Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
Ыбырай Алтынсарин атындағы № 204 мектеп
Есназарова ЖанатЕліміздің білім беру жүйесіндегі реформа жас ұрпақтың әрқайсысының жеке тұлға ретінде қалыптасуында маңызды мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды көздейді. Әр жас өркеннің азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ететін қоғамдағы негізгі де, жауапты сала, ол – білім беру жүйесі.
Қоғам өмірінің барлық сфераларында терең өзгертулер жүруде, соның ішінде келешек ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру да өзекті мәселе болып тұр.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылдың 19 ақпанындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты халыққа Жолдауында елімізді одан әрі жаңарту мен демократияландыру үшін қазақ халқының моральдық және рухани құндылықтарын одан әрі дамыта беруге аса көңіл бөлу қажеттігін баса айтқан.