Сайтқа кіру Тіркелу

Үш дос

Бала күннен бірге өскен үш дос болыпты. Ер жеткен соң үш достың біреуі байып кетеді. Ал екеуі кедей болады. Екеуі бірігіп үнемі бай досына: "Сенің ақшаң көп, жағдайың жақсы, бізге байлығыңмен бөлісіп жартысын берсең болады ғой?" деп тиісе беретін көрінеді. "Сендер қалтадан бұрын сананы байытуларың керек" деген досын екеуі түсінбей, тек ақша сұраумен болады.
Бірде бай достары бар ақшасын шығарып:
- Маған "Ақшаң көп, байлығыңмен бөліс" деуші едіңдер ылғи, мінекей, бар ақшам осы. Осыны үшке теңдей бөлемін, бірақ достығымыз жалғасын тапсын. Ақшаның достығымызға сызат түсіргенін қаламаймын,- деп ақшаны үшке бөледі.
Алайда ақшаны алған екі досы со күйі жоқ боп кетеді.
Біріншісі күнде бір көрмесе болмайтын болған соң, ақшаны банкке салуға қимайды. Ол не тамақ алмайды, не киім кимейді, не қыдырмайды, ақшасын біліп қоя ма деп ешкіммен араласпай қояды. Ескі киіммен жүре береді, жетісіп тамақ та ішпейді. Есесіне үйінің жертөлесіне тыққан ақшасын күнде санап, иіскеп мауқын басып, қайта жасырып қоятын. Досы берген ақшаның бір тиынын да жұмсамайды.
Оның бұл әрекетін ұрылар байқап қалып, ізіне түсіп, ақшаны ұрлап кетеді. Ақшасының ұрланғанын білген ол жылап - сықтап, бай досына барып, болғанды баяндайды. Сонда досы қолына 1 түйір тас беріп: "Мынаны ұрланған ақша орнына жасыр" дейді. Себебін сұрағанда:
- Айырмашылығы неде? Сен жұмсамасаң, тамақ ішпесең, киім кимесең, елге көмектеспесең, өз ісіңді бастамай әншейін тыққыштап отырсаң, ақша тықтың не, тас тықтың не, бәрібір емес пе? Қалтадан бұрын сананы байыт дегенім осы еді ғой,- дейді бай досы.
Ал екінші жігіт керісінше, ешкіммен араласпай, ақшасын тек сауық - сайранға оңды - солды шашып, бір күні казиноға кіріп, барын ұттырып, тіпті қарызға кіріп кетеді.
Ол сол күні ақша алғалы көрмеген бай досының зәулім үйіне іздеп келіп:
- Сен бәріне кінәлі! Ақшаңды маған бермегенде, осынша қарызға кірмес ем!- деп ақша берген досын айыптайды.
- Сананы, ойыңды өзгертпей, әмиянды өзгерткеннен пайда жоқ деген ем. Тыңдамадыңдар,,,- дейді досы.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×