Сайтқа кіру Тіркелу

Сабақ түрлері мен типтері

Орындаған: Жумаева Ф.А
Тақырыбы: Сабақ түрлері мен типтері
Сабақ – логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу - тәрбие үрдісі. Оның құрамында күрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс - әрекеттің байланысы.
Сабақ өз алдына мұғалімнің шеберлігінің айқын көрінісі болғанымен, бір жағынан оқытудың психолого – педагогикалық заңдылықтарына, екінші жағынан білім беру стандартының қоятын талаптарына негізделген.
Сабақ түрлері және оның құрылымы
Түсіндіру сабақтары:
Жаңа сабақ – жаңа білім беру мақсатында.
Біріккен сабақ – жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету мақсатында.
Зерттеу сабағы – іздендіру мақсатында.
Панорамалық сабақ – сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында.
Пысықтау сабақтары:
Бекіту сабағы – білімді меңгеру деңгейін байқау.
Саяхат сабақ – танымдық қабілетін дамыту.
Семинар сабақ – оқушының білімін тереңдету.
Қайталау сабағы – пәндерден алған білімді толық қалыптастыру.
Жарыс сабақ – оқушылар ойларының жетіктігін байқау.
Конференция сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру.
Талқылау сабағы – ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау.
Сынау сабақтары:
Сынақ сабақ – білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру.
Диспут сабақ – білімі мен дағдысын қалыптастыру.
Ойын, жұмбақ – оқушылар зейінін дамыту.
Сахналау сабағы – оқушылар шығармашылығын дамыту.

Жоспар:
1. Сабаққа қойылатын талаптар
2. Сабақтың негізгі компоненттері
3. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
4. Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оны дайындау кезеңдері
5. Әр түрлі үлгіде көрсетілген сабақ талаптары
6. Сабақты өзіндік талдау
7. Өткізілген сабаққа мұғалімнің талдау жасау алгоритмі
8. Қазіргі сабақтың негізгі этаптары
9. Сабақ талдау түрлері мен типтері
10. Сабақтың тиімділігін арттырудың негізгі жолдары
11. Анықтама жазу әдістемесі
12. Шығармашылық жұмыстар
А. Сабақ жоспарлары.
Ә. Сыныптан тыс жұмыстары.
Б. Көрнекіліктер, дидактикалық материалдар..
В. Оқушылардың жұмыстары.
Г. Баспа материалдары.

Сабаққа қойылатын талаптар
1. Дидактикалық талаптар: сабақтың ұқыпты, айқын, дұрыс ұйымдастырылуы, оқушылар алдындағы тақырыптың дұрыс таңдап алынуы, білімдік және тәрбиелік мақсаттармен қатар сабақтың нақты тапсырмаларын ұтымды жүргізіп пайдалануына әсер етеді. Бұл талаптар сабақ жоспары мен тақырыптық жоспардың жақсы жасалуына байланысты. Сабақ жоспарында сабақтың тақырыбы, мазмұнының қысқаша жоспары, білімдік және тәрбиелік мақсаты мен тапсырмалар, құрал - жабдықтар, көрнекіліктер, сабақтың құрамының
кезеңдік түрлері, оқыту әдістері мен дидактикалық әдіс - тәсілдердің түрлері жазылады.
2. Технологиялық талаптар: Мұғалім өзі сабақ беретін сыныбындағы оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, айтып жеткізуін, сабаққа ынта, көңіл қоюын, ерік - жігерін, т. б. психологиялық жағдайы сабақ үрдісіне ерекше әсерін тигізеді. Мұғалімнің көңіл - күйі, жинақтылығы, жүріс - тұрысы оқушыларға беріліп, оқу еңбегінің дұрыс немесе бұрыс болуына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалім өз бойындағы әр түрлі психикалық, эмоциялық көңіл - күйлеріне ерік бермей өзін тежеп ұстауы қажет.
Оқушылардың жеке басын танып, зерттеу арқылы сабақ үстінде оларды мадақтап, қолдап, көмек беріп және сол сияқты сабаққа үнемі қатысып отыруын ескеруі мұғалімнің назарынан тыс қалмауы қажет
3. Гигиеналық талаптар: Сынып бөлмесіндегі гигиеналық талаптардың сақталуы, қалыпты температура мен жарықтың мол болып түсуі - балалар денсаулығының кепілі. Мұғалім оқушыларға шектен тыс физикалық немесе миға, жүйкеге салмақ салатындай ауыр тапсырмаларды бермеуі керек. Ақыл - ойдың тежелуі мен зорығуы сабақтың бір сарында болуына әкеп соқтырады. Ақпаратты қабылдауды өмірлік тәжірибемен ұштастырмау дұрыс емес. Ең бастысы, дененің әр түрлі сезім мүшелері бірдей жұмыс істеуін қатаң ескеру қажет. Мұндай үзіліс оқушының демалып, әр түрлі органдарының қалыпқа келуіне әсер етеді.

Сабақтың үш мақсаты:
Білімділік: оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.
Тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл - күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың негізгі компоненттері
1. Ұйымдастырушылық - сабақ бойы сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртіп.
2. Мақсаттылық - оқушылар алдына сабақ мақсаты мен оның жеке кезеңдерінің мақсатын қою.
3. Ынталандырушылық – оқылатын оқу материалының берілген тақырып бойынша да, жалпы курс бойынша да маңыздылығын анықтау.
4. Коммуникативтілік – мұғалімнің сыныппен қарым - қатынас деңгейі.
5. Мазмұндық – оқылатын, бекітілетін, қайталанатын, өзіндік жұмыстар және т. с. с. материалдарды таңдау.
6. Технологиялық – сабақ типіне, берілген тақырыпқа, берілген сыныпқа арнап тиімді оқыту түрін, әдісі мен тәсілдерін таңдау.
7. Бақылау – бағалаушылық – сабақтағы оқушы іс - әрекетін бағалауда оны белсенділікке ынталандыру, танымдық қызығушылығын дамыту үшін пайдалану, қолдану.
8. Аналитикалық (талдау) – сабақты қорытындылау, сабақтағы оқушылар іс - әрекетін талдау, сабақты ұйымдастыру бойынша өз әрекетінің нәтижесін талдау.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
Сабаққа дайындық барысындағы мұғалім әрекетінің алгоритмі
1. Сынып оқушыларының ерекшелігін есепке алу. Сынып деңгейі. Оқушылардың пәнге қызығушылығы. Сыныптың жұмыс қарқыны. Білім, білік, дағдының қалыптасуы, әр түрлі жұмыс әрекетіне қарым - қатынас, оқу жұмысының әр түріне, сонымен қатар дәстүрден тыс жұмыс түрлеріне қатысы, оқушылардың жалпы тәртібі
2. Жеке ерекшеліктерді есепке алу: жүйке жүйесінің типі, тіл табысушылығы, көңіл - күйінің өзгеруі, эмоционалдығы, оқушылардың жаңа материалды қабылдауына басшылық жасауы, көңіл - күйдің төмендеуін жеңе білуі; өз білімі мен біліктілігіне сенімділігі,.
3. Сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ережелерді сақтау.
1) Сабақтың тақырыптағы, тақырыптың жылдық курстағы орнын анықтау, сабақтың жалпы міндеттерін бөлу; 2) Сабақ тақырыбына қатысты үш түрлі: ғылыми, ғылыми - көпшілік, әдістемелік кітаптарды таңдап алу, олардың мазмұнымен танысу; 3) Оқу бағдарламасын қарап шығу, түсіндірме хатты қайта оқу, берілген тақырып бойынша стандарт талаптарын оқып шығу, сабаққа байланысты мұғалімнен не талап ететінін анықтау; 4) Оқулық материалын еске түсіру, тірек білім, білік, дағдыны бөліп алу; 5) Сабақ міндеттерін нақтылау, басты міндетті бөліп алу, оны оқушыларға түсінікті, олар қабылдай алатындай етіп тұжырымдап жоспарға жазу; 6) Сабақта оқушы нені түсінуі керек, нені есте сақтау керек, нені біліп, сабақтан нені үйренуі керектігін анықтау; 7) Оқушыларға қандай оқу материалын, қандай көлемде, қандай мөлшерде баяндау керектігін, жетекші идеяларды дәлелдейтін қандай қызықты деректерді келтіруге болатынын анықтау; 8) Сабақ міндеттеріне сәйкес сабақ мазмұнын жіктеп алу, жаңа білім, білік, дағдыны қалыптастыратын, жаңа материалды игертетін тиімді тәсілдерді таңдап алу; 9) Оқушылардың дәптерлері мен тақтада не және қалай жазылатынын ойластыру; 10) Сабақты тұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, көзделген сабақ барысын сабақ жоспарына жазу.

Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оны
дайындау кезеңдері
1. Бөлім немесе тақырып бойынша сабақтар жүйесін жасау, құрастыру;
2. Бағдарлама негізінде, әдістемелік құралдар, оқулық және қосымша әдебиеттер бойынша сабақтың үш мақсатын анықтау;
3. Сабақтағы оқу материалының тиімді мазмұнын анықтау, оны бірқатар тірек бөлімге бөлу, дидактикалық өңдеу;
4. Сабақта оқушы түсініп, есте сақтауы тиіс негізгі материалды бөліп алу;
5. Сабақтың оқу міндеттерін тұжырымдау;
6. Сабақ құрылымын жасау, оның типін, тиімді әдістер мен тәсілдерін анықтау;
7. Пәнаралық байланыс пен сабақта оны пайдалану әдістерін анықтау;
8. Сабақтың барлық кезеңдеріндегі, әсіресе стандартты емес жағдайларындағы оқушы мен мұғалімнің барлық іс - әрекетін жоспарлау;
9. Сабақтың дидактикалық құралдарын таңдау;
10. Техникалық оқу құралдары мен құрал - жабдықтарды тексеру;
11. Мұғалімнің тақтаға сызып, жазатындары мен оқушылардың тақтада немесе дәптерлерінде орындайтын ұқсас жұмыстарын жоспарлау;
12. Сабақтағы оқушылардың өзіндік жұмысының түрі мен тиімді көлемін анықтау;
13. Үйде және сыныпта алған білімді бекіту, білімді жинақтау және жүйелеу түрі мен әдісін таңдау;
14. Білім, білік, дағдысы олардың қалыптасу деңгейіне сәйкес әдістермен тексерілетін оқушылардың тізімін жасау, үй тапсырмасының түрі мен көлемін анықтау;
15. Сабақты қорытындылау түрін ойластыру;

Аралас сабақ
Үй тапсырмасы бойынша нұсқаулық және тәжірибеде оларды қолдану, жаңа сабақты бірінші бекіту, жаңа материалды баяндау, үй тапсырмасының орындалуы және ертерек оқылған материалдармен білімдерін тексеру, ұйымдастыру бөлімі: өзіне келесі элементтерді қосу, күрделі құрылымдағы сабақтар осы үлгіде болады.
Оқушыларды жаңа материалды қабылдауға дайындау, үй тапсырмаларының орындалуын; оқушылардың дағдыларын және іскерлігін; өткен материалдармен білім деңгейін сұрау жолымен бағалау және әшкереленген білім нәтижесін тексеру. Тексеруде және білім бағасына қабылданады:
жеке ауызша жауап алу;
карточкамен жауап алу;
жазбаша жауап алу;
тақтада жауап алу;
басқа да жауап алу жолдары және тапсырма шешімі

Алынған білімді жинақтау және қайталау сабақ.
Пәнді бөлу немесе осындай сабақ түрі тақырыпты оқығаннан кейін өткізіледі.
Оның белгілері болып табылады:
- тапсырманың берілуі және проблема құрылымы;
- жұмыс қорытындысының бағасы және жауап қорытындысы;
- қортынды өткізу; қатені түзету;
- үй тапсырмасының нұсқаулық бойынша орындалуы

Сабақта білім, дағды, шеберлік қолдану
Сабақтың осы түріне кіргізіледі:
- Ұйымдастыру бөлім;
- білім мақсатын түсіндіру және анықтау;
- алдыда оқылған материалдармен байланысты айқындау;
- орындалған жұмыс бойынша нұсқаулық;
- оқушылардың өздік жұмысы;
- оның қортынды бағасы;
- үй тапсырмасы бойынша нұсқаулық.
Оқушының өздік жұмысы - сабақты оқытуда негізгі әдіс. Сабақта білімділік, іскерлік және дағды пайдалану пән бөлімі немесе тақырыпты оқып білудің аяқталуында қолданылады. Бұл өткен білім бойынша тәжірибелік дағды және теориялық материал біліміне ереже сияқты тексеру өткізілмейді.
Дағды және шеберлік өндіру, білімді бекіту сабағы
- ұйымдастыру бөлім;
- сабақ мақсатына түсінік және анықтама;
- оқушы білімін жаңғырту;
- алдыңғы жұмыстың мазмұнымен байланысты;
- оның орындалуы туралы нұсқаулық және тапсырма мазмұнын хабарлау;
- оқушыға оқытушылардың жетекшілігімен өздік жұмыс;
- орындалған жұмысқа баға және жинақтау;
- үй тапсырмасының орындалуы бойынша нұсқаулық.
Еңбек, оқушылардың өздік жұмысы осындай сабақта оқытудың негізгі әдісі болып табылады. Оқушы тапсырма шешеді, есептеулерді орындайды, басқа материалдармен және кітаппен өзі жұмыс істейді.

Сабақты өзіндік талдау
Оқушылардың көтерілуін, жетістігін ескере отырып іс - жүзінде орындалған мен жоспарланғанды салыстыру арқылы өз іс - әрекетінің соңғы нәтижесін бағалау мақсатында жүргізілген мақсаттың мазмұны мен міндеттеріне шын жүректен ой - тұрғысында жүйелеп орналастыру болып табылады.

Өткізілген сабаққа мұғалімнің талдау жасау алгоритмі
1. Қандай талаптар басшылыққа алынды?
2. Тақырыптағы сабақтардың өзара байланысы қалай есепке алынды?
3. Оқушылардың ерекшелігі: нашар және жақсы оқитын оқушылар ерекшелігі қалай есепке алынды?
4. Сабақтың үш мақсаты қалай анықталды?
5. Оқушылардың іс - әрекеті қалай жоспарланды?
6. Сабақтағы оқу материалы дұрыс таңдалды ма?
7. Мұғалім мен оқушылардың әдіс - тәсілдері өзін ақтады ма, егер жоқ болса, неге?
8. Қолданылған техникалық оқу құралдары мен көрнекіліктер өзін ақтады ма, егер жоқ болса, неге?
9. Оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына не ықпал етті?
10. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының педагогикалық құндылығы неде?
11. Сабақ оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға, олардың тәрбиесі мен адамгершілік қасиеттерінің дамуына, жігері, мінез - құлқы мен жеке мәдениетіне қалай әсер етті?
12. Сабақ барысы: не көзделіп, қалай өтті?
13. Сабақ кезінде сыныпта, жекелеген оқушыларда қандай қиындықтар туындады? Олардың пайда болу себептері мен шешу жолдары.
14. Сабақ мақсаты мен міндеттеріне жетті ме, қандай көрсеткіштер бойынша ол анықталды, егер сабақ өз мақсатына жетпесе, не кедергі болды?
15. Сабақ нәтижелілігін бағалау.
16. Мұғалімнің өзін бағалауы.
17. Сабақты жетілдіру жолдары.
Сабақ талдау түрлері мен типтері
Сабақ талдау типтері
1.– толық - мұғалім іс - әрекетінің стилін анықтау мен іс тәжірибесін, оқу – тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыруды бақылау мақсатында жүзеге асырылады.
2. – қысқа - жалпы сапасын бағалау мақсатында және негізгі дидактикалық категорияларды айқындайды;
3. – кешенді – сабақты ұйымдастыру формасы, әдісі, мазмұны, мақсаты арасындағы байланыс пен бірлігін жан – жақты қарастыруды болжайды. Көп жағдайда бір тақырыпқа байланысты бірнеше сабақтарды талдауда және жас мамандарды оқытуда қолданылады.
Талдаудың әр қайсының бірнеше түрлері бар: дидактикалық, психологиялық, тәрбиелік, методологиялық, ұйымдастырушылық.
Педагогикалық талдаудың мақсаттары әр түрлі болуы мүмкін, осыған сүйене отырып сабақтың бір аспектісіне (жалпы педагогикалық, психологиялық т. б.) сәйкес келетін жекеленген талдау жүзеге асырылады.
Сабақтың тиімділігін арттырудың негізгі жолдары
• танымдылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсатты қою мен шешу;
• оқу үрдісінің қолайлығы (оқушының жеке дара мүмкіндіктері мен қабілетін ескере отырып оқытудың барлық кезеңдерінде ең қолайлы нұсқасын таңдау);
• оқушылардың танымдылық қызығушылықтарын қалыптастыру мен ынталандыру;
• оқытудың ынталандыру әдістері мен тәсілдерін қолдану;
• оқушылардың өзіндік іс - әрекетін ұйымдастыру;
• жалпы және арнаулы білім, білік, дағды тұтастығын қалыптастыру;
• қарама – қарсы байланыстың шапшаңдығын ұйымдастыру;
• оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынасының ынтымақтастығын қалыптастыру, жағымды психологиялық қолайлы ахуалды қамтамасыз ету

Анықтама жазу әдістемесі
Кез келген анықтама құрылымы мына бөлімдерден тұрады:
1. Анықтама тақырыбы (не тексерілді?)
2. Тексеру мақсаты (не үшін тексерілді?)
3. Тексеру мерзімі (қашан тексерілді? Тексеру жүргізілген күндер нақты көрсетіледі)
4. Тексерушілер көрген «сурет», фактілердің көрсетілуі (не анықталды? Оның себебі неде?)
5. Ұсыныстар, іс - әрекет бағдарламасы мен оған қатысушылар (не істеу керек?)
Анықтама жазылып біткен соң, тексерілген кісілер онымен таныстырылады, қажет болған жағдайда тиісті өзгертулер де енгізілді.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық құзіреттіліктерін қалыптастыру жолдары

Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық құзіреттіліктерін қалыптастыру жолдары

Қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми - практикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің...
Жаңа бағдарлама-жаңа бағыт

Жаңа бағдарлама-жаңа бағыт

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы № 14 орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі...
Оқушылардың білімін жетілдірудегі арқылы тексерулердің маңызы

Оқушылардың білімін жетілдірудегі арқылы тексерулердің маңызы

БҚО, Зеленов ауданы, Щапов орта жалпы білім беретін мектебінің математика - информатика пәндер мұғалімі Сексенбаева Алтынай Кировқызы...
Сабақ типологиясы

Сабақ типологиясы

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тоғас батыр атындағы орта мектеп Маселова Маржан Еркінғазықызы...
Мектептегі әдістемелік бірлестік іс-әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыру

Мектептегі әдістемелік бірлестік іс-әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыру

БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×