Сайтқа кіру Тіркелу

Тіл тарихы: Латын тілі – халықаралық тіл

Тіл тарихы: Латын тілі – халықаралық тіл
V ғасырда Батыс Рим империясына бірнеше герман тайпалары: остроготтар мен вестготтар, суевтер мен вандалдар, бургундтар мен франктер басып кірді. Әр тайпа империяның белгілі бір бөлігін жаулап алды, сөйтіп, империя ыдырап кетті. Батыста соңғы император 476 жылы тақтан тайды.
Бұл саяси күйреу лингвистикаға айтарлықтай өзгеріс әкелген жоқ. Бұрын латын тілінде сөйлеген халық сол тілді сөйлеуін жалғастыра берді. Герман тайпалары халқының саны көп емес және көбінесе жоғары билікте жүрді. Ал төмендегі халық олардың тілінен мүлде хабарсыз еді. Біраз уақыттан кейін герман тілдері із - түзсіз жойылып кетті. V ғасырдан жеткен қолжазбалардан Інжілдің кейбір бөліктері гот тіліне аударылғандықтан, готиканың жазу тілі болып тұрақталғаны рас, бірақ ауызекі гот тілі қолданысқа түспеді де, басқыншылардың өзге де тілдерімен бірге жойылып кетті. Басқыншылардан өз тілін сақтап қалған бірден - бір ел – Британия. Құрлықта герман басқыншылары билікті тартып алғанымен, біраз уақыттан кейін жаңа ұрпақ қоластындағылардың тіліне өтіп кетті.
Мұның себебі герман басқыншылығының Рим басқыншылығынан айырмашылығында еді. Герман жауынгерлері ержүрек еді, бірақ шаруашылық жүргізу, салық жинау, сауда жасаумен айналыспады, жол инженерлері мен дін қызметкерлері болмады. Олардың тілі заң және экономика саласында латынның орнын баса алмады. Германдар соғыста жақсы нәтижеге жетті, бірақ бейбіт тіршілікті жүргізуге араласа алмады.
Латын тілі мен Рим мәдениеті герман басқыншыларын осылай жеңді. Бірақ бұл толық жеңіс емес еді. Империя шағын корольдықтар және олардан да кішкентай князьдықтар мен герцогтіктерге ыдырап кеткенде, көп өзгеріс болды. Байланыс пен сауда тоқтады. Үлкен қалалар мен шағын қалалар маңызын біршама жоғалтты, тұрғындар көшіп кетті, қалалар қаңырап бос қалды. Осындай процесс кезінде көп адам оқып - жаза білу қабілетінен айырылды. Мектептер тек монастырьлар мен шіркеулер қарамағында сақталып қалды. Басты экономикалық модель – аман жүру, өлместің күнін көріп, тіршілік ету болды; көптеген аймақта аз - маз маңызы бар жалғыз саяси субъект – жергілікті жер иеленуші ғана қалды. VII ғасырда Батыс Еуропада күшті саяси билік те, христиан шіркеуінен өзге қауымдастық пен ұйым да болған жоқ.
Бұл, әрине, тілге қатты әсер етті. Ол кезде жұрт аз жазғандықтан, тілге қатысты тікелей дерек жоқ, бірақ не болғаны туралы негізді болжам жасауға болады. Барлық мәтін латын тілінде жазылды. Империя жойылып кетсе де, ескі шекаралар шегінде, тіпті одан тыс жерлерде де латын ұзақ уақыт бойы жалғыз жазба тіл болып қалды. VI ғасырда салыстырмалы түрде айтқанда, жазылған дүние көп, авторлар, негізінен, классикалық мәнерде жазуды үйренді. VII және VIII ғасырларда жазылған мәтін өте аз, олардың тілі де біртүрлі оғаш. Жазушылар классикалық мәнерде жазуды көздеген, бірақ оған қабілеті жетпегендіктен, олардың шығармаларын түсіну мүмкін емес.
Осы ғасырларда ауызекі тілдің табиғаты қатты өзгерсе керек. Рим бұрынғы күшті ықпалынан айырылды. Әскер жоқ, мектептер жабылды, империяның бір түкпірінен екінші түкпіріне идеяларды, сөздерді тасымалдайтын саудагерлердің саудасы тоқтады. Әркім өзімен - өзі болып қалды, сыртқы дүниемен байланыс сиреді. Бұл жағдай Римнің басқыншылығынан бұрынғы кезді еске салды.
Мұның тілге тигізген салдары біз ойлағандай болды. Бір кезде біртұтас Рим империясы болған ұлттар мен ұлыстар лезде бөлініп шыға келді. Әр аймақ өз дәстүрін қалыптастырды. Империяның кезінде латын тілінде диалектілік нұсқа деген болмайтын, бірақ ол құлағаннан кейінгі үш - төрт ғасырдың ішінде империя тілі көптеген аймақтық және жергілікті диалектіге бөлініп кетті. Тілдің өзгеріп жатқанын ешкім қадағаламады.
Біз мұны империяның әр түкпірінен табылған тіл туралы жазылған түрлі жәдігерлерден білдік. Көпке дейін жаңа жазба тіл пайда болған жоқ. VII - VIII ғасырларда жазылған кей мәтіндерде барынша тырысып, латынша жазғаны білінеді. Ол мәтіндерді жазғандардың бәрі дерлік монахтар немесе дін қызметіндегі адамдар еді. (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тіл тарихы: Тілдердің ассимиляцияға түсуі және жойылуы

Тіл тарихы: Тілдердің ассимиляцияға түсуі және жойылуы

V ғасырда Рим империясының құлауына қарай Оңтүстік - Батыс Еуропа елдерінің көбі латын тілінде өйледі; өзге тілдердің тек кейбір элементтері ғана...
Тіл тарихы: Империя және тіл

Тіл тарихы: Империя және тіл

Осы бір өлең жолы ресми Римнің басқаларды жаулап алуға қатысты ұстанымын айқын көрсетеді. Император Августтың бастамасымен Вергилий жазған «Энеида»...
Неліктен қазіргі уақытта «үшінші әлем елі» термині қолданылмайды

Неліктен қазіргі уақытта «үшінші әлем елі» термині қолданылмайды

«Үшінші әлем елі» термині Африканың, Азияның, Латын Америкасының және Океанияның кедей елдері сияқты дамушы елдерге қатысты. Бірақ әрқашан олай...
Тіл тарихы: Үндіеуропа тобындағы тілдер

Тіл тарихы: Үндіеуропа тобындағы тілдер

Егіншілік пен мал ұстау адамдардың өмірін қатты өзгертті. Жұрт отырықшы болды, көршілесіп топталатындар саны артты. Топтар іріленіп, ұйымдасып,...
Тіл тарихы: Герман, Славян және Роман тілдері

Тіл тарихы: Герман, Славян және Роман тілдері

Ежелгі ағылшын, ежелгі неміс және ежелгі норвег тілдерін салыстырсақ, ол тілдердің қазіргі заманғы нұсқаларына қарағанда, бір - біріне ұқсас екенін...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×