген.
Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасіретемес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.