Білім қара шаңырағындағы Наурыз тойы
31 наурыз күні білімнің қара шаңырағы ҚазҰУ - де көптен күткен дәстүр мен қазынаға толы Ұлыс мерекесі өтті. Биылғы жылы университет ұжымы бұл мерекені тойлауға ерекше құлықты болды. Екі жыл еңсемізді тіктетпеген тәжді тажалдан кейінгі Наурыз тойын тойлауға ҚазҰУ - лықтар қызу дайындық жүргізді. Университет алаңына хан сарайындай етіп он екі қанатты үйлер құрып, қазақтың салты мен тұрмысынан сыр шертетін түрлі көрмелер ұйымдастырды. Олардың қатарынан тіпті саятшылық өнердің атрибуттары қазақы тазы мен қыран құс та табылды, сәйгүлік аттарға мінген сері жігіттер де болды. Университет ауласында жастар үшін бірнеше алтыбақан құрылды. Әр факультетбір - ауыл. Факультет атынан тігілген киіз үйлерде қазақтың пейіліндей кең дастархандар жайылды. Онда көшпенділердің көп тұтынатын қуаты мол ірімшік, жент, құрт, қазы - қарта сынды тіл үйірерлік тағамдары самсып тұрды.
Бұл мерекеге университет қабырғасында қазақ және орыс тілдерін оқуға Ауғанстан, Иран, Жапония, Корея, Қытай, Үндістан т. б. елдерден келген шетелдік азаматтар да келді. Олар бұл күні өздерінің ұлттық киімдерін киген, ерекше көңіл күйде. Факультетте оқитын жапон студенттер домбырамен қазақ күйлерін ойнап, мерекенің сәнін келтірсе, шетелдік азаматтармен қатар оқитын қандастарымыз тойды қара жорға биімен дүбірге бөледі. Шетедік қандастарымыз үшін туған жер топырағында Ұлыс күнін ұлттық киім киіп, алтыбақан теуіп, туған елде жайылған дастарханнан дәм татып тойлау көңіл толқытарлық күйде еді. Киіз үйдің ішінде ақ дастархан басына отырған қонақтарға Наурыз мерекесінде жасалатын негізгі тамақ Наурыз көже ұсынылды, қымыз, шұбаттан да дәм татқызды.
Университетте шетел азаматтарына қазақ және орыс тілдерін оқытатын профессор А. Е. Саденова басқаратын Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары шетелдіктерге ұлттық дастарханнан дәм татқызып, әрі әр тағамның жасалу технологиясы туралы мәліметтер айтып беріп отырды. Бұл күні шетелдіктер Наурыз тойының қызығына әбден кенелді. Олар қазақтың түрлі ұлттық киімдерін киген өз оқытушыларына қызыға қарап, олармен суретке түсуге қайта - қайта өтініштерін білдірді. Университетімізге оқуға келген шетедіктер әр түрлі мәліметтерге қанығып, өздеріне таныс емес дәстүрге қатысты көкейлерінде жүрген көп сұрақтың шешімін тапты, көңілдеріне көп нәрсе тоқыды.
Қысқасы, өздері оқыған тіл мен сол тілде сөйлейтін ұлттың өміріне қатысты көп естіген ақпаратын бір рет көзбен көріп, артық білді деуге болады. Олар тіл оқи отырып жергілікті халықтың мәдениетінен де мол мәлімет білуге болатындығына тағы да бір мәрте көз жеткізді.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының
аға оқытушысы Г. Ә. Машинбаева
Білім қара шаңырағындағы Наурыз тойы
- ramuk_b
- 5 сәуір 2022
- 342
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Наурыз тойы, қара шаңырақ, ҚазҰУ
Ұқсас жаңалықтар:
Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...35 жылдық мерейтойға орай өткізілген ашық есік күні
Қара шаңырақ саналатын әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және...«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті
Қазіргі форс - мажорлық жағдайда әрі қиын кезеңде, яғни коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқан...Шетелдіктерге арнайы өткен «Ашық есік күні»
Жақында әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда...Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.