Сайтқа кіру Тіркелу

Ер - тұрман

Шығыс Қазақстан облысы,
Тарбағатай ауданы, Үштөбе ауылы,
«Өкпеті» орта мектебінің
8 - сынып оқушысы Жұмашев Алмас
Жетекшісі: Башахов Болат Орынғазыұлы,
технология пәні мұғалімі

Шығармашылық зерттеу жұмысы

Тақырыбы: Ер - тұрман
Бағыты: Этномәдениет
Аннотация
Зерттеу ер - тұрман туралы толық мәлімет беруге бағытталған: қазақтың дәстүрлі қолөнері, ағашты ұқсату, ер қосу, ердің түрлері, ер - тұрман жасау және ағаш шеберлігі өнерін үйрету.
Болжамы: технология пәнін оқытуды, теория мен практикада алған білімдерімізді іс жүзінде дамытсақ, онда бойымыздағы түрлі қабілеттер ашылады, өйткені өз бетімізше ізденіп, ой - қиялымыз дамиды, әрі шеберлігіміз шыңдалады.

Зерттеудің барысы, кезеңдері:
1. Жетекшімен бірге жұмыс бағдарламасы, құрылымы жасалады.
2. Интернет және кітапханамен байланыс, іздену кезеңдері.
3. Қажетті материалдар жинақталады.
4. Зерттеу обьектісінің жобасы, технологиялық картасы сызылады.
5. Сыйкәделік ер - тоқым жасалады.
6. Зерттеу әдістері арқылы нақты талданады, нәтиже жасалады

Мазмұны:
I. Кіріспе бөлім.
1. 1. Ұлттық қолөнер туындысының бірі - ер - тұрман.
II. Негізгі бөлім
2. 1. Ер - тұрман түрлері
2. 2. Ер - түрман жабдықтары
2. 3. Ер - тоқымның жасалу технологиясы
III. Қорытынды.
IV.
Қазақ халқының өмірінде ағаштан жасалатын үй және тұрмыстық бұйымдарының алатын орны ерекше. Ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық, олардың жасайтын бұйымдарына қарай "үйші", "ерші", "арбашы", "ұста", "саз аспапшы" деп атаған.
Көшіп қонып, мал баққан қазақ халқы үшін көліктің негізгі түрі – салт ат, соған орай ер - тұрман жабдықтарының алатын орны да өзгеше.
Ағаштан жасалған бұйымдарды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрі оған өрнек ою болып табылады. Адам баласы ғасырлар бойы ат әбзелдерін ою - өрнекпен көркемдеп безендіріп отырған.

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мұрасының рухани да материалдық қазынасының қомақты бөлігі ұлттық қолөнер.
Халық қолөнерінің түп тамыры халықтың өмір сүру салтымен, шаруашылық дәстүрімен тығыз байланысты. Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп ұрпақтан - ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнер бабалардан қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды қазынасының бірі. Ол жаңа заман талаптарымен үндесе тарап ақыл - ойды асқарға, қиялды қиялға жетелейтін киелі мұра.
Қолөнер туындыларын жасау белгілі бір көркемдік ұстанымды сақтауды талап ететіні белгілі.
Ер дегеніміз – салт атқа мінуге арналған ат әбзелдерінің негізгі құралы. Ер - тоқым мінген адамға жайлы әрі аттың арқасына батпайтын, жүріске бөгет болмайтын болуы шарт.

Ел арасында сапалы ер - тұрманға деген сұраныстың жылдан - жылға артып келе жатқаны қуантпай қоймайды. Бұл ата - бабаларымыздан қалған бай мұраны сақтап, төл өнерімізді өркендетуге деген ықыластың артқанын аңғартады. Ұлттық қолөнерді дамытудың экономикалық тиімділігі де жоғары болмақ. Елімізге келген шетелдік туристер ең әуелі айқара көзге ұратын қазақтың ұлттық құндылықтарына айрықша қызығушылық танытатыны сөзсіз.

Ер – салт атқа мініп жүру үшін қолданылатын жабдықтардың бірі. Көне заманнан бері көшпелі халықтың өмір қажетіне сай қалыптасқан айрықша құрал - жабдық және өнер туындысы. Ұлы Абай:
«Ер қосқанға ұқсайды сөз сөйлемек,
Қиыстырып қиыннан айтсам демек.
Атқа жайлы, мінуге және ыңғайлы,
Алды - арты бірден келсін дөп - дөңгелек»,- дегенде ер қосу өнерінің аса қиын да, қажетті өнер екенін айтқан.
Сыртқы бітім ерекшелігіне орай ердің «қазақ ері», «: қоқан ері», «құранды ер», «ашамай ер», «қазық бас ер», «орыс ері» деп аталатын түрлері бар. Осылардың ішінде құранды ерден басқасы көбінде бес бөлікті қосу арқылы жасалады. Олар екі қас (артқы қасты көрсен деп те атайды), екі қаптал және бел ағаш (орта ағаш). Бұлардың ішінде қазақ халқы арасында көп тарағаны қазақы ер. Оның екі түрі әйелдерге және еркектерге арналған түрлері қолданылады.
Еркектерге арналған ердің сүйегі жұқа және ықшамды, өте жеңіл келеді. Мұндай ерлерді онша әшекелемейді, тек жасалуына көп көңіл бөліп, жете өңдейді.

Әйелдерге арналған ердің сүйегі ауыр, әшекейі мол, алтын, күміс, асыл тас, сүйек мүйізбен әшекейленеді.
Балаларға арналған ерді – ашамай дейді. Ер бала дүниеге келгенде қазақ оған арнап жаңа туған құлын бәсірелейді. Сол бәсіресі тай, құнан болғанда үкі тағып, ашамай жасатып, баланы мінгізген. Ашамайдың алдыңғы және артқы қасы, қос қапталы болады. Ашамайда үзеңгінің орнын қоржын тәрізді тоқылған немесе ақ киізден басылған тепшік қолданылады.

Ер - тұрман жасайтын адамды ерші дейді. Ершілер көбінесе ағаш ұсталығын, темір ұсталығын, зергерлік өнер мен үйшілік, тігіншілік, өрімшілік өнерін қатар меңгерген әмбебап шебер болып келеді. Ердің ағаштан жасалған негізгі бөлегін сүйегі деп атайды. Ағаш тапшы жерлерде ердің сүйегін бірнеше бөліктен қиюластырып, құрап, желімдеп жасайды. Оны "құранды ер" - деп атайды. Сол сияқты жуан ағаш дөңбекті екіге жарып, әр бөлігінен ер сүйегін тұтас шауып шығуға да болады.

Жасалуы: Құранды ер жасауға қайың ағашының безі (беріші, үйілі, көзі, оқырасы деп те атайды) өте қолайлы. Өйткені ол өте берік, әрі жарылып шытынамайды, қаңсымайды, өңделген кезде ағаштың табиғи өрнектері ашыла түсіп, өте әдемі болады.
Ер сүйегін тұтас шабу үшін тал, киіз терек тәрізді ағаштар қолайлы. Ағашты су күйінде өңдеп, ер сүйегінің нобайын келтіре, жеңілдете, жұқарта шабу жұмысында желден ағаш тез кеуіп, жарылып кетуі ықтимал.

Суға тұзды мол салып, қаныққан ертінді жасап, жұмыс істеуінде сол ертіндіге ер сүйегін әлсін - әлсін малып отырса, ағаш жарылмайды. Әзір болған ер сүйегін байырғы шеберлер сиырдың жас жапасымен орап, күн, жел тимейтін көлеңкеде бабымен кептірген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×