Пән аты: Информатика.
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: §28. Формуланы енгізу және көшіру.
Сабақтың мақсаты: білімділік: Microsoft Еxcel - де формулалар енгізу, формулаларды көшіруді ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыруды үйрету;
дамытушылық: оқушылардың Microsoft Еxcel - де жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
тәрбиелік: ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Практикум элементтері бар көрсете түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: ДК, интерактивті тақта, Active Vote құрылғысы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушыларды түгелдеу;
ә) ТҚЕ - лерін еске түсіру;
б) оқушы назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Үй жұмысы: §27. Microsoft Еxcel - де берілгендерді енгізу және редакциялау.
а) практикалық жұмыстарын тексеру;
ә) тест тапсырмаларымен жұмыс:
1) Электронды кесте бұл …..
А) Қандайда бір шын өмірдегі нақты объектілер жайындағы мәліметтер жиыны.*
Б) Кестеге жазылған мәліметтермен жұмыс істейтін программа.
В) Шын өмірдегі объектілерден тұратын массив.
Г) Мәтіндік ақпаратпен тығыз байланысты ерікті ақпаратты ұсынатын же өңдейтін арнайы құрылым моделі
2) Microsoft Excel программасы бұл -…
А) Windows - тың текстік құжаттарды құратын же модификациялайтын баспаға беретін қосымшасы
Б) Windows операциялық жүйесі бақылау жасайтын ақпаратты басқаратын жүйе
В) Windows операциялық жүйесі басқаратын электрондық кестені өңдеу үшін берілген арнайы бағдарлама*
Г) Экранда бейнелерді құратын же редакторлау үшін берілген арнайы бағдарлама
3) МS Excel – де кестенің жеке ұяшықты көрсететін, жолдың номері мен бағанының атын білдіретін ол -....
А) Есептеу нәтижесі
Б) Ұяшыққа енгізілген формула
В) Ұяшық адресі*
Г) Операндтар
4) МS Excel - дің дұрыс ұяшық адресін көрсетіңіз.
А) BD666*
Б) 67BC
В) LB745
Г) AB; 32
5) МS Excel - құжаты... болып табылады.
А) аты,. ppt түрінде берілген ерікті кеңейтілуі бар файл
Б) аты,. doс түрінде берілген ерікті кеңейтілуі бар файл
В) аты,. mdb түрінде берілген ерікті кеңейтілуі бар файл
Г) аты,. xls түрінде берілген ерікті кеңейтілуі бар файл*
6) МS Excel жұмыс кітабы неше жұмыс парағынан тұруы мүмкін?
А) 1 ден 6536
Б) 1 ден 255
В) 1*
Г) 1 ден 65536
7) МS Excel электрондық кестесі.... тұрады
А) 255 баған және 65 536 жолдан
Б) 256 баған және 65 536 жолдан
В) 255 баған және 65 563 жолдан
Г) 256 баған және 65 563 жолдан
8) белгісі қайда орналасқан?
А) Мәзір жолында
Б) Стандартты құрал – саймандар тақтасында
В) Формула жолында*
Г) Пішімдеу құрал – саймандар тақтасында
9) Үнсіз келісім бойынша сан қалай тураланады?
А) сол жақ шеті бойынша
Б) ортасы бойынша
В) оң жақ шеті бойынша*
В) оң және сол жақ шеті бойынша
10) Енгізілгендердің мәндер емес, формула екенін Ехсеl қалай анықтайды?
А) егер «=» белгісімен басталатын символдар тізбегін терсе*
Б) егер «=» белгісімен аяқталатын символдар тізбегін терсе
В) егер «+» белгісімен басталатын символдар тізбегін терсе
Г) егер «+» белгісімен аяқталатын символдар тізбегін терсе
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
§28. Формуланы енгізу және көшіру.
Формулалар — жұмыс парағындағы мәндер бойынша есептеулерді орындайтын теңдеулер. Формула әрқашанда теңдік белгісімен басталады (=).
Қарапайым формуланы тұрақты мәндер мен есептеу амалдағыштарын пайдалану арқылы жасауға болады. Мысалы, =5+2*3 формуласы екі санды көбейтіп, шыққан нәтижеге санды қосады. Microsoft Office Excel бағдарламасы математикалық амалдардың стандартты ретін орындайды. Алдыңғы мысалда көбейту амалы (2*3) бірінші орындалады, шыққан нәтижеге 5 саны қосылады.
Сондай - ақ, формула жасау үшін, функцияны пайдалануға болады. Мысалы, =SUM(A1: A2) және SUM(A1, A2) формулалардың екеуі де, A1 мен A2 ұяшықтарындағы мәндерді қосу үшін SUM функциясын пайдаланады. Электронды кестеде (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан жалпы қосындыны білу үшін қосылатын ұяшықтардың аумағын белгілеп, Стандартты құрал – саймандар тақтасындағы Автоқосынды (Автосумма) батырмасын пайдалануға болады.
Жасалатын формуланың түріне байланысты формула төмендегі бөліктердің кез келгенін немесе барлығын қамтуы мүмкін.
1. Функциялар. Функция, мысалы, PI(), (=) теңдік белгісімен басталады. Көптеген функцияларда, мысалы, SUM(), аргументтерді жақшаның ішіне енгізуге болады. Әрбір функцияда нақты аргумент синтаксисі болады. Кейбір аргументтер нақты бір аргументті қажет етеді, кейбіреулері бірнешеуін қажет етеді немесе оған рұқсат етеді (яғни, кейбір аргументтер міндетті емес болуы мүмкін), ал кейбір функциялар ешбір аргументке рұқсат етпейді — мысалы, PI().
2. Ұяшық сілтемелері. Формулаға ұяшық сілтемелерін енгізіп, жұмыс парағы ұяшықтарындағы деректерге сілтеме жасауға болады. Мысалы, A2 ұяшық сілтемесі сол ұяшықтың мәнін береді немесе есептеудегі мәнді пайдаланады.
3. Тұрақты мәндер. Сандар (2 сияқты) немесе мәтін мәндер сияқты тұрақ мәндерді де, тікелей формулаға енгізуге болады.
4. Амалдағыштар. Амалдағыштар — формуланың орындалуын қажет ететін есептеу түрін көрсету үшін пайдаланылатын таңбалар. Мысалы, ^ (екпін дәйегінің) амалдағышы санның дәрежесін шығарады, ал *(жұлдызша) амалдағышы көбейтеді.
Тұрақты мәндер мен есептеу амалдағыштарын пайдалану арқылы қарапайым формула жасау
1. Формуланы енгізу үшін, ұяшықты таңдаймыз.
2. Теңдік белгісін (=) енгіземіз.
3. Формуланы енгізу үшін, төмендегі әрекеттердің бірін орындаймыз:
Пайдаланылатын тұрақты мәндер мен амалдағыштарды есептеуішке тереміз:
Формула мысалы Әрекеті
=5+2 5 санын 2 санына қосады
=5 - 2 5 санынан 2 санын алады
=5/2 5 санын 2 санына бөледі
=5*2 5 санын 2 санына көбейтеді
=5^2 5 және 2 сандарының дәрежесін шығарады
немесе формулада пайдаланылатын мәні бар ұяшықты таңдап, пайдаланылатын амалдағышты енгізіп, мәні бар басқа бір ұяшықты таңдаймыз:
Формула мысалы Әрекеті
=A1+A2 A1 және A2 ұяшықтарындағы мәндерді қосады
=A1 - A2 A2 ұяшығындағы мәнді A1 ұяшығындағы мәннен алады
=A1/A2 A1 ұяшығындағы мәнді A2 ұяшығындағы мәнге бөледі
=A1*A2 A1 ұяшығындағы мәнді A2 ұяшығындағы мәнге көбейтеді
=A1^A2 A1 ұяшығындағы мәнді A2 ұяшығында көрсетілген экспоненциалды мәнге шығарады
Кеңес: Қажетті есептеу нәтижесіне қол жеткізу үшін қалағаныңызша формуладағы 8192 таңбаға дейінгі тұрақты мәндер мен амалдағыштарды енгізуге болады.
4. ENTER пернесін басамыз.
Ұяшыққа функцияларды енгізу үшін:
Формула енгізетін ұяшықты белгілейміз.
Функция менюіндегі Қою немесе батырмасының көмегімен Функция шебері (Мастер функций) диалогтік терезесін шақырамыз.
Функция шебері диалогтік терезесіндегі Категория өрісінде функцияның типін, содан кейін функция тізіміндегі Функцияны таңдаймыз.
ОК батырмасын басамыз.
1 – сурет. Функция шебері диалогтік терезесі
Формулаларды көшіру кестеге бір типтес формулаларды енгізуді жеңілдетеді. Формулаларды көшіру батырмасында ұяшықтарға салыстырмалы жіберу автоматты түрде өзгереді.
Ұяшықтағы мәліметтерді көшіру үшін төмендегі әрекеттерді жасаймыз:
Мәліметтері көшірілетін ұяшықтарды белгілейміз.
Түзету (Правка) мәзіріндегі Көшіру (Копировать) командасын шақырамыз немесе батырмасын шертеміз.
Түзету мәзіріндегі Қою (Вставить) командасын шақырамыз немесе батырмасын шертеміз.
Ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыру үшін төмендегі әрекеттерді орындаймыз:
Мәліметтердің орын ауыстырылатын ұяшықтарды белгілейміз.
Түзету (Правка) мәзіріндегі Қиып алу (Вырезать) командасын шақырамыз немесе батырмасын шертеміз.
Түзету мәзіріндегі Қою (Вставить) командасын шақырамыз немесе батырмасын шертеміз.
IV. Тапсырмалар орындау.
№28 практикалық жұмыс.
V. Сабақты бекіту.
1. Excel - дің қызметі қандай?
2. Excel ұяшықтарындағы мәліметтерді көшіру және орын ауыстыру әрекеттері қалай жүзеге асады?
3. Ұяшыққа функцияларды енгізу қалай орындалады?
VІ. Үйге тапсырма беру. §28. Формуланы енгізу және көшіру.
VІІ. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.
Формуланы енгізу және көшіру
- Светлана
- 5 наурыз 2013
- 20494
- 0
- 0
Ілмек сөздер: информатика, Excel, формула енгізу, тест
Ұқсас жаңалықтар:
Диаграммаларды құру
Оқушылардың MS ЕХСЕL де диаграммаларды құруды және мүмкіндіктерін пайдалануды үйрету. Компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға, жан — жақты болуға, өз...Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды...Ұяшықтағы мәліметтерді түзету
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ұяшықтарға енгізілетін мәлімет түрлерімен және оларды енгізу жолдарын үйрету. Олармен жұмыс жасауды, жұмыс...Excel кестелік процессоры
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Қазан орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мадиева Назира Кайдарқызы...MS Excel-мен танысу
Астана қаласы, №63 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Байсынова Динара Муратовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.