Сайтқа кіру Тіркелу

Шетел тілін оқытуда интерактивті тәсілді қолдану

Шетел тілін оқытуда интерактивті тәсілді қолдану.

Қазақстан Республикалық білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада жоғары білім беруді дамыту үшін білім беру қызметіне жаңаша қарауды, білім беру жүйесінде ғылым мен тәжірибе жинақталған бай педагогикалық, психологиялық, әдістемелік мұраны зерттеп, талдауды және ғылым мен техникалық жетістіктерін кеңінен енгізуді талап етеді.

Қазіргі кезде ғалымдар оқыту процесінде дидактикалық мақсатты шешуде оқытудың белсенді формаларына бет бұруда оқытушының студенттермен педагогикалық қатынасты ұйымдастыра алу қабілеті бүгінгі таңдағы шетел тілін оқыту процесінің тиімділігін арттырады, сондай-ақ ол студенттің жеке тұлға ретінде ерекшелігін ашуға және оның шетел тілі мәдениет аралық қарым- қатынас құралы ретінде меңгеруіне бағытталады. Аталған мәселені шешу үшін педагогтар мен әдіскерлер оқыту процесінде оқытудың белсенді формаларын қолдану керектігіне тоқталды.
Осыған орай оқушылардың белсенді өзіндік жұмысын қамтамасыз ету үшін студенттердің бір мәселені бірігіп шешуде өз бетінше белсенді, танымдық шығармашылық әрекетін қамтамасыз ететін интерактивті тәсілге баса назар аударуда.

“Интерактивтік” деген сөз энциклопедия мен ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей интеракция деген ұғымнан келіп шығады, ол екі жақты біріккен әрекет болып табылады.
Ол оқыту процесінде студенттерді бірігіп белгілі бір мәселені шешуге, белгілі бір әрекетке өз жауапкершілігін сезініп, белсенді болуға және осы кезде өз қиялын, ой-өрісін, шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге бұл әдіс студенттерді жұп болып, бірігіп жұмыс жасауға, жұмыс жасай отырып, өзгелерге көмек көрсетуге үйретеді. Сонымен қатар бұл ұғым тәсіл ретінде төмендегідей талаптарға сай келеді.
- Ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегіне өткізеді.
- Оқушы өзін-өзі еркін және ыңғайлы сезінетін өрісті қалыптастырады, тілді оқып үйрену ниетін арттырады.
- Оқушының жеке тұлғасына тікелей әсер етіп, танымдық, шығармашылық қабілетін оятады.
- Топ студенттерімен жасалатын жұмысты түрлі формада (жұптық, топтық, ұжымдық) өткізуді қамтамасыз етеді.
- Ойлауды белсендіреді.

- Ынтымақтастықпен әрекет етуге үйретеді.
- Тыңдау дағдысын қалыптастырып, өзгені тыңдай алады.
Әрине мұндай тәсілді қолдануда кездесетін қиындықтар да жоқ емес. Себебі әр студенттің ойлау қабілеті, жылдамдығы, білім деңгейі, ақпаратты меңгеруі бірдей жағдайда емес. Осыдан келіп оқушылардың алдында шынайы және психологиялық қиындықтар туындайды.
Шынайы қиындық:

- берілген тапсырма дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда.
- жүріп жатқан әңгіме студентке қызық емес болса.
- әңгімені тыңдамағандықтан сөйлей алмаған жағдайда туындайды.
Ал психологиялық қиындық шынайы қиындыққа қарағанда жиірек кездеседі. Оқушы мұндай жағдайда көбінесе үнсіз қалады.
Яғни:
- оқушы өз ойын білдіру үшін көмекші сөздерді, тілдік құралды таба алмағандықтан үндемейді.
- оқытушы мен топ алдында сөйлеуге қысылғандықтан үндемейді.
- өз білім дәрежесінің төмен екендігін көрсеткісі келмегендіктен үндемейді.
Мұндай жағдайда студентті сөйлеу үшін оған қысым көрсетпей, оған сөйлеу үшін ыңғайлы, қолайлы мүмкіндік туғызылуы керек, оқушыны өз әрекетерін тыңдай білуге үйрету керек.

Мұғалім алдымен оқушыларды сөйлеуге үйретуде, соның ішінде тілді қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруге ұмтылуын, оқушыларға өз іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру үшін оған сай ниетін оятып әрі оқу атмосферасын орната білуі керек. Ал мұндай атмосфераның орнауына Н.В.Гавриленконың төмендегі пікірлерімен толықтай келісуімізге тура келеді.

Біріншіден, ағылшын тілін оқытуда интерактивтік тәсілді қолдану кезінде қойылатын талаптың, жасалатын жұмыстың оқу процесіне сай болуы керек. Талап тым жоғары болса, оқуға деген қызығушылық жойылады, ал төмен болса, жалығуға әкеліп соқтырады.
Екіншіден, жұмыс түрлері, онда қолданылатын оқу құралдары, жаттығулар оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне сай болуы керек.
Үшіншіден, оқушылар жіберген қателерін мұғалім көмегімен өздері табуы керек.

Оқушылар әр түрлі болады. Олардың бірі оқытушының айтқанын жылдам ұғып алады, енді біріне материалды ұғу үшін қосымша түсіндірмелер мен мысалдар қажет болады. Мұндай студенттер нақты нені түсінгенін ұғына алмай сұрақ қоюға жасқанады. Осындай жағдай оқушыларды топқа немесе жұпқа біріктіріп, оларға ортақ тапсырма беріп, ол тапсырманы орындау барысында әрбір студентке жеке рөлдер мен міндеттер атқаруды талап етсе, онда әр оқушының өз жұмысына жауапты болып, жалпы жұмыс нәтижесінде қол жеткізуге ұмтылатын жағдаят пайда болады. Сондықтан да білімі төмен оқушылар үлгерімі жоғары оқушылардан өзіне түсініксіз болған жерді сұрап, ал үлгерімі жақсы оқушылар топтың жеңіп шығуын ойлап, барлық оқушылардың, әсіресе білімі төмен оқушылардың нәтижелі жұмыс істеуін көздейді. Осылайша оқушылар қиындықтың алдын алады.
Интерактивті тәсіл, әсіресе сабақты пысықтап, қорытындылауға бірден-бір көмегін тигізетін тәсілдердің бірі. Сонымен қатар интерактивті әдіс арқылы студенттер өз білімін өздері бағалайды да олар алған білім, білік дағдылары бойынша бағаланады. Әсіресе өзін - өзі бақылау, топтық өзара бақылау кезеңдері сабақты бекітуге біршама септігін тигізеді.

Бұл бақылауды төмендегі бақылау әдіс белгілері арқылы іске асыруға болды. Өздік бақылау
1.Менің бүгінгі тақырыпқа өз бетімше дайындығым : төмен, орта , жоғары.
2. Бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім : төмен, орташа, жоғары.
3. Бүгінгі сабаққа қатысуым : төмен, орташа, жоғары.
Топтың өзара бағалауы (топтар бір-бірін бағалайды)
1. Топ ұжымының татулығы, белсенділігі, өзара әрекет әдебі, топтық араласу әдебі : төмен, орташа, жоғары
2. Жаңа тақырыпты өмірмен байланыстыра айтуы : төмен, орташа, жоғары
3. Сөйлеу шешендігі, мәдениеті, төмен, орташа, жоғары.

Бұл бақылаулар студенттерді өздеріне және өзгеге сын тұрғысында қарауға үйретеді. Онда біреуді үшін тиісті болуы қажеттігі туады. Бұл бағыттау мен бағалау оқушылардың бойында мына қасиеттерді қалыптастырады: еріктілік, еңбексүйгіштік, өз біліміне сенімділігі, қабілеттілігі, жауапкершілікті сезінуі, адамдық, жолдастық қасиеттер, сөз қоры, ғылыми ақпараттарды ақтаруы, өзінше түйін жасауы, сөйлеу мәдениеті т.б.
Жалпы шетел тілі сабағында қолданылып жүрген рөлдік ойындар, іскерлік ойындар, пікір талас, студенттердің баяндамалары мен ақпараттық хабарлары, дәріс-диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер, ұжымдық – таныдық оқу, иммитиация әдістері осы жоғары белсенділікті дамыту әдісінің интерактивті әдіс белгілері болып табылады. Сабақты ұйымдастырудың топтық-үлестірме түрлерін қолдану арқылы іс-әрекетті талқылау, қарама-қарсы қайшылықты мәліметтер беру арқылы пікір таласын тудыру оқушылардың мәнге деген ықыласын, ынтасын арттырады.
Сабақ барысында қолданылған төмендегі бір-екі мысалға көңіл аударайық.
Белгілі бір өтілетін тақырыпты пысықтау мақсатында оқушыларды үш топқа бөліп, оларға негізгі тақырыпқа байланысты (“Travelling” тақырыбын алайық) тақырыпшаларды береміз:

1 топқа : “Travelling by train ”
2 топқа : “Travelling by bus ”
3 топқа : “Travelling by plane ”
Әр бір топ өздеріне берілген тақырыпшалар бойынша ассоциограмма жасайды. Ассоциограмманың көмегімен топ оқушылары бірігіп, өздеріне берілген саяхат түрлері жайлы толық мағлұмат бере отырып оның тиімді және тиімсіз жақтарын ашып айта білулері керек. Сонымен қатар әр топқа қойылатын талап тақырыпқа байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін көбірек пайдалану және талқылауға топ оқушылардың түгелдей қатысуын қадағалау. Соңында оқытушы топтарға бірін - бірі бағалауға мүмкіндік беріп, өзінің қойған бағасымен қорытындылай отырып, әр топтың ортақ бағасын шығарады.
Осы тәрізді тәсілді грамматикалық жаттығуларды орындату кезінде де пайдаланған өте тиімді. Мұндай жағдайда топ оқушылары әр бір ұпай үшін күреседі. Себебі грамматикалық тұрғыдан әрбір дұрыс жасалған сөйлем оларға ұпай әкеліп отырады. Тапсырманы орындау кезінде студенттер өздерінің бар білгендерін топ мүшелерімен бөліседі. Бұл кейбір грамматикалық материалдарды түсінбей жүрген студенттерге үлкен көмегін тигізеді.
Ал мәтіндермен жұмыс жасау кезінде оқушылардың берілген мәтінді кемінде екі рет оқығандары дұрыс. Бастапқыда олар мәтінге тек көз жүгіртіп, жалпы идеяны немесе басты проблеманы түсіне алады, ал одан соң мұқият көңіл бөліп бастан аяқ оқып шығады. Бұлайша жасау талқылаудың алдында тұжырымды логикалық тұрғыдан қайта пысықтауға көмектеседі.

Сабақ уақытын мейілінше үнемді пайдалану үшін мәтінді үйден оқып келуді тапсырған дұрыс.
Тағы бір көңіл аудара кететін жағдай интерактивті әдіс тәсілдің маңызды көрсеткіштері деп оның тәрбиелік жағын да айта кеткен жөн. Топпен жұмыс істеу студенттердің бірін - бірі тануына, тыңдау мен пікір алысу мәдениетінің қалыптасуында да өз әсерін тигізеді.
Қорыта айтқанда, интерактивті тәсілдің ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған тапсырмаларды орындау оқушыларға оқытылып отырған тілдің практикалық тұрғыдан қолдану нәтижесін, жемісін көруге мүмкіндік береді және осы жағдай олардың шетел тілін оқып үйренуге деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар оқушылар әрекетін белсендіру, оқу материалдарын, оқыту әдістері мен тәсілдерін жетілдіру сияқты негізгі педагогикалық мәселелерді іске асырады...

Жарылқасын Назгүл Айболатқызы
№24 орта мектеп, ағылшын пәні мұғалімі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Қызықты ағылшын тілі» вариативтік компоненті арқылы бала тілін ақпараттық  ...

«Қызықты ағылшын тілі» вариативтік компоненті арқылы бала тілін ақпараттық ...

«Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі -...
Интербелсенді оқыту технологиясы

Интербелсенді оқыту технологиясы

Сабақ оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрлері өте көп. Демек, әрбір сабақ оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол - оқытуды жетілдіру, қажетті...
Ақпараттық - қатынастық технология арқылы бастауыш сынып оқушыларының ауызе ...

Ақпараттық - қатынастық технология арқылы бастауыш сынып оқушыларының ауызе ...

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы №217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Гүлдана Бауыржанқызы...
Шетел тіліне үйретуде ақпараттық технологияны қолдану

Шетел тіліне үйретуде ақпараттық технологияны қолдану

Ақпараттық технологиялардың дамуы сабақ өткізуге – қашықтан оқу формасын кіргізуге мүмкіндік жасады....
Тіл үйретуде ақпараттық технологияларды  пайдалану тиімділігі

Тіл үйретуде ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі

Жезқазған қаласы №10 орта мектеп Досмағанбетова Жумакул Абсаматовна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×