Сайтқа кіру Тіркелу

Pascal программалау тілі

Арыс қаласы
Аманкелді атындағы жалпы орта мектебі
информатика пәні мұғалімі: Алмахан Балжан

Сабақтың тақырыбы: Pascal программалау тілі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Паскаль - программалу тілі, және оның негізгі элементтері туралы айту, түсіндіру. Паскаль программасында жұмыс жасай білуге үйрету.
Дамытушылық: Тез ойлап, ұтымды жауап қайыра білуге, жүйелі, еркін сөйлеу дағдыларын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік. Оқушыларды компьютермен жұмыс жасата отырып, қауіпсіздік ережесін сақтауға, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер және оның құрылғылары, интерактивті тақта, тірек - сызбалар.
Пән аралық байланыс: Физика, математика, ағылшын.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

1. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Алгоритммен программаның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
2. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
3. Алгоритмдер түрлері қандай?

2. Жаңа сабақ түсіндіру.
Паскаль тілін 1968 - 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейінірек бекітілді, ол сол кездерде кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл болды. Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай. Қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды.
Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады
1. Тақырып
2. Сипаттау бөлімі
3. Оператор бөлімі
Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады.

Одан кейін программаның ішкі объектілерінің Сипатталу бөлімі жазылады.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі болып табылады. Орындалатын іс - әрекеттер, командалар, осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып end сөзімен аяқталады.

Pascal тіліндегі программа құрылымы
Program bastau
Сипаттау бөлімі
Begin
Оператор бөлімі
End.

Сипаттау бөлімінде берілген өрнектердегі айнымалы, тұрақты, нақты сандарды сипаттап жазады.
Операторлар бөлімінде орындалатын негізгі әрекеттер:
Деректер – сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз тіркестерін мән ретінде қабылдай алатын тұрақтылар (константалар), айнымалылар, т. б. Осы тәрізді
құрылымдар, немесе солардың адрестері.

Дерек енгізу – бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе енгізу - шығару порттарынан енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Операциялар немесе амалдар – берілген және есептелген мәндерді меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру амалдарын орындайды.

Нәтиже алу (шығару) – аралық немесе қорытынды мәліметтерді экранға, дискіге немесе енгізу - шығару порттарына жазу.

Цикл - белгілі бір шарттар орындалған (кейде орындалмаған) жағдайда көрсетілген командалар жиыны бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен беріледі.
1 - кезең.
Сыныпта орындалатын тапсырмалар
1. Шеңбердің радиусы 5см - ге тең. Шеңбердің ауданын есептеуге арналған формулаға программа құрастыр.
Шешуі:
Program shenber;
const pi=3. 114159;
var s, r: real;
begin
r:=5;
s:=pi*sqr(r);
write(‘r=5=’, r);
end.
2. Ені 3см, ұзындығы 5см болатын төртбұрыштың ауданын есептеуге арналған формулаға программа құр.

Шешуі:
program esepteu;
var y, a, b: real;
begin
a:=3;
b:=5;
y:=a*b;
write ('a=3, b=5 төртбұрыш =', y);
end.
3 - кезең. Есептер шығару. Әр топқа бір - бір есептен беру. Бір - бірінің есептерін тексеру.
1. Екі санның бөліндісін табуға программасын құру.
Program bolindi;
Var a, b, x: real;
Begin
Readln(a, b);
X:=a/b;
Writeln(‘x=’, x);
End.

2. Трапецияның а, и, қабырғалары және һ биіктігі берілген. Трапецияның ауданын есептеуге арналған программа құр.
А=2, b=3, h=5
S=(a+b) h/2

program trapesia;
var a, b, s, h: real;
begin
a:=2;
b:=3;
h:=5;
s:=(a+b)*h/2;
write ('a=2, b=3, h=5 òðàïåöèÿ=', s);
end.
3 - кезең. Өзін - өзі тексеру. Әр топқа 10 сұрақтан тұратын тест
беріледі. Тестті топ басшылары
жинап алып, тексеріп бағалайды
(Топ басшысы қарсылас
тестін тексереді).

4 - кезең. Саралау - Бағалау кезеңі.
Әр топ басшысы
бағалау парағын толтырып
қарсы топтың әр мүшелеріне
бағаларын айтады.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.

1) Паскаль тілінің негізін салушы кім?
2) Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
3) Программаның негізгі бөлігі қандай түйінді сөзден басталып, қандай сөзден аяқталады?
4) Оператор дегеніміз не? Олар қандай топтарға жіктеледі?
Үйге тапсырма: Есептер шығару.

Толық нұсқасын слайдын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Цикл параметрлері

Цикл параметрлері

Сабақтың тақырыбы: Циклдік параметрлері....
Стандартты функциялар. Стандартты типтердің сипатталуы

Стандартты функциялар. Стандартты типтердің сипатталуы

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Тайкенов Дархан Есенбайұлы...
Программа құрылымы. Шамаларды  сипаттау бөлімі

Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі

Пән аты: Информатика Сабақтың тақырыбы: Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі. Паскаль тілінің қарапайым операторлары. Сабақтың мақсаты:...
Стандартты функциялар

Стандартты функциялар

Пән аты: Информатика Сабақтың тақырыбы: Стандартты функциялар. Стандартты типтердің сипатталуы. Өрнектер және олардың жазылуы Сабақтың мақсаты:...
Паскаль тілінің қарапайым операторлары

Паскаль тілінің қарапайым операторлары

№35 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Баймурзина Майдагүл Сағынғалиқызы Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілінің қарапайым операторлары ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×