Сайтқа кіру Тіркелу

Тірек – қимыл жүйесі

Тірек – қимыл жүйесі бойынша қайталау
Оқушыларға ағзаны қимыл – қозғалысқа келтіретін тірек – қимыл жүйесі бойынша алған білімдерін пысықтау мақсатында жаңа технология әдістерін қолдана отырып, олардың дамуын арттыру, іздену мен құрастыру жұмыстарын жүргізе білу және оны пайдалануға үйрету үшін қайталау сабағын өткіздім. Сабақ топпен және жұппен өту барысында оқушыларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа және денсаулықтарын сақтай білуге тәрбиелеу – негізгі мақсатым болды.
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, тірек - сызбалар, интерактивті тақтадағы тапсырмалар, слайд «Сүйек аурулары», тест сұрақтары, активод.
Түрі: қайталау
Барысы: І. Ұйымдастыру сәті.
Оқушылардың сабаққа даярлықтарын тексеру. Мақсат қойып ынталарын жаңа сабаққа аудару. Оқушыларды 3 топқа бөлу: І - шығармашыл, ІІ - мүмкіндігі бар, ІІІ - міндетті делініп тапсырмалар беріледі.
ІІ. Мұғалім
Бүгінгі сабақта ТҚЖ бойынша алған білімімізді пысықтау мақсатында көру, сызу, орындау, зерттеу, дәлелдеу, бағалау сияқты сабақ элементтерін қолданамыз.
1. Электронды оқулықтан «Еске түсіру» мақсатында «Тірек - қимыл жүйесі» тарауына щолу жасаймыз.
Шығармашыл топ оқушылары:
2. Үйге оқушыларға таңдаулары бойынша жеке тақырыпшаларға тірек сызбалар сызып келу тапсырылған болатын. Тақтада орындап көрсетеді.
№1. ТҚЖ маңызы
№2 – Қаңқа бөліктері.
№3 – Сүйек типтері, байланысуы.
№4 – БЕ типтері, негізгі топтары.
№5 – БЕ жұмысы. (слайдтар тізбегі)
ІІІ. Интерактивті тақтада сабаққа қатысты тапсырмалар орындалады.
1) Мүмкіндігі бар топпен жұмыс:
№1 – бассүйек құрылысы
№2 – сүйек құрылысы
№3 – қол сүйектері
№4 – аяқ сүйектері
№5 – табан сүйектері
2) Міндетті топпен карточкалар арқылы жұмыс жүргізіледі.
№1 №2
Қаңқадағы сүйектер атауларын жаз Қол сүйектерінің атаулары
Суреттері бойынша

№3 №4
Аяқ сүйектерінің атаулары Омыртқа құрылысы, түрлері
Суреттері бойынша

№5
Бүгу мен жазу механизмін түсіндір

ІV. Бұлшық ет пен қаңқаның құрылысы мен маңызын көріп, оны талдап жатырмыз. Енді осы БЕ жұмысын зерттесек. Жалпы БЕ жұмысы екі түрімен жүзеге асады - бүгу және жазу. Оқушылар зертханалық жұмыс түрінде көрсетеді.

4. Екі оқушы шығып 5 кг гантельді біреуі көтеріп, ал екіншісі – көтеріп, түсіріп тұрады (35сек ішінде, қай оқушының қолы тез шаршайды).
Нәтижені бағалау: І-ші тез шаршайды. ІІ-сі шаршамайды.
Себебі: 1. жүкті көтеріп тұрғанда екі БЕ бір мезгілде жұмыс істейді(қолды көтеретін және түсіретін) сондықтан БЕ шаршайды, ал жүкті көтеріп түсіргенде БЕ кезектесіп жұмыс істейді.

5. Дәлелдеу мақсатында электронды оқулықтан «Бұлшық еттің жұмысын көреміз». «Неге бұлшық еттер қажиды?”тақырыбына оқушы қысқаша түсініктеме береді.
Неге бұлшық еттер қажиды?
Бұлшық еттің жиырылуына энергия қажет. Ол энергияны митохондрияда жинақталатын АТФ есебінен алады. Ал АТФ глюкозаның, май қышқылы аминқышқылдарының ыдырауынан толықтырылып отырады.
Қанның гемоглобині арқылы тасымалданатын оттегі бұлшықеттегі миоглабинмен байланыста болады. Ол қызыл түсті болады. БЕ тыныш тұрса оттегі жасушаларында көп жинақталады, ал үнемі жұмыс күйінде болса оттегіне тапшы болады.
Нәтижесінде БЕ оттексіз қалады да, гликолиз процесінде жұмсалатын сүт қышқылын пайдаланады. Көп жиырылғандықтан БЕ - ң ауырсынуы байқалады, ол сүтқыщқылының әсерінен болады. Егер БЕ - ті демалтса, оның жұмысы қайта қалпына келеді.

6. Енді осы қаңқаға байланысты аурулар көптеп кездеседі. Аурулардың түрлерін және оларды болдырмауды білуіміз қажет. Осы мақсатта үйге берген тапсырма бойынша оқушы ізденіп, ғаламторды пайдаланып әкелген жұмысын көрсетеді.
слайд «Сүйекке байланысты аурулар»

V. Тарау бойынша алған білімдерін тиянақтау үшін, әрі бағалау үшін тест
жұмысын орындаймыз (активодпен жұмыс)
Тест қорытындысына талдау жасалады.
Тест.
1. Қысқа сүйекке ….. жатады
а) иық сүйектері в) жауырын, бас сүйектері с) шынтақ және тобық сүйектері
2. Аз қимылдайтын буын
а) жамбас сүйектері в) бас сүйектері с) омыртқа
3. Дене қаңқасы неден тұрады
а) омыртқа жотасы, кеуде жасушасы, қол белдеуінен
в) омыртқа жотасы, кеуде жасушасы, аяқ белдеуінен
с) омыртқа жотасы, кеуде жасушасы, аяқ – қол белдеуінен
4. Ересек адамның омыртқа жотасының қай бөлігі бірігіп кеткен
а) кеуде, құйымшақ в) кеуде, сегізкөз с) сегізкөз, құйымшақ
5. Сколиоз дегеніміз -....
а) артқа қарай бағытталған иілім в) алға қарай бағыталған иілім
с) омыртқа жотасының бір жаққа қисаюы.
6. Қол белдеуі қандай сүйектерден құралған
а) жауырын мен бұғана в) жауырын, бұғана, төс с) жауырын, бұғана, төс және қабырғалар
7. Адам қаңқасындағы ең үлкен және ұзын сүйегі
а) асықты жілік в) ортан жілік с) шынтақ сүйек
8. Адамның бас сүйегіндегі жалғыз қозғалғыш сүйек....
а) тіласты сүйегі в) төменгі жақ с) таңдай сүйегі
9. Бұлшық еттер мөлшері мен ұзындығына байланысты былай бөлінеді
а) ұзын, қысқа, жалпақ, дөңгелек
в) ұзын, қысқа, жалпақ, аралас
с) ұзын, қысқа, дөңгелек
10. Адам денесінің қай бөлігінде қысқа бұлшық еттер орналасқан
а) аяқта, қолда в) омыртқалар арасында с) дене қуысында
11. Адам денесінің қай бөлігінде ұзын бұлшық еттер орналасқан
а) аяқта, қолда в) омыртқалар арасында с) дене қуысының қабырғасында
12. Арқа бұлшық еттеріне........... жатады
а) арқаның терең бұлшық еттері
в) арқаның терең бұлшық еттері, трапеция тәрізді бұлшық ет
c) арқаның терең, трапеция тәрізді, жалпақ бұлшық еттері
13. Бастың бұлшық еттері
а) шайнау, мимикалық, самай
в) шайнау және мимикалық
с) сатылы, шайнау және мимикалық

ІV. Бағалау. Топ басшыларына оқушылардың аты - жөні жазылған қағаз беріледі. Толтырылғаннан кейін хабарлайды.
Мүмкіндігі бар, шығармашыл, міндетті – топтарға бағалау парағы

Оқушы А - Ж Үй тапсырмасы ИАТ тапсырма қима қағаз зертхана тест баға
V. Үйге тапсырма. Тарауды қайталау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сүйектердің типтері және байланысу түрлері

Сүйектердің типтері және байланысу түрлері

Білімділігі: Қаңқадағы әрбір сүйектің өз орны мен маңызы болатын және әрбір сүйектің басқа сүйекпен ерекше байланысуын негіздеп, түсіндіру....
Сүйек типтері және олардың байланысуы

Сүйек типтері және олардың байланысуы

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Қаңқадағы әрбір сүйектің өз орны мен маңызы болатын және әрбір сүйектің басқа сүйекпен ерекше байланысуын негіздеп,...
Қаңқа бөліктері

Қаңқа бөліктері

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларды қаңқаның маңызымен және қаңқа бөлімдерімен таныстыру. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау және танымдылық...
Тірек-қимыл жүйесі

Тірек-қимыл жүйесі

Мақсаты: Білімді, адамгершілігі мол, жан - жақты тұлга тәрбиелеу. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдана отырып,...
Тірек-қимыл жүйесі

Тірек-қимыл жүйесі

Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Имангалиева Галия Жумабаевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×